Егер өмір алтын болса, зергері –
мұғалім,
Егер өмір теңіз
болса, гауһары – мұғалім.
Егер өмір жүзік
болса, көзі – мұғалім,
Егер өмір ақын
болса, сөзі –
мұғалім
Шухрат
Мұғалім… Бұл сөзде қаншама мән-мағына бар! Әр
адамның өмірінде «мұғалім» деген сөз ерекше орын алады. Бәрі де
балабақшадан
бастау
алады. Ал балабқшада барлығы тәрбиешіден басталады. Білім
саласына қандай да бір өзгеріс енгізілсе де, құрал- жабдықтармен
қамтамасыз етілсе де, ең бастысы мектептегі өзгермейтін ол –
мұғалім.
Жаңашыл мұғалім қандай болуы
керек?
Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында,
мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің
бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер
едім» деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы
мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының
ұлысы.
Менің көзқарасым бойынша, жаңашыл
ұстаз ол өзіне де, балаларға да ыңғайлы кеңістік жасайды. Ол
үшін білім беру мен тәрбиелеу барысында ата-анамен,
әріптестерімен, балалармен тығыз қарым-қатынаста болу
керек. Сонда ғана болашағымыз жаңа да жарқын болып, жан-жағымызға
«жаңа көзқараспен» қараймыз.
Президентіміз Кемелұлы Тоқаев қай кезде болмасын
ұстазға үлкен құрметпен қараған. Ол «Ел болашағының кілті – бүгінгі
жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры – олардың бойына білім
мен ізгілік нұрын себуші ұстаздардың қолында. Тек жоғары сауатты,
дарынды, дана әрі отансүйгіш тәрбиеші ғана лайықты ұрпақ
тәрбиелеп шығара алады» деп бірегей тұлға – ұстазға деген құрметі
ерекше екендігін білдірген болатын.
Мен Маңғыстауоблысы, Түпұараған ауданы, Ақшұқыр ауылында «Бәйтерек» балабақшасында
ересек тобында
тәрбиеші болып қызмет атқарып
келемін.
Өз қызметім барысында:
біріншіден, баланың өз-өзіне сенімді болуына көмектесемін;
екіншіден, балаларды шынайы жақсы көремін; үшіншіден, балаларды
қолдап, бастаған істеріне көмек қолымды ұсынып, дұрыс жолын
көрсетуге тырысамын; төртіншіден, балалардан жақсылығымды аямаймын;
бесіншіден, орнымен еркелетіп, өзімнің көмекшім етіп аламын. Және
соңғысы тәрбиеленушілеріме өз шуағымды, мейірімімді
сыйлаймын.
Қазіргі уақытта оқыту үрдісі
жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді.
Балабақшада шынайы жаны ашитын тәрбиеші ретінде өз тәжірибемде
көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездесіп, күресіп
отырамын. Әрдайым балабақшадағы әдістемелік бірлестік,
тәжірибелі әріптестерімнің сабақтарына барып кеңес алуға тырысамын.
Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр
тәсілдің өзіндік артықшылықтары
болады.
Сабағымда жеті модульді
қолданамын, яғни топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, оқыту үшін
бағалау және оқу үшін бағалау, талантты және дарынды балалармен
жұмыс жасау. Нәтижесінде әр бала ынтымақтастықпен жұмыс
жасауға дағдыланады; бірін-бірі үйретуге машықтанады; әр түрлі
көзқарастарды салыстырады, сынай алады; басқалардың пікірлерін
құрметтеуге, бағалауға үйренеді; ойлау, болжау, қиялдау
қабілеттері артады; өзін-өзі ынталандыра алады; білім алуға деген
ұмтылыс пен қызығушылықтары ашылады; білімдерін тереңдетеді және
шоғырландырады.
Жаңаша оқыту – заман талабы,
сондықтан өз білімі мен біліктілігімді жетілдіру – басты
мақсатымның бірі. Курстардан үйренгендерімді
оқу
қызметі барысында үнемі
қолданамын.
ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз
халыққа арналған Жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірелері анық. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз
әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы
заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз»
деген болатын.
Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі.
Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі
ұстаздардың қолында.