400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаздық еткен жалықпас

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой-қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Сапалы білім ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгінгі мектеп партасында отырған бүлдіршін шәкірт – ертең ел тағдырын шешетін азамат.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе


Ұстаздық еткен жалықпас


Бақытгүл Мусакиева

ШҚО.Жарма ауданы «Бірлік орта мектебі»КММ-ң

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Баланың ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек. Ж.Аймауытов.


Хан бол, мейлі қара бол,

Дарын бол, мейлің дана бол.

Өтетін бәрі алдыңнан

Психолог жолы-дара жол

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді; қол созсаң – қарсы алдыңда, айналсаң – артыңда тұрғандай» деп Сократ айтқандай, егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қоюда.

Ұстаз саяси сауатты, жан-жақты білімді, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне ұялата аларлықтай шебер әдіскер болуы керек.«Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға»-деп Абай айтқандай, ұстаз шәкіртіне білім беру жолында үлкен сындардан өтеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев : «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін, сіздер, ендеше өздеріңіз де көп оқыңыздар,ізденіспен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Ең басты рухани тоқыраудан сақтаныңыздар. Өйткені, елдің ертеңгі тірегі-кейінгі жастар. Олар заман талабына сай білім алуы тиіс. Заманның беталысы бізге жаңа талаптар қойып отыр»-деп айтқан болатын. Заман өзгеріп жатыр, біз де өзгеруіміз керек. Біздің міндетіміз-әр шәкіртті мектеп қабырғасында өзінің болашағын айқындай алатындай етіп оқыту мен тәрбиелеу. Алдымызда отырған ұрпаққа адамдық асыл қасиеттерді сіңіріп, өмір талабына сай заңдылықтарды түсіндіру, үйрету. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру.


Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой-қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Сапалы білім ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгінгі мектеп партасында отырған бүлдіршін шәкірт – ертең ел тағдырын шешетін азамат.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деп Абай айтқандай, озық ойлы білімдар адам заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосары сөзсіз..

Баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру – әр мұғалімнің мақсаты болғанда ғана нәтижеге жетеміз..

Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготский: «Дәстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, дамудың соңында жүрсе, жаңаша оқыту дамытуды өзімен бірге ала жүреді»- деген.

Оқушы дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, әрқашан ізденісте болса, жетістікке жетуі заңдылық.

«Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы.»- деп А.Сухомлинский айтқандай, баланың қызығушылығын оятуға, білімін жетілдіруге, мағынаны тануға ой-толғанысқа құрылған сабақ оқушының есінде көп уақыт сақталады.

Естігенімді - ұмытамын ,

Көргенімді –есте сақтаймын,

Өзім істегенімді – меңгеремін-деген Конфуцийдің сөзі осыны меңзейді. Білім беруді жаңартудың негізгі талабы да осы мәселелерді жүзеге асыруда болып отыр. Бүгінгі оқытудың жаңа жүйесіне көшу әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе екені баршаға түсінікті.

Кезінде Мағжан Жұмабайұлы: «...Мектепте оқыған адам білімді құшақтап алып, тұрмыста жарамсыз болып шықпауын, бала нені білсе де, көзімен көріп, қолымен ұстап, мүмкін болғанынша өзі істеп білуін қолдаған. Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы болуы» керектігін айтқан.

Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, ондағы өз орнын анықтауын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететіні әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

Ақын ағамыз М.Шаханов өзінің бір өлеңінде:

Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпаны?

Ұлан-байтақ жерімізде жарты адамдар қаптады.

Қайда барсақ, көз алдыңда өнеге боп жарқылдар,

Жарты ұстаздар, жарты бастық, жарты қыздар, жарты ұлдар,- деп налыпты.

Адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім екендігін ұмытпаған абзал. Ұстаз әрқашан оқушылар үшін өмір сүреді.Ұстазы мықтының - ұстанымы мықты. «Білімсіз адамгершілік молаймайды, біліімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды » - деп Әбу Насыр әл- Фараби айтқандай, білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу –ұлағатты ұстаздардың еншісіне тиген жауапты іс.

Ежелгі ойшылдар: Әр психолог маманы – әлемнің жарығы, оның шырағы үздіксіз жарқырап тұрған жағдайда ғана басқа шырақтарды жандыра алады»,- деп психолог еңбегін аса жоғары бағаласа, ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені, мұғалім мектептің жүрегі»,- деген.

Ұстаз! Ұстаздық – ұлы іс. Ұстаздық ету – өзіңнің уақытыңды аямау,өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да атқара алмайды.

Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегіне баға жетпейді. Ұстаз – ұлағатты, қасиетті тұлға. Ұстаз-мектептің айнасы, бәйтерегі. Өркениетке апарар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі –ұстаз. Ұстаз – ізгілікке жол сілтеуші. Ол үнемі барлық жаңалықтардан хабардар болып, оны оқушыларға жеткізуші. Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді.

Ұстаз деген – адамдардың алтыны,

Тимес оған уақыттың салқыны.

Білім кенін құйып беріп кеудеңе

Шәкіртімен бірге өтер бар күні.

Ұстаздық – ардақты мамандық. Ұстаз қайбір шәкірттің болмасын жүрегінде сақталады. Ұстаз... Осынау сөзде қаншама мән бар десеңізші! Дүниедегі барлық адамдар, мейлі дәрігер, мейлі дарынды ойшыл, ғарышкер, жүрек жұтқан батыр болсын – бәрі бір адамға, ұстазға қарыздар.Ұстаз өз бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттерінің бойына сіңіріп, тер төгеді.

Ұстаз деген – адамзаттың данасы

Әр оқушы - оның тәтті баласы.

Өмірдің бар парасатын үйреткен

Ұстаздардың биік болар бағасы.

Дүниедегінің бәрі өткінші, бәрі де тозады, тек білім ғана мәңгілік,бәрінен де озады. Білімін шәкіртіне нәр ғып берген ұстазда арман бар ма?



Адам жанын түсіну әркімнің қолынан келе бермейді. Сол үшін де қазіргі бұлтарысы көп, адамның бірін-бірі түсінуге уақыты жоқ заманда психолог мамандығы ауадай қажет деп ойлаймын. Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі- тіл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі