Сәнімкүл Есболқызы
Қызылорда
облысы, Қазалы ауданы
№204
мектептің тарих,құқық пәні мұғалімі
<<Ұстаздық еткен
жалықпас>>...
<<Ұстаздық
еткен жалықпас>>...деп Абай атамыз
айтпақшы, өзімнің ұстаз мамандығын
таңдағаныма сондай риза боламын. Әрине,
мұны тек жанымен түсініп, ұғатын нағыз
ұстаз ғана деп ойлаймын.Ал ұстаз болу
–бұл әркімнің қолынан келе бермейтін
мамандық.
Әрбір
үйдің еркесі мен тентегін тәрбиелеп,
адами қасиеттерді бойына сіңіріп
,білімді де,білікті азамат ету тек
ұстаздардың ғана қолынан келеді. Сүрінсе
сүйеп, өмір баспалдағынан тәй –тәй
бастырып <<өмір атты алаңға
>>шығарып<<самғап
ұш>>-дейтінде-ұстаз.Шәкіртінің қанаты
талмай қияға шыққан сайын, сырттан
бақылап, қуанатын да ұстаз.Кез келген
лауазым иесінен интервью алса, ,<<алғашқы
ұстазым>>,<<ақылшым да ұстазым>>,<<жол
сілтеуші де ұстазым>>, т.с.с толып
жатқан ең құрметті айтуы да тегін емес.
Кім болса да –жасына да, беделіне де,
қоғамдық қызметіне де, атақ –даңқына
да қарамай ұстаз алдында шәкірт болып
қала берері сөзсіз ақ белгілі ғой. Ендеше
ұстаз атағына ие болу үшін жалықпай,
талмай, өмір деген өрмен бірге өрлеп
еңбек етсең, –оған ұйқысыз өткізген
түндер мен тынымсыз күндеріңді қоссаң,
өз көз жанарың азшылық етіп, қосымша
жанар арқылы шұқшия қарап, бала қателігіне
дәрі іздегендей том–том кітапты
аударсақ,талып барып орнына жете алмай,
дәптер үстіне басыңды еріксіз қойып,
ұйықтап кеткеніңді қоссаң әлі де аз
сияқты. Иә,иә,аз сияқты дейтінім–
шәкіртің қателессе де, қиын мінез
көрсетсе де, жаман әдетке жақын болса
да,қоғамдық тәртіп бұзса да,ата–анасын
тыңдамаса да,жауапқа тартылса да,жетем
деген жеңісіне жете алмаса да, қарны
аш, киімі бүтін болмаса да,өзіңді яғни
ұстазды іздемей ме? Ол тегін емес, себебі
ұстаздың берген ақылы, жылы сөзі,елжірей
қараған көз жанары мен қанатымен су
сепкендей созған қолы,жазған сәлемі,тіпті
қойған қатал талабы да оны сол құрдымнан
алып шығады емес па? Сондықтан да болар
,шәкірті ұстазын көргенде балаша қуанып
, табысқа жетсе алғыс айтып, мәңгі есіне
сақтайтыны.
Бірақ
кейде осы бір ардақты атақтан қиындыққа
шыдамай ,әлеуметтік жағдайдың,тіршілік
күйбеңінің артынан амалсыз кеткендердің
өзі тақта алдын,шәкірттердің шуын ,
тентектігін сағына еске алып , тіпті
айналасындағы балаларға ұстаздық ақыл
айтып , комек беруге тырысатыныда
ұстаздың қасиетті қылығы емес пе деп
ойлаймын. Сондықтан да болар <<Ұстазы
жақсының–ұстамы жақсы>>дейтіні
халқымның.Өзімнің де ұстаздықты
таңдауымның басты себебі де содан болар.
Оған отбасымның ақыл кеңесі себепші
болды ма,1990 жылы Алматы Қыздар педагогикалық
институттың тарих, құқықтану факултетін
бітіріп, тарих және құқықтану пәні
маманы болдым.
Оқушылардың
дүниетанымының негізі болатын тарихи
сананы,адамзат дамуының ежелгі заманнан
бүгінгі күнге дейінгі тарихи білім
негіздерін қалыптастыру, отандық тарихты
әлемдік даму кеңістігінде оқыту және
қоғамдағы қиын сәттерді заңмен, заң
тұрғысында жеңе білуге, адам құқығын
сыйлай,өзінің және өзгенің құқығын
қорғай білуге үйретсем деген арман мен
білімімді Қызылорда облысы,Қазалы
ауданында 1990 жылдан еңбек етіп, білімді
ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосудамын.Өз
басым білім беру мен тәрбиені бір сәтте
бөлген емеспін. Себебі, <<Адамға ең
бірінші білім емес,тәрбие берілуі
керек, тәрбиесіз берілген білім –азаматтың
қас жауы,ол келешекте оның барлық өміріне
апат әкеледі>> деп әлемнің екінші
ұстазы Әл –Фараби айтқандай, алған
білім терең болса, адами қасиеттермен
қаруланса, біліктілік пен жоғары мәдениет
өзінен–өзі қалыптаспай ма деп ойладым.
Мен
еңбек етіп жатқан Ыбырай Алтынсарин
атындағы №204орта мектепте оқушыларға
терең білім алу үшін кітапхана залы,
мәдени шаралар өткізетін мәжіліс залы,
ыстық тамақпен қамту үшін асхана бар.
Қызықты да мәнді өткізілген тәрбие
жұмыстары –заңгерлермен,ішкі саясат
орталығымен кездесулер, түрлі сайыстар,
байқаулар оқушылардың өз өмірін мақтан
тұтып бастауына жетелейді.
<<Ақырын
жүріп ,анық бас еңбегің кетпес далаға>>
деген ұлы Абай өсиетінің мәні осы ма
деймін.Мектебімізде сан салалы жұмыс
нәтижесі қалалық, облыстық, Республикалық
сайыстардан көрінуде. Әрбір сайыстардан
оқушылардың жүлдесіз оралған емес. Оның
үстіне мектеп директорық Төребай
Шермахановтың әрбір іс–шараның өтілуі
мен нәтижесін ,сайыс барысын,оқушы
белсенділігін, тәртібін, білімін жіті
қадағалап бағалап,мадақтап,сыйлықтармен
марапаттап ақыл –кеңес беруден жалыққан
емес.``Әрбір өткізілген іс–шара шәкірт
жүрегінен орын алып, өміріне жолдама
болсын , біліміне білім қоссын`` деп
отырады.
Міне,
осындай үздіксіз білім беру саласында
30 жылғы өмірімнің зулап өте шыққанын
сезбей де қалыппын. Шәкірттеріме
<<Ұстазыңды, ұстазың айтқан ақылды
ұмытпа, сендерсіңдер ел болашағының
тірегі, сендермен Елбасы мен халықтың
сенімі ақталды,еліміз өркениетті елдер
қатарына қосылады, ұстазыңның сенімін
ақта,сәт сапар саған,шәкірттерім!>>демекпін.
Ұстаздық
еткен жалықпас
Үйретуден
балаға,
Ақырын
жүріп, анық бас,
Еңбегін
кетпес далаға –деп ұлы Абай өсиетін
қайталай жас, жаңа келген ұстаздарға
<<Ұстаздық жолың құтты болсын!>>
демекпін