Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұстаздық еткен жалықпас..."

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰСТАЗДАРҒА КЕРЕК БОЛАР
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Тақырыбы: "Ұстаздық еткен жалықпас..."

Мақсаты: Жас мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін шыңдау. Өзара тәжірибе алмасу және бірлесе отырып шығармашылық жұмыс істеуге бағыттау. Мектептегі ең үздік мұғалімдер тобын анықтау көзделеді. Ойын арқылы қатысушылардың интеллектуалдық белсендігін, шапшаңдылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Интеллектуалдық Сайыс 

АКТны пайдалану: Интерактивті тақта, слайд.

Көрнекі-құралдар: естуге әуезді, әдемі музыка жазылған дыбыс, А 4 пішінді стандартты қағаздар, А 4 пішінді картоннан жасалған әріптер, кубик т,б. 

Сайыстың  барысы:

І. Ұйымдастыру.

         Қайырлы күн! Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар! Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен, "Ұстаз деген - ұлы есімге" қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің мұғаліміне қойылатын талаптың жүгі ауыр. Олар білімдар да білікті, өз ісінің майталман шебері болуымен қатар, жеке басының мәдениеті, парасаттылығы, адамгершілік тұлғасы тұрғыснда шәкіртке үлгі боларлық биіктен көрінуі шарт. Бүгінгі жас ұстаздар арасындағы педагогикалық шеберліктерін сынау сайысына түскелі отыр. Бұл сәт - біздің жастарымыз үшін тәжірибе алмасу сәті деп айтуға болады. Сондықтан бүгінгі сайыста ұстаздар маңызды жағдаяттарды, әдістемелік тиімді істерді, шығармашылық ізденістер нәтижелерін ұсынады.  

Балғындарға баянды,

Сырын төккен-ұстазсың!

Шәкіртіне аяулы,

Нұрын сепкен-ұстазсың!

Бәрімізді  бей-жай қылған тақырып,

Сырласайық ой-теңізін сапырып.

Батыл болсын,анық болсын пікірлер,

Сөз маржаны шықсын тыңнан атылып. -дей келе, "Ұстаздық еткен жалықпас..." атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.    

/Байқауды өткізу үшін алдын-ала мұғалімдерді үш топқа бөліп, оларға байқау жоспарын сай тапсырмалар беріледі. Қазылар алқасы сайланады/


І-топ: "Парасат"

ІІ-топ: "Ұстаз-мектеп жүрегі"

ІІІ-топ: "Ұстаз-мектеп тірегі"

1. Ширату кезеңі (Сұрақ-жауап)

Ұстазсың ба, болуың керек жан-жақты,

Кездестіресің өмірде талай сұрақты.

Білімділік керек саған, ұстазым,

Жылдамырақ тауып көрші жауапты.

Бұл кезеңде әр топтың мүшесіне үш сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 3 ұпай беріледі.

І топқа: Парасат тобы

1-ойыншы:

1. Я.А.Коменскийдің еңбегі (Ұлы дидактика)

2. Бес арысты атаңыз /М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Дулатұлы/

3. Қазақтан шыққан суретші қыз (Г.Исмайлова)

2-ойыншы:

1. Білім беру жүйесі немен анықталады? (сапа, дағды, нәтиже)

2. Білім берудің мазмұнын көрсетпейтін құжат (Сынып журналы)

3. Тарихтың атасы  (Геродот)

3-ойыншы:

1. Білімнің зайырлылығы қай құжатта?(Білім туралы Заң)

2. Қамшы сабын қандай ағаштан жасайды (тобылғы)

3. Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға байланысты білген?(Үркер)

4-ойыншы:

1. Мониторингтің мақсаты - (оқыту мазмұнын жетілдіру)

2. Үш бәйтеректі атаңыз (Сакен, Ілияс, Бейімбет)

3. "Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар! Кімнің сөзі? (Қайрат  Рысқұлбеков)

ІІ топқа: Ұстаз мектеп жүрегі

1-ойыншы:

1. А.Байтұрсыновтың жазған оқу құралы /Әліппе/

2. Ұйқы безінен бөлінетін гормон /инсулин/

3. Сабақты ұйымдастыруға кірмейтін форма /Үй тапсырмасы/

2-ойыншы:

1. ҚР еңбегі сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында берілетін орден /Халық қаһарманы/

2. “Ұстаздық еңбек” авторы (А.С.Макаренко)

3. Мемлекеттік рәміздер бекітілген күн /1992 жыл,4 маусым/

3-ойыншы:

1. Иллюзия- /шындықты қабылдаудың бұрмалануы/

2. “Есеп құралы”авторы (М.Дулатов)

3. Елбасымыздың  мамандығы /инженер-металлург/

4-ойыншы:

1. Қазақтың соңғы ханы /Кенесары/

2. Білім беру мекемесінің басты құжаты (Мектеп жарғысы)

3. Оқушыларды тәрбиелейтін бірлестік /сынып ұжымы/

ІІІ топқа: Ұстаз мектеп тірегі

1-ойыншы:

1. "Ел болам десең, бесігіңді түзе" кімнің сөзі? /М.Әуезов/

2. Адамның қай жеріне нан піседі? /Кеудесіне/

3. Сабақтың неше мақсаты болады? /3, білімділік, дамытушылық, тәрбиелік/

2-ойыншы:

1. Жеті жарғыны жазған кім? /Тәуке хан/

2. Білімнің дәнін тереді,

    Балаға тәлім береді.

    Ол кім? /Ұстаз/

3. Жүріс-тұрыстағы, қылықтағы, әрекеттердегі парыздылық туралы ілім? /Деонтология/

3-ойыншы:

1. Педагогикалық әдеп дегенді қалай түсінесіз? /Педагогикалық үрдісте әрбір оқу-тәрбие мәселесін шешуде жеке адамдармен не ұжыммен қарым-қатынас жасауда көрінетін кәсіптік сапа/

2. Көп түкірсе не болад? /көл/

3. Қазақтың ән өнерін алғаш шетелге танытқан әнші кім? /Әміре Қашаубаев/

4-ойыншы:

1. Қазақтың тұңғыш би өнерін дамытушы кім? /Шара Жиенқұлова/

2. Бөлінгенді не жейді? /бөрі/

3. Сабақтың түрлерін атаңыз /Дәстүрлі, дәстүрлі емес/



2 Жағдаяттан шығу кезеңі

Қане,ұстаздар,пікірлесіп қарайық,

Қилы-қилы ойды ортаға салайық.

Сан-салалы асыл ойлар тоғысып,

Толғандырған жайды шешіп алайық!

Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,

Шағылыссын найзағайдай шартылдап.

Бойда қайрат,алда арман шақырған,

Қолдап әсем жалын атқан жастық шақ!

Ұстаздық жолда талай қиналасың,

Қиналасың, артынан жол табасың.

Күтпеген жағдайларға кез боп талай,

Сол жағдайдан шыға алсаң, сыйлы адамсың!-дей келе келесі шартымыз жағдаяттардан, яғни тығырыққа тірелер сәттен жол тауып шығу сәті.

Барлығыңызға сәттілік дейміз!

І топқа: Парасат тобы

1. Ата-аналар жиналысында Сіз баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата-ана баласын жақтап, мұғалімдеді кінәлады. "Білім, тәрбие бере алмайсыздар",-деп ашуланды. Барлық ата-ана Сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?

2. Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Оқушылар байқап сізге ескертті. Қандай амал қолданасыз? Жаппай ұрысасыз ба, әлде басқалай амалдар қолданасыз ба?

3. Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінә деп тауып, оған рыса бастадыңыз. Қатты - қатты сөз айтыңыз. Бір уақытта басқа бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба, әлде екінші оқушыға ұрыса бастайсыз ба?

4. Сіз бүгін қандай да бір жағдайлармен сабаққа дайын емессіз. Сабаққа келсеңіз кісі қатысып отыр. Не істейсіз, жағдаяттан қалай шығасыз?

ІІ топқа: Ұстаз мектеп жүрегі

1.  Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып, мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?

2. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз.Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алды,не істейсіз?

3.Сізді бір жоғары кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырды. Сіздің әрекетіңіз?

4. Мұғалім оқулық таратуда. Самат үндемей оқулықты апайға қайтарып берді.

Апай:

-Не болды? Неге қайтардың?

Самат:

-Ол жыртық.

Сіздің пікіріңіз...

ІІІ топқа: Ұстаз мектеп тірегі

1. Бір оқушы дәптерін  бүлдіріп тастайды.Сіз, әрине,мықтап сөктіңіз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырды. Сол үйге жаңағы оқушы атасымен келді. “Ата,мынау менің апайым,бүгін маған ұрысты,”-деп есіктен кірер-кірместен айқайлап жіберді. Қалай  істер едіңіз?

