400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ұстазға алғыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарды құрметтеу, қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарытып, ұғындыру. Ұстаз мамандығының адам өмірінде алатын орны ерекше екенін түсіндіру. Ұстаздың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Ұстаз тұлғасы шын мәнінде, қоғамда да, адамзат өмірінде де ерекше рөл атқаратынын оқушыларға жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласындағы «№17 гимназия» КММ







КЛАСС САҒАТЫ


«ҰСТАЗҒА АЛҒЫС»







Класс жетекшісі: Өтегенова Нұргүл Өмірбайқызы









Ақтөбе – 2024 ж.


Тақырыбы: Ұстазға алғыс (Низкий поклон - учителю)

Сынып жетекшісі: Өтегенова Нұргүл Өмірбайқызы

Сынып: 6 «Е»

Мақсаты: Ұстаздарды құрметтеу, қадірлеу қасиеттерін оқушылардың  бойына дарытып, ұғындыру. Ұстаз мамандығының адам өмірінде алатын орны ерекше екенін түсіндіру. Ұстаздың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Ұстаз тұлғасы шын мәнінде, қоғамда да, адамзат өмірінде де ерекше рөл атқаратынын оқушыларға жеткізу.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, презентация, ұстаздар туралы даналық сөздер, мақал-мәтелдер, смайликтер.


Өту барысы:

Мұғалім: Әлем бойынша мамандықтың түрі көп. Мамандық таңдау бала кезден бастап қалыптасады. «Кім боламын?» деген ой әрбір баланың көкірегінде жүретін сұрақ. Мектеп бітіруге тәмәмдағанда нақты бір шешімге келіп, сол таңдаулардың бірін таңдап, өзінің қалаған мамандығына қарай бет бұрады. Мамандықты дұрыс таңдай білу өте маңызды. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты десек те артық айтпаған болар едім. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқару, адамды бақытқа бөлейді. Әрбір мамандықтың өзіндік ерекшелігі, жауапкершілігі, қызығы мен қиындығы қатар жүретіні сөзсіз. Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаев: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан»- деп мұғалімнің берген білімі, тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашағының түп қайнар екенін атап айтқаны бәрімізге мәлім. Еліміздің болашағы – жастар. Сондықтан да еліміздің болашақ ұрпағына үлгі-өнеге, білім беріп, тарбиелеуде ұстаздың талмай қызмет етуін қажет ететін мамандық екені даусыз.

Сұрақ: Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіздер ме?

Оқушылардың жауабы: Ыбырай Алтынсарин.

Мұғалім: Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 26-шы казанда казіргі Қостанай облысы, Затабол ауданында дүниеге келген. Ыбырай Алтынсарин қыздардың сауаттылығына айрықша мән беріп, олардың білім алуын ұйымдастыруға көп еңбек салды. Оның қолдауымен Ырғыз қаласында қыздар мектебі ашылды. Кейінірек, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қостанайда, 1896 жылы Ақтөбеде қыз балаларға арналған мектеп-интернат  ашылды. Жалпы алғанда, Алтынсарин төрт бірдей екі сыныпты орыс-қырғыз училищесін, бір кәсіптік училище, бір қыздар училищесін, бес болыстық училище және орыс балаларына арналған екі мектеп ашты.

Мұғалім: Ұстаз болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек?

1-оқушы: Ұстаздық жол – дара жол! Бұл жол - қажырлы еңбек пен ізденімпаздықты талап етеді.

2-оқушы: Ұстаз адамзат баласына тәлім мен тәрбиені ұштастырып, биік белестерге жетелейтін тұлға болуы керек.

3-оқушы: Білімді, тәрбиені шәкіртіне сіңдіре білетін қасиетке ие болу керек.

Мұғалім: Керемет, жарайсыздар! Күтімі жақсы ағаштан жақсы өнім алуға болатыны сияқты, мұғалім тарапынан берілген жүйелі білім де, саналы тәрбие де оң нәтижесін, жемісін беретіні хақ. Сондықтан да ұстаз мамандығы өте жауапкершілікті талап ететін іс деп білеміз.

Мұғалім: Ұстаз туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?

1-оқушы: Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.

2-оқушы: Шәкіртсіз ұстаз – тұл.

3-оқушы: Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

4-оқушы: Баланың бас ұстазы — ата-ана.

Мұғалім: Интербелсенді тақтаға назар аударамыз, оқушылар! Берілген сұрақтарды оқып шығып, жауап береміз.

  1. Ең алғашқы рет мектеп табалдырығын аттағаныңда қандай сезімде болдыңыздар?

  2. Ең алғашқы ұстазың кім?

  3. Ұстаз мамандығы несімен ерекшеленеді?

  4. Шәкірт тәрбиелеуде қандай үлесі қосар едіңіз?

  5. «Ұстаз — мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?

Жауап: Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қошемет көрсетіледі.

Мұғалім: Кестеде берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлемдерді толықтырыңыздар!

ҰShape1 стаз болу – өз уақытын аямау,


ұлы есім

Адамның адамгершілігі

ұлы қызмет.

Ұстаздық — ұлық емес,

шәкірті талапты болады.

Ұстаз –

өзгенің бақытын аялау

Ұстаз талантты болса,

жақсы ұстаздан


Оқушылар берілген сөздерді сәйкестендіріп, тапсырманы орындайды.

Мұғалім: бүгінгі тақырыпты қорытындылай келе, мұғалім білім алушыға білім беріп қана қоймай, сонымен қатар еліміздің болашақ жастарын ұлтжандылыққа тәрбиелеуде - ұстаздың басты парызы. Ертеңгі ел азаматтарын қалыптастыру жолында аянбай тер төгетін де – ұстаз. Сондықтан да «Мұғалім – әлемдегі ең үздік, бағасы биік мамандық». Ұстаз – үйретушің, тәрбиелеушің, саналы білім беретін ұлы тұлға. Сондықтан да, оқушылар, ұстазға әрқашан құрметпен қараңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.06.2024
221
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі