Нұр-Сұлтан
қаласы
Ғафу Қайырбеков
атындағы
№2
мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Айтакова Анар
Бекболатовна
«Ұстаздық еткен
жалықпас».
Ұстаз болу – жүректің
батырлығы, ұстаз болу – сезімнің ақылдығы ұстаз болу – мінездің күн
шуағы, ұстаз болу – адамның асылдығы,
— деп ақын Ғафу Қайырбеков
жырлағандай, ұстаздық – көп мамандықтардың ішінде жан-жақты
білімділікті, икемділікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті
қажет ететін мамандықтың бірегейі. Себебі, ұстаз үнемі
шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем, меңгерсем
деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық ететін тұлға.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана
қоймай, сол білім, ғылымды өмірде қолдана алуына жағдай жасап
тәрбиелейді. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан
келеді.Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза
ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық
шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық
пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске
батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас
жүрекке мәңгі ұстаз болып қалатыны сөзсіз. Ұстаздың осыншама
қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір
шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас
жасауында деп ойлаймын. Табиғатына сай әр
ұстаздың әсерлі үнмен асықпай,
мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың белгісі,
аналық, әкелік сезімнің күші, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай
болады.
Ұстаз болу бала кездегі
арманым еді. Мектептегі ұстаздарымның берген білімі мен тәрбиесінің
арқасында ұстаз – мектептің айнасы, бәйтерегі екендігін жете
түсіндім. Сол бала кездегі қызығушылық мені арман- қиялыммен
жетелеп, мұғалім мамандығын таңдауыма септігін тигізді. Бүгінгі
күні ұстаз мамандығында еңбек еткеніме 15 жыл болды. Қиыны мен
жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолымдағы өмірілік
ұстанымым - әрқашан шығармашылық ізденісте, ой қозғалысында болу.
Әр мамандықтың өз ерекшелігі мен қиындығы болатынын ескере келе,
ұстаздардың ішінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің қазіргі
қоғамымызда жүгі ауыр. Себебі болашақ ұрпаққа мемлекеттік тілді
үйрету, тіл білімінің әр саласын оқушы санасына терең сіңіру, сөз
өнерін қадірлеуге тәрбиелеу, қазақтың ақын-жазушыларының өмірі мен
шығармашылығын көркем тілде жеткізу – филолог маманның
міндеті. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани
дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы
іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп
қалыптастыру»,- деген еді бір сөзінде.
Бұл міндетті жемісті орындау
үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыру үшін оқытудың
көптеген жаңа әдіс-тәсілдерін өз іс- тәжірибемде ұтымды
пайдаланудамын. Бүгінгі таңда жаңа форматтағы ұстаздар оқушыға
мәліметті үйретуші, ақпарат таратушы, бақылаушы, тексеруші емес,
керісінше оқушының өзін іздендіруші,зерттетуші, өнертапқыш,
шығармашыл тұлға ретінде қалыптастырушы болу керек. Себебі,
мемлекет мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесі негізгі
фактор болып саналуда. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның
өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту,
«Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға
қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы жаңа форматты мұғалімінің кезек
күттірмейтін міндеті болмақ.
«Ұстаз» сөзінің екі түрлі
сипаты бар екендігін біріміз білсек, біріміз білмеспіз...
Біріншіден, ұстаз белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы болса,
екіншісіден, жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам.
Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол
сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай
ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының
қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді,
тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне
үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін жүрегіне жақын ұстазым деп атай
алады. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық
бас,
Еңбегің кетпес
далаға.
Ұстаздық еткен
жалықпас,
Үйретуден балаға,- деген өлең
жолдары еріксіз ойға оралады. Мен ұстаздық қызмет етуді өз басым
үлкен мәртебе деп санаймын. Болашақ ұрпаққа саналы тәрбие мен терең
білім беру, әр оқушының жетістікке жетуін көру және оған шексіз
қуану, әр оқушы мен ата-ана алғысын алу- мен үшін ұстаздық еңбектің
жемісі болмақ!