2. Мұғалім сабаққа кіріп келді. Тақтада өзінің карикатурасын көрді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп,сабақ өткізбейді. Не істеу керек?

3. Ата-ана кеңес алуға мұғалімге келді. Оның 13 жасар қызы өте жақсы оқиды,үлгерімі жақсы. Бірақ соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселе туындап жүр.

Ескертулерге қыз:

-Сендер мені  жақсы көрмейсіңдер,үйден кетемін,-дейді.

  Ата-ана бұдан қорқып,қыздың барлық жағдайын жасайды. Бұл жиі қайталанады. Ата-анаға берер кеңесіңіз?

4. Сіздің класыңызда  бір оқушы қыз Мемлекеттік емтиханға боянып келді. Емтихан алушы бір  үлкен апай  бояуын сүртіп келуді ескертіп,шығарып жіберді. Оқушы үйіне кетіп қалды да, қайтып келмей қойды. Сіздің әрекетіңіз...

3. Интеллектуалдық жекпе-жек кезеңі

Бұл кезеңде 4 тапсырма беріледі. Әрбір тапсырмада артық сөздер бар, соны анықтау қажет. Есекерту: сөздер ағылшын және орыс тілдерінде

1 тапсырма. SARERE, OVEL,CPINLE, RAGWIND

LOVE Eraser, pencil, drawing

2 тапсырма.Кантас,журкак, жданеда,каретал

Стакан, кружка, НАДЕЖДА, тарелка

3 тапсырма. рареl, AKCE, annaba, anroega

Apple, CAKE, banana, orange

4 тапсырма. cebabag, ETMA, omtaot, ottaop

Cabbage, MEAT, tomato, potato

5 тапсырма.

Ekeptm orstp ummia g'l y'lqqoy

Mektep mug'alim SPORT oqy'lyq

4. Ойлан тап кезеңі. Бұл кезеңде қатысушылар сұрақтары бар кубикті тастайды, кубиктің қай беті түссе, сол бетіндегі сұраққа жауап береді. 1 дұрыс жауапқа 2 ұпай

1. Бұл-фламенко  мен  фиестаның елі.Олардың көпшілігі-котоликтер.Сондықтан болар діни меймандар ұлттық киім киіп,музыка және би шеруімен өткізіледі.Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді.Бұл қай ел?(Испания)

2.Бұл ел өздерінің ұлттық әдет-дәстүрлерін сақтап қалған.Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Мысалы,сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса,ежелгі университеттердің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас киіммен көруге болады.Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше(килт),аяғына темір таспалы дөрекі башымақ киеді.(Ұлыбритания)

3.Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлесқосқан елдің бірі.Олардыңәсіресе музыка саласындағы жетістіктері таңғалдырады. XI ғасырда монах Г.Ареццо нотаны ойлап тауып,жеті нотаға ат береді.XVI ғасырда бұл елде алғашқы опера дүниеге келді.Сонымен бірге сауық сүйгіш және көпшіл елге жатады.Діни және т.б мейрамдарды міндетті түрде атап өтеді. Ішіндегі ең маңыздысы Рождество. Сыйлықтардың тарататын кемпір-Бефана.Жаңа жылға қарсы ескі заттың барлығын терезеден лақтырады: ыдыс-аяқ,киім,жиhаз,аяқ-киім т.б.Ал көктемдегі мейрамдардан Пасха мен негізгі кейіпкерлері Арлекин,Пьеро,Пульчинелло болып саналатын карнавалды  жақсы көреді.(Италия)

4.«Әлия» әні Роза Рымбаеваны әлемге әйгілі етті. Ол 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанған. Қалай ойлайсыз, көптеген марапаттарымен қатар, Роза Рымбаева қай екі көршілес елдің еңбек сіңірген әртісі атағына да ие болған?

Сұрақ: Осы елдерді атаңыз.

Жауап: Қырғызстан мен Өзбекстан

5. Қазақтың біртуар «Дос-Мұқасан» вокалды-инструменталды ансамблінің «Той жыры» (басында «Той үстінде») әні осы ансамльді құрушыладың бірі Мұрат Құсайыновтың үйлену тойына арналған. Тойдың болатыны бір ай бұрын белгілі болса да, жігіттердің тойға тарту әні той болатын күні ғана жазылған.

Сұрақ: Қалай ойлайсыз, бұл ән қанша уақыттың ішінде жазылды?

Жауап: жарты сағатта.

6. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінің саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі және араб тілі. Осы тілдердің төртеуі және бір халықаралық ұйым Интерполдың да ресми тілдері болып табылады.

