|
Сабақтың
ортасы
|
Мұғалімнің негізгі
басты мақсаты — рухани бай,
іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,
жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог,
өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу
керек.
Ұстаз өзінің адамгершілік
этикалық парызын орындауға тиіс.
Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші
мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып
табылады.
Қазіргі заман мұғалімі — рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан
есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген
білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл
тұлға.
Ұстаз туралы тақпақтарын
оқиды.
Ұстаз туралы нақыл сөздерді
аяқтау.
"Мұғалім ісі сырттай
қарапайым болғанмен — тарихтағы ең ұлы істің
бірі" (К.Д.
Ушинский).
"Басқаларды үйрете
жүріп біз өзіміз үйренеміз" (Сенека).
"Мұғалім өзінің
білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт
пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер
етеді" (Мәлік
Ғабдуллин).
"Егер мұғалім өз
бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса,
ол — кемел ұстаз" (К.Д.
Ушинский).
"Ұстаз — ұлық емес,
ұлы қызмет" (Бауыржан
Момышұлы).
|
Мұқият
тыңдайды
Ұстаз деген – жарық күні
ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол
адамның.
Бүкіл әлем мойындайды
еңбегін,
Сен де одан адам болып
жаралдың.
Ұстазыңды түсінгенсен
тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен
еленген.
Сенің бағың өрге қарай
өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа
кенелген.
Сол арқылы сенде өмірді
жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін
алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың
алдында,
Ол өзіңнің орындалған
арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән
қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды
ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың
ұлысы,
Қасиеті бас иелік
мәңгілік!
|
|
Қауіпсіз дік
сабағы:
10
минут
|
Кіріспе.
Отбасы құндылығы деген
не?
«Отбасы адамның жақсылық
жасауға үйрететін ең бірінші әлеуметтік ортасы». Қазіргі
қоғамдағы отбасылық құндылықтардың, жастардың бойында адамгершілік
қасиеттердің жоғалуы, тәрбиенің төмендеуінің өте кең өріс алуы
көрініс табуда. Дағдарыстың себебі: Адамның рухани –
адамгершілік тұрғыда ашығуы. Мәңгілік жалпы адамзаттық
құндылықтар деген не? Ол — ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет,
ішкі тыныштық, қиянат жасамау. Ал, отбасы
құндылықтары дегеніміз — бір — бірін сүйіп қосылған
жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт
— дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар
ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар
болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3
топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі отбасылық
құндылықтар деп аталады.
|
Өз ойларымен
бөліседі
|