Ұстаздарға тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаздарға тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жақсы көңіл-күй жан тыныштығы»

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.Ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін - бірі кеңірек танып білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және күз мезгіліндегі шаршағандықтарын төмендетіп, алда келе жатқан мерекелері қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

I «Сәлемдесу».

ұстаздармен сәлемдесудің 6 түрлі эмоциямен айтылуы ұсынылады.

Қатысушыларға карточка таратылады.

Карточкадағы сөздер:

  1. Қорқынышпен

  2. Қуанышпен

  3. Беделді сәлемдесу

  4. Таңғалып сәлемдесу

  5. Ренішпен сәлемдесу

  6. II «Көңіліңді көтере біл»
    Ойыншыларға орындықта отырып билеуді ұсыну:
    А) тек аяқпен
    Ә) тек қолмен
    Б) тек баспен
    В) тек көзбен

III «Қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру»

Қойылатын сұрақтар.

Кім көңілді? (күлу, смайлик)

Кімнің шашы қара? (қолмен шашын серпіту)

Кімге ақша керек? (үш рет қол соғу)

Кім өзін бақытты деп санайды? (аяқпен дыбыс шығару)

Кімге үй керек? (қолмен үй көрсету)

Кім ақылды? (бас ұстау)

Кім сұлу? (екі қолмен беттері ұстау)

Кім мейірімді? (қос қолдап жүрек тұсын ұстау)

Кім өзінің мамандығын ұнатады? (екі қолмен тізесін соғады)

  1. IV Болжам-ойын «Менің бейнем».

      Нұсқау: қатысушылар слайд арқылы көрсетілген

бейнелерден біреуін ойша таңдайды. Негізгі 5 бейне

көрсетіледі: қоян, жолбарыс, сиыр, құс, тасбақа.

Таңдалған бейне бойынша оларға психологиялық мағлұмат беріледі.

Құс – бейне: Сіздің мінез -құлқыңыз 

айналаңыздағы адамдарға тәуелді. Өйткені, сізге өз ортаңыз қатты әсер етеді. Сіз эмоционалды жансыз, себебі сіз барлығын  көңілізге тікелей қабылдайсыз. Өз көңіл-күйіңізді тиімді пайдалануға ұмтылыңыз. Және сізде эгоизмдік қасиет бар. Сіз өзіңіздің бұл қасиетіңізді жоюға тырыссаңыз жақсыға ұмтылуға мол мүмкіндігіңіз бар.

Сиыр – бейне: Сіз әрқашан өз стиліңізді табуға ниеттенесіз.Соған орай, ортадағылар сізді қолдап, әрқашан сізді түсініп отырады. Осыған қарап, сіздің қатынасыңыздың жоғары екендігін байқауға болады. Сіз өзіңіздің еркіңіздің сипатына қарай қызық әрі нақты жұмыстарды жасай білесіз. Яғни бұл өзіңіздің еркіңізге күш салатындығыңызды көрсетеді. Және, сіздің мінезіңіз жағымды, барлық адамдар сізді жақсы жылы қабылдайды. Сондықтан сізде жағымды жаңалықтар көп болады.

Тасбақа- бейне: Сіз өзіңізге, ішке сезіміңізге үлкен жауапкершілікпен қарайсыз.Сіз өмірде, әртүрлі жағдайда өзіңіздің пікірлеріңіз бен көзқарастарыңызға дұрыс баға бересіз. Және әрқашан қатынаста тиімді жол таба білесіз. Егер сізде қиындық тап болса, сіз ол үшін көп әрекеттенесіз, яғни жағымсыздықтан тез арылуға тырысасыз. Себебі, сіз жағымсыздық әсерінен өз көңіл-күйіңізді реттей алмай қаласыз. Алға шынайы ниетпен талпынсаңыз, сіз жақсы нәтижеге қол жеткізесіз.

Қоян-бейне: Сізге өз көзқарастарыңыз бен принциптеріңізден бас тарту кейде қиынға соғады. Бірақ, сіз өз-өзіңізге тым сенімді емессіз. Демек, сізге ортада өзіңіздің батылдығыңыз керек. Осыған қарап, сіз ерік күшіңізді көп жұмсамайтындығыңызды аңғаруға болады. Ендеше сіз ерік күшіңізді пайдалана біліңіз. Ол сізге өзіңізді танытуға мүмкіндің береді. Табыстарға көп жетесіз.

Жолбарыс – бейне: Сіз өте белсенді адамсыз, сонымен бірге сіз ортада және басқа жерлерде сыйлысыз. Сізбен қатынаста болған адамдар сізді әрдайым жоғары бағалайды. Сіз айналаңыздағылар бір-бірімен дұрыс келісімге келсе және бір-бірін дұрыс түсінсе, сізге қолдау көрсетсе бақытқа жетуге болады деген ойға келесіз. Және сіз әрқашан бақытты өмір сүруге талпынасыз. Сондықтан сізде сәттіліктер көп болады.

VI Өлең жолдарын әртүрлі эмоцияда дауыс ырғағымен айтып көріңіз.

Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса
Ұйықтап қапты масқара

1.Сыбырмен

2. Қатты дауыспен

3. Тоңып тұрған тәрізді

4. Сіздің ұртыңызда кішкентай тас тұрғандай

5. Кішкентай қыз бала сияқты.

VII «Аңдар мен жәндіктер».

Қатысушыларға қағаз бен қалам таратылады. Әр қатысушы өздеріңізге ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазасыздар. Саны алтау. Осыдан кейін берілгент сөйлем арасындағы көп нүктенің орнына өздері жазған сөздерді рет-ретімен оқиды.

  1. Мені жұрт ........ деп ойлайды

  2. Мені ...... деп ойласа екен деймін

  3. Дәл өзім .....

  4. Мен жұмыста .....

  5. Жарымның алдында .....

  6. Негізі ......

IX«Нұрлы жүрек» жаттығуы: «Ұстаздармен сұхбаттасу жолы».Олай болса назарларыңызды экранға аударайық.Мінекей сіздерге бірнеше сұрақтар беріліп тұр. 
1. сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз қандай? 
2. сіздің қызығушылығыңыз қандай? 
3. сіз қандай оқушыны ұнатпайсыз? 
4. ең сүйікті мейрамыңыз қандай? 
5. өз мамандығыңыз сізге ұнайма? 
6. бос уақытыңызда немен айналысасыз? 
7. мұғалімдіктен басқа қандай мамандыққа барар едіңіз? 
8. оқушы бойынан қандай қасиет көргіңіз келеді? 
9. сізге ұнамайтын үйірмелер бар ма? 
10. Бүгінгі тренингтен алған әсеріңіз?
Тренер сөзі: Нұсқау: алдарыңыздағы А4 ақ қағазға әркім қос қолының суретін бастырып алады және саусақтарға өз жауаптарын жазып, ал есімдерін ортадағы жүрекшеге жазу керек. 
ІX. Қорытындылау

«Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,

Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.

Жарамды әнді тыңдасаң жаным еріп,

Жабырқаған көңілің көтерілер», - деп

барлығымыз қосылып «Жақсы адамдар» әнін орындасақ.

Әрдайым ән тыңдап, жақсы адамға лайық әрекеттер жасап, көңіл – күйімізді түсірмей көтеріп жүрейік!



Құрастырған: Мұғалжар ауданы. Сағашилі ЖББ ОМ педагог-психологы: Сарсенова Гульмира Орынбасаровна.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2020
800
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі