Ұстаздық
–ұлы мұрат
Эссе
Ұстаздық
еткен жалықпас- үйретуден балаға
/Абай/
Мен
Бегжан
Еркебұлан Бақытжанұлы
1995
жылы 27-ші
шілдеде
Алматы
облысы
Райымбек
ауданы
Кайнар
ауылында дүниеге
келдім.
Алғаш
рет 2002
жылы Кайнар
орта мектебінің
табалдырығына
қадам
бастым. Оқыған мектебімде маған бағыт
бағдар берген алғашқы ұстазым- Нұрсадық
Асхат. Ұстазымның әрбір іс-қимылы,
сөйлеген сөзі, өмірден түйгені
барлығы-барлығы мені адамгершілікті
сақтауға, әрдайым өз бет-бейнеңді сақтап
екі жүзділіктің ауылынан алыс жүруді
ұғындырды.Ол кісі әрдайым, әр сабағында
жаны сұлу, таза болмаған адам ұстаздық
жолға түсе алмайды,- деп айтып отыратын.
Шәкірттің асыл арманына екі жүзді адам
балта шабады деуші еді.Сол адам мені
ұстаз болуға жетеледі.Қайнар орта
мектебінде 11-сыныпты тәмамдап, 2013 жылы
Алматы қаласындағы Қазақтың спорт жане
Туризм академиясына оқуға түсіп, 2017
жылы тәмәмдадым. 2017 жылдан бастап Алматы
құрылыс жане халықтық кәсіпшілік
колледжінде денешынықтыру пәнінің
мұғалімі болып жұмыс істеудемін. Осы
уақыт аралығында мектептегі спортшы,
дарынды оқушылармен жекелей жұмыс
барысында аянбай еңбек етіп келемін.
Сонымен қатар өз іс-тәжірибемді, білімімді
дамытып, білікті тәжірибелі ұстаздардың
қатарына жеттім. Менің негізгі жұмыс
істейтін тақырыбым «Ауыл мектептерінде,
қала мектептерінде дарынды спортшы
оқушылармен жұмыс жүргізу».
«Бұлақ
көрсең көзін аш»- деп халқымыз айтқандай
ауыл мектептерінде тұншығып жатқан
дарынды, спортшы жас өрендерді жоғары
биікке ұмтылдыруға, серпін жасауға
көптеген іс-шаралар мен жарыстар
ұйымдастырамын. Тілге тиек етіп айта
кететін болсақ, әр ай сайын мезгілге
сай және мерекелік күндерге орай
өткізілетін мектептен тыс спорттық
іс-шаралардың жоспары әр ай-күнге бөліне
өзімнің жылдық бағдарламама сай
жоспарланып қойылған. Мысалы: Ұстаздар
күніне орай оқушылар мен мұғалімдер
арасында шахматтан ойын сайысы өтсе,
Республика күніне орай ұлттық спорт
түрінен немесе футбол-волейбол сияқты
спорт түрінен мерекелік іс-шаралар
өткізіліп тұрады. Колледжімізде спорт
залдың кіші болғанына карамастан
оқушылардың танымдық психологиялық
қабілетін жоғары дамыта отырып, көптеген
үлкен жарыстарға қатыстырып талантын
ашып, жеңіс психологиясын сыйлап, әрбір
сапалы жетістіктерге қол жеткізудеміз.
Осының бәрі талмай-таңбай еңбек етудің
арқасында жетіп отырған жетістіктеріміздің
бірі. Ауыл мектептеріндегі дарынды
спортшы балалар мен жұмысты ұйымдастыру
- өте күрделі. Баланың спортшы болып
шығуына туа біткен дарын, оқу, үйрену,
яғни еңбек ету, жарыс тәжірибесін
жинақтау, өзіне сенімділік орнату,
психологиясын нығайту сияқты басты
қасиеттерді дамыта білу барысында
мектептік іс-шаралармен аудандық
спартакиада бағдарламасы аясында өтетін
спорттық жарыстар аздық етеді. Осы
барлық қасиеттерді дамыту барысында
біз негізгі көпірді аудандық балалар
жасөспірімдер спорт мектебімен тығыз
байланысқа ене отырып, республикалық,
халықаралық жарыстарға қатысу арқылы
тәжірибемізді нығайтып, дарынымызды
оята аламыз. Осындай тәжірибелі жарыстарға
қатысу барсында мектебімізде спортшы
оқушыларымыздың жүрегіне психологиясына
«біз мықтымыз», «ең үздікпіз» деген
сияқты ұтымды ойлар қалыптасады. Бұған
дәлел өзімнің жекелей дайындаған
шәкірттерімнің қазіргі күнге дейін
жоғарғы орындардан көрініп жүргендері
айғақ бола алады. Мысалы:Волейболдан
колледжімізде ұлдар және қыздар құрама
командасы қатарынан бірнеше қала жане
колледждер арасында жеңімпаз атанып
үлкен жарыстарда колледжіміздің атын
қорғап облыстық біріншіліктерге қатысып
жүр. Көсегемізді көгертетеін, кең ауқымды
дәстүрлі жемісті турнирларымыз көп
болса, бұқаралық спорттарымыз құлаш
ұрып серпінмен дамуына сенімім зор! .
«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық
қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»-деп Абай
атамыз айтқандай барлық шәкірттерімді
салауатты өмір салтына тәрбиелеу
барысында еліміздің көк туын желбіретер
жас өрендерді тәрбиелеуде аянбай еңбек
етемін.
Бегжан
Е.Б. ___________________