Материалдар / «Ұстазым меным менің ұстазым»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұстазым меным менің ұстазым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ұстаздарды, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2019
423
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ұстазым меным менің ұстазым» «Ұстаздық еткен жалықпас»
Мақсаты: Оқушыларды ұстаздарды, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.

Кітапханашы
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

1-жүргізуші:

- Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ата- аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында «Ұстазым меным менің ұстазым» «Ұстаздық еткен жалықпас»атты кітап көрмесіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:
- Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы.

1-жүргізуші:

Ия, бүгін