Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы

Тақырып бойынша 28 материал табылды

Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мерекесіне орай сцинарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалар өнер мектебі









«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»



















Дайындаған: Кетешова Гүлфариза







Ұстазы жақсының- ұстанымы жақсы!



Жүргізуші:
Армысыздар, аса қадірменді ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған оқушылар!

Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Жүргізуші:
Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль — Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы — қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!

Жүргізуші:
Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің дана көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз. Құрметті ұстаздар!


1 Мың бұралып сахнада тамсанып,

Би билеңдер босатылып бар жүктен

Көрермендер өте ыстық қарсы алып,

Шапалақтап жібереді зал біткен.

Жанарында жұлдыз жанып тұрады,

Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен

Көрерменнің көңілінен шығады ,

Мың бұралған бишілердің өнері!

Ендеше «Балауса» бишілер тобы қазақ биімен.

Жүргізуші

Мектебіміздің табалдырығын енді ғана аттаған кішкентай бүлдіршіндерімізді ұстаздарға айтар құттықтауларымен қарсы алайық.



1 — оқушы:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.


2 — оқушы:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!


3 — оқушы:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.


4 — оқушы:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.


5 — оқушы:
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.


Жүргізуші:
Домбыра жүрегіммен үндес едің

Өзіңмен сырласымдай тілдесемін

Бабамнан қалған мұра сен болмасаң

Өнердің не екенінде білмес едім

3 Сахна төріне мектебіміздің домбырашылар ансамбльі қарсы алыңыздар

Кенжебек Күмісбеков «Мереке»

Құрманғазы Сағырбайұлы « Балбырауын»

Ұстаздар қауымын шын жүректен құттықтау үшін сахна төріне мектеп басшымыз Қуатбаева Жаннат Бүркітбайқызын шақырамыз!


Жүргізуші:

Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!


4 Вокаладық топ « Ардақты менің ұстазым» әнімен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:

Үнінде шері бардай, назы бардай,

Жүйкені шымырлатқан сазы қандай.

Бір уыс тостағандай шанағына,

Тарихтың талай сыры жазылғандай.

Қобыз бен домбыраның арнасы бір

Әуені сан ғасырдан жалғасып жүр.

Аққудың сымбатынан аумайтұғын,

Сызылтып қобызшылар сарнашы бір.

5 Қобызшылар ансамблі: Дәулеткерей «Қосалқа» күйімен.

Жүргізуші: Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар ана ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.
Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол — ұстаз жолы – ұлы жол.

Өткен жылы,яғни 2021 жылдың 13 желтоқсаны күні 70 жасында ардақтыда, аяулы ұстазымыз Мұқашқызы Айымхан апайымыз қайтпас сапарға аттанған еді. Саналы ғұмырының 45 жылын ауданның өміріне,мәдениеті мен білім беру саласына арнаған аяулы ұстазымызды 1 минут үнсіздікпен еске аламыз.

Сахна төріне ардагер ұстаздарымыз Кенжалиева Мағрифа және Итемген Ғайныш апайларымызды шақырамыз

Жүргізуші Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1 — қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

2 — қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 — қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар

Пай, пай, пай, неткен дауыс дірілі мұң, Жанымды, жазғанымай, үзілдірдің. Мынау кім жеті түнде желдей ұйытқып Желпіген ақ боз үйдің түңілігін, Ән осы әр нақышыниалтындатып. Үніне үзілдірген тән балқытып, Сыңсыған қаз бен қудың сұңқылына, Жаныңды бір шайқаған салқындатып... дей отырып сахнаға төріне

6 «Жас екпін» дәстүрлі әншілерімізді шақырамыз.

Жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Әй ақымықтық деймін, біз осы асыл жандардың қадірін түсінбей жататын кездерімізде болады. Олай болса, сахна төріне мың бұралған бишілерімізді шақырайық.

7 Алдарыңызда Қонысбаева Сапфира оқушысы Оралбекқызы Нұрзада «Ыңғай төк» биімен

Жүргізуші:
“Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” — деген Бауыржан Момышұлы.
Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік достар!
Тәтті әуенмен
8 Айтжан Әсемнің орындауында «Айналайын ұстаздар»және бишілер тобы

Жүргізуші:
Ұстаз — шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау — адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
Мұғалімнен өнеге — білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез — келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Ұстаз «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»,…..
Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Құрметті ұстаздар сіздердітағы бір мәрте мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Келесі әсем ән сіздерге арналмақ, қабыл алыңыздар!

9 Ақбергенұлы Насихат « Ақбөбек» әнімен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:
Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!

10 Алдарыңызда вокальдық топ «Шаршама ұстаз шаршама» әнімен

Жүргізуші: Аса құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды айтамыз. Білім шаңырағы — алтын ұя мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір — түкпірінде, ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін! Келесі кездескенше сау — саламатта болайық.

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2025
135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі