жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы"
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп атап көрсетуі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттердің жоғары екендігін көрсетеді. Білімді ұрпақ шырақшысы – білім саласының білікті қызметкері, яғни ұстазы екендігі анық. Заман қарқынына ілесіп, талапқа сай біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті ұрпаққа ұлағат беру үшін, алдымен ұстаздың әлеуеті мықты болуы шарт. Білігі мен білімі ұштасқан ұстаздан тағылым алған зерделі ұрпақ ел көсегесін көгертетіні хақ. Осы ретте, болашақтың іргесін қалыптастырып, бағдар ұстауда маңызды тетікте отырған ұстаздардың елеулі еңбегін айтпай кету мүмкін емес. Қазіргі таңда жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда жас ұрпаққа жаңа заман талабына сай білім беруде, жеке тұлға дайындауда еңбек етіп жатқан шығармашыл ұстаздардың бірі – Абикенов Дулат Абдрахманович. Білгір оқытушы 1976 жылы сәуірдің оныншы жұлдызында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Бесоба совхозында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде математик, инженер-программист мамандығы бойынша білім алып, 1998 жылы аталған оқу орнын тәмамдайды. Алғашқы еңбек жолы Қарағанды қаласының №7 мектеп-гимназиясынан бастау алып, осынау білім ошағында 7 жыл информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқарады. 2006- 2007 жылдары Қарқаралы ауданының Бесоба ауылындағы №8 қазақ орта мектебінде информатика пән мұғалімі болып жұмыс жасайды. 2008 жылы Астана қаласындағы «НИТ» АҚ-да, 2008 жылы Қарағанды қаласындағы салық салу коммитетінде программист кызметін атқарып, жұмыс тәжірибесін жан-жақты шыңдайды. 20010 жылы Қарағанды қаласының Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында ұстаздық жолды қайта жалғайды. Осы аталған білім шаңырағында информатика пән мұғалімі болып істеп, өзін білікті маман ретінде танытады. 2011 жылы Теміртау Жоғары политехникалық колледжіне директордың ақпараттық технологиялар ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Үлкен жауапкершілікті қажет ететін бұл қызметте де Дулат Абдрахманұлы өзіне артылған сенімді абыроймен ақтайды, жасаған іс, атқарған қызметінде білгірлігін, парасаттылығын танытып, әріптестері арасында зор беделге ие болады. Қажырлы еңбек, шығармашылық ізденіс, асқан білімпаздықты қажет ететін ұстаз мамандығы бойынша тәжірибесі озық оқытушы бүгінде талай талантты шәкірт, бәсекеге қабілетті, елдің көсегесін көтерер азаматтарды тәрбиелеп шығарды. Мамандық бойынша таңдау жасап келген жас өрендерге кәсіби бағдар берумен қоса, адамгершілік, ізгілік сынды құндылықтарды бойына негіздеп, мықты тұлға ретінде қалыптасуына сүбелі үлес қосты, қосып та келеді.
Шәкірт – ұстаздың айнасы. Ұстаз еңбегінің жемісі – шәкіртінің жеңісі, жетістігі. Бұл орайда Дулат Әбдірахманұлының өзінің жұмысына деген талабын танытатын, мерейін үстем еткен жетістіктері, жеңістері аз емес екендігін айта кеткен жөн. Жыл сайын білгір маман дайындаған студенттер тың жобалар арқылы колледж жетістіктерінің қоржынын толтырып, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткізілетін байқауларда жүлделі орындарды иеленіп келеді. Халықаралық желілер технологиялық олимпаидасынан «CISCO STARS-2019» ІІІ орын иегері. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «WORLDSKILLS KARAGANDA-2019» аймақтық чемпионатына «WEB дизайн» құзыреті бойынша жеңімпаз студент дайындағаны үшін Алғыс хат берілді. Сонымен қатар Дулат Абрахмановичтің шәкірттері де Қарағанды, Астана, Теміртау қалаларында осы мамандық бойынша жұмыстарын атқаруда.
Ұстаз үшін шәкіртті жетістікке жетелеудің негізгі жолы – үлгі, өнеге көрсету. Ал ол үшін ең алдымен адам өзін шыңдау керек, іздену керек, өзін-өзі жан-жақты сынап, дамыту керек. Бұл қағиданы берік ұстанған шебер ұстаз өзін тек кәсібилік тұрғыдан дамытып қана қоймай, колледждің қоғамдық, спорттық шараларына да белсене атсалысып, қолға алған әр ісін жемісті аяқтайды. Салауатты өмір салтын ұстануды насихаттайтын ұстаз өзін спорт саласына да бейімділігі мықты екедігін көрсетіп келеді. Тоғызқұмалақ, шахмат тақталарын мейілінше меңгерген спортшы ретінде түрлі спартакиядаларға үзбей қатысып, жеңіс тұғырынан көрінуі соның бір дәлелі. Бұдан бөлек баскетбол, жүгіру, волейбол, футбол, теннисті де жақсы ойнайтыны тағы бар. Ұстаздық келбеті кең, ойы терең, әркез ашық ақжарқын мінезімен көптің көңілінен шыққан зерделі маманның ісіне қарап, оның қаншалықты үлгі болар ұлағатты тұлға екендігін көре аламыз.
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген