Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстазым, менің ұстазым! сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: « Ұстазым ,менің ұстазым!»

Мұғалім – Құрметті ұстаздар, оқушылар,ата – аналар бүгін біздің мектепте үлкен мереке. Сынып оқушылары мектеп ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтағалы отыр. Бәрі – бәрі ұстаздан білім,тәлім алған сондықтан ұлағатты ұстаздар Сіздерге бүкіл әлем баласы бас иеді.

1 оқушы. Ғұлама, білгіш ғалымнан

Оқушы жас жалыннан

Мархаббаты ойшылдан

Мал өсірген қойшыдан

Жасушыдан, ақыннан,

Космоновтан, батырдан,

Өнері тасқан артистен,

Ырыс қазған шахтерден,

Мың бұралған бишіден

Ой тербеткен күйшіден,

Сіздерге бүгін мың алғыс (бәрі бас иеді)

Хор: “ Мұғалім – ол біздің” әні орындалады.

2 оқушы. Құрметті ұстаздар! Біз сіздерден үлгі аламыз, сіздерді мақтан етіп жырға қосамыз. Енді өздеріңіз туралы жүрегімізден шыққан алғыс сезімізді тыңдаңыздар.

3 оқушы. Ұлт ұстазы

Кім ұғады оқушының тілегін,

Кім ұғады оқушының жүрегін.

Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң,

Ұғатын ол – ұстаздар деп білемін.

Оқушыға мейірі мол анадай,

Олқуанса, қуанады баладай.

Түсе қалса, қабағы мен қасы егер,

Жұбатады жылы сөйлеп аялай.

Үйретеді жалықпастан өнеге,

Отырғызып білім атты кемеге.

Теңіздейін тереңіне бойлатып,

Маржан” терсе , көтереді төбеге.

Өрелі боп өссе ұлы – қыз бағына,

Асып – тасып мерейлене тағы да

-Міне, менің шәкірттерім осындай,- деп,өткенін еске сағына,

Жақсы шәкірт, жақсы – ұстаздың жалғасы,

Өзендердей ортаймайтын арнасы,

Ұлт ұстазы ,ұлағатты келіскен,

Ар – білімің ұрпағыңа арнашы!

Хор: “ Біз бақытты балдырғандар” Сөзі М.Әлімбаевтікі, әні Ө. Байділдаевтікі

Мұғалім. – Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.Ол өзінің барлық жігерін, білімін, бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына , халыққа беріп отырады.

4 оқушы: “ Ұстаз деген ....”

Мұғалім мен ұстазда бар айырма,

Ұстаз деген – жақсы әндегі қайырма.

Мұғалім , ол – бар болғаны ма мамандық,

Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.

Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры,

Қадіріңнің тиетұғын қайыры.

Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған имандар.

Ұрпағынның ертеңіне жол ашып,

Өміріңңің әр шақтарын қиғандар.

Қимағандар – ұстаз емес, мұғалім,,

Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мұң.

Қара тақта, ақ бор ғана қолданып.

Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын....

Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,

Өзіне обал арзан дәріс,айласы.

Ұстаз болу бақыт, әрі абырой

Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы. Қыздардың орындауында би “ Қазақ вальсі”.

Мұғалім.- Оқушы – мұгалімнің өзін көретін айнасы. Мұғалімін жақсы көрген шәкірт ешуақытта қятқа қалдырмайды, тек балалардың сүйіктісі бола біл. Бұл онша қиында емес, өкінішке орай, барлық ұстаз осы дәрежеге көтеріле алмай қалуы мүмкін.

5 оқушы. “ Ұстаз ағай”

Ұстаз апай неге көп,

Кілең жұмсақ жүректі.

Ұстаз ағай неге жоқ,

Ыбырай ата – тілекті.

Ұстаз аға көбейсе,

Ұлдар ұқсап бақпайма?

Тұлғалардай кешегі,

Намыс отын жақпайма?

Ұстаз ағай мектептің,

Тірегіне айналса.

Ұстаз апай мектептің ,

Жүрегіне айналса.

Ұл – болмайма ұлықты,

Қыз –болмайма қылықты.

Біздің ұстаз ағалар,

-Қалай мұны ұмытты?!.

Мұғалім.- Ұстаз жолы – қиында қызық, ауыр да, абыройлы жол.

Ән “ Сәби болғым келеді” сөзі М.Мақатаевтікі, әні Т.Рахимовтікі

Көрініс: “ Баласы мен атасы”

Баласы – Ата, маған мектепте,

Ұрыспайма мұғалім?

Мен білетін ертекке,

Дұрыс,дей ме, шырағым!

-Ата , мені мұғалім,

Сіздей жақсы көре ме?

Орындалып сұрағым,

Көтере ме төбеге?

Еркелегім келсе егер,

Көтерембе қолымды?

Еркелікке, көнсе егер,

Күнде етем бе сонымды?

-Ата,Сізсіз мектепке,

-Тіпті барғым келмейді.

Ертіп баршы мекттепке.

Сонда ешкім жеңбейді.

Атасы :- Айналайын,ақылдым,

Өмірімнің жалғасы.

Қартаюға жақынмын,

Арманымды жалғашы.

Сен ақылды баласың,

Мектебіңе барсын.

Ұрыспайды мұғалім,

Ол да сенің анашың.

Тәртібің мен білімің,

Қатар өсіп дамысын.

Жеңбесі жоқ білімнің,

Қосылса оған намысың,

Еркелікті қалдыр да,

Үйде отырған атаңа.

Ақылыңды алдырма,

Адал бол, ақ батама.

Атасының баласы

Жаман бала болмайды.

Қабыл болып батасы

Алла өзі қолдайды!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
527
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12