Сұрақ:Жоғарыда аталған алты тілдің ішіндеИнтерполдың ресми тілдеріне жатпайтын тілдерді атаңыз.
Жауап:.Қытай және орыс тілдері.

5. Логика әлемінде кезеңі

Бұл кезеңде әрбір топқа 5 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап 5 балмен есептелінеді.

І топқа: Парасат тобы

1. Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6-ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді.Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді? Шешімі: Бөренелердің біреуін 6-ға бөлу үшін 5 рет кесу керек. 1бөренеге- 5минут, 6*5=30 минут.

2. Аңыз бойынша «Аяз Атаның мекені».(Лапландия)

3. Қазақтың тұңғыш саяхатшысы Ш.Уәлиханов өз жазбаларында«Бұл жерде соққан желдің күшіне қарсы салт адам да жүре алмайды.Желдің әсерінен Алакөл мен Сасықкөл бетінде 5-6 м толқын көтеріледі»деп жазады.Сайқан, Ебі желдері соғады.Осы жер арқылы Қазақстан мен Қытай байланысады.    Дұрыс жауабы: Жоңғар қақпасы 

4.Асан қайғы атамыз осы екі тауды көргенде:«Мына шіркіннің топырағы құтырған екен,оған шыққан шөп құтырады,оны жеген мал құтырады,оның етін жеп,сүтін ішкен адам құтырады Кісі өлтіру,төбелес көп болатын жер екен»-деп,бұл жерге аялдамай кетіпті.Асан қайғы қай тауларды айтқан?Бақанас,Шаған,Ащысу өзені бастау алады.Осы өңірде Абай туған.

   Дұрыс жауабы: Шыңғыстау мен Семей таулары.

5. Оны жерден көтеру оңай, лақтыру қиын

Ол не? (мамық)


ІІ-топқа Ұстаз мектеп жүрегі

1. Бір қыз сақинасын кофе толы шыныға түсіріп алды, бірақ сақинасы құрғақ күйінде шықты. Ол қалай? (Кофе түйіршік немесе ұнтақталған)

2. Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді. (Озон)

3.Гүлдер елі. (Голландия)

4. .Халық арасында мынадай аңыз бар.Өте ертеде,қазақтар далада көшіп жүрген кезеңінде шыңда бір тау-бүркіт өмір сүреді.Ол сұлтандардың жағымсыз қылықтарына қырғи көзімен қарап отырады.Сұлтандар осы бүркітті атайын десе,оқ құс ұясына жетпейді.Кейбіреулері ұясына шығып өлтірейін десе де шыға алмайды екен.Бұл қай жер?Биіктігі 950 м Сарыарқаның солтүстігінде,Көкшетау маңында орналасқан.

   Дұрыс жауабы: Оқжетпес  

5. Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған.Сондықтан оны «жылан өсімдігі» деп атаған.Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Дұрыс жауабы: Сарымсақ


ІІІ-топ Ұстаз мектеп тірегі

1. Шикідей жемейді. Піскен соң қоқысқа тастайды. Бұл не? (лавр жапырағы)

2. Электр энергиясын өндіретін,
Үйіңе жарық ендіретін,
Ротор стартордан құрылымы,
Кім айтады мұндай құрылғыны? Жауабы: Генетатор

3. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? Жауабы: Бір ғана мотоцикл

4.1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісінің ызғары Маңғыстауға да келіп жетті. .

Сұрақ: 1989 жылғы Жаңаөзен қаласындағы оқиға сол жылдың қай кезінде болды?

Жауап: 17-18 маусымда.

5. Үйректер ұшып келе жатыр: біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында және үшеуі қаз-қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатқанын есептеңдер. (3)


Қорытындылау

Осымен, жас ұстаздар, болашақ ұстаздар қадамдарыңа гүл бітсін. Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз. Өнерлеріңізге нұр жаусын демекпіз. Бүгінгі педагогикалық шеберлік тәжірибесіне жоспарланған сайысымыз аяқталып қалды. Сайыс қорытындысын шығару мақсатында сөзді қазылар алқасына береміз. XXI ғасыр білім ғасыры. Еңсесі биік егеменді елдің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал ұл-қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!



14 жалпыға білім беретін орта мектеп кмм














«Ұстаздық еткен жалықпас»

Интеллектуалдық сайыс

Жас мұғалімдер арасында



Өткізген: Карджаубекова Салтанат

















Жаңаөзен қаласы

2018-2019 оқу жылы

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12