Ұстаздық еткен жалықпас

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаздық еткен жалықпас

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға педагогикалық философиясын жазғанда қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаздық еткен жалықпас...

Ұстаз үйрену барысында

ғана ұстаз, ал үйрену тоқтаған

күні ұстаздық тоқтайды.

К. Ушинский

«Ұстаз» не бәрі бәрі бес-ақ әріптен құралған сөз болса да, бұл сөздің мағынасы тереңге бойлайды. осы сөздің мағынасы қаншалықты терең десеңші!

Ұстаз-ұлағатты жан. Қиянатқа, қатыгездікке жол бермейтін парасатты да, абыройлы жан.

Ұстаз-бала бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға.

Ұстаз-оқушы жанын нұрландырар және білім шырынымен сусындатар жан.

Ұстаз-үлгілі, өнегелі жан, шәкіртіне білімді үйретуші.

Демек, ұстаз сегіз қырлы, бір сырлы болса керек. Ұлы Абай данамыз: «Адамның адамшылығы ... жақсы ұстаздан болады»,-деп айтып кеткендей, меніңше, кез келген адам баласы мұғалімдік мамандығын таңдап, ұстаздық жолына түсемін деп батыл қадам жасай алмайды. Себебі, ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көрген, білген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтай алатын, алғыр да шешен, білімге құштар, еңбекқор, ар-намыс, ұяты бар, шәкірттеріне жақсылық пен ізгілікті іс көрсете алатын, қорқыныш пен жасқануды білмейтін ержүрек, мейірімді болу керек. Яғни, біздің жас ұрпақтың тағдыры тікелей мұғалім қолында болғандықтан, мұғалімнің бойында осы қасиеттер болуы тиіс деп ойлаймын.

Міне, ұстаздық- ең күрделі де, бірақ ең ғажайып та мамандық. Ал, мен осы ғажайып мамандықты таңдадым .Себебі, осы мамандықты таңдауымның бірден-бір себепкері өзімнің Анам болды. Мен кішкентай балдаурен кезімде мектеп қабырғасында жүріп өстім. Анаммен бірге еріп жүріп, анамның сабақтарын көріп жүріп, мен ұстаздықты сүйдім. Анамның сабақ өту барысы, сөздері, ерекше мұғалімдік мінезі маған керемет әсер беретін. Сондықтан да мен өз қатарымдағы достарыма сабақ беріп, баға қойып, мұғалім болып ойнауды ұнататынмын. Ал, соның ішінде қазақ тілін таңдауымның себепкері- Есдәулетова Қапуза Есдәулетқызы болды, мектеп қабырғасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген ұстазым. Себебі, қазақ тілі сабағы қызықты да, есте қаларлықтай өтетін, сүйікті пәнім болды.

Қазақ жазушыларының еңбектерін қызыға оқитынмын. Студенттік шақтарда сол шығармалардың М. Әуезов драма театрында қойылымына баратынбыз. Театрдағы көріністе шығармадағы кейіпкерлердің дәл өзін көргендей әсер алатынмын.

Қазақ тілі-қашан да құдіретті, қасиетті тіл. Қазақ тілі-қазақтың ұлы ақыны Абай данамыздың, ұлы жазушы М. Әуезовтың, жыр жазушысы І.Жансүгіровтың, сұлу да көркем тіл иелері С. Сейфуллин мен

М. Жұмабаевтың тілі десек болады. Сондықтан ананың ақ сүтімен бойға сіңген тілімізді шәкірттеріміздің терең меңгеруге жетелеу – менің өз ұстаздық жолымдағы алға қойған басты мақсатым деп білемін. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде мен өз ана тілім қазақ тілін сүйсіне отырып құрметтеймін. Оның жеке қасиеттерін, ерекшеліктерін оқушыларыма ашып, насихаттауға тырысып күш саламын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
332
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі