400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Ұстаздық ұлы мамандық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі тәрбие ісі орынбасарлары мен тәлімгерлерге және сынып жетекшілеріне арналған сыныптан тыс шараға бағытталған тәрбие сағатының сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

СЦЕНАРИЙІ.

Жүргізушілер: 1.Жәмиев Нұрбек

2.Сатанова Нұргүл

Жас мұғалімдер вокалдық эстрадалық тобының орындауында «Ұстазым» әні.

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті де аяулы ұстаздар!
Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.

2 - жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иелік мәңгілік!

Ж.Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл - қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол. Төл мерекелеріңіз құтты болсын дей отырып, білім саласында қажымай еңбек етіп, тер төккен аяулы да, абыройлы ұстаздарымыздың көңілдерін бір сәтте болса көтеріп, қуантайық деген ізгі ниетпен өткіөгелі жатқан шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ж. Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған, кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны», «Бала жанашыры». Иә, бұл мектеп мұғалімі - ұстазға арналған теңеулер, бұл тізбектің шегі барма екен десеңізші. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, өздеріңізге арналған даналық сөздері тұтас бір кітапқа айналары сөзсіз. Ардақты ұстаздар қауымы, мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіптеріңізге сәттілік тілейміз.
Сен қалай ойлайсың, ------------------? Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Өйткені, ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы қажет. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Ж. 2 - жүргізуші: Иә,-------------------, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - жүректің батырлығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы,- деп ақын Ғафу Қайырбаев ағамыз жырлағандай, біздің мектебіміздің сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Ж.Олай болса жаны жайсаң бала бағбаны аяулы ұстаздарды төл мерекесімен құттықтау сөз-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Марапаттау.

Ж. Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар,
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар!
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар!

Ән: Қарашатау орта мектебінің музыка пәнінің оқытушылары Еркін жұбымен

Құттықтау сөз:

Марапаттау.

Ж. Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың. Би: Жас мұғалімдер тобының орындауында «Қазақ биі»

Құттықтау сөз:

Марапаттау.

Оқушылардың сәлемдемесі.

Болса менің кішкене бір табысым,
Қорғағаным ұстазымның намысын.
Ұстазымша білсем деймін өмірді,
Ұстазымша болса деймін әр ісім.

Мектеп басшыларының хор ұжымының орындауында «Ұстазым»әәні.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.12.2017
982
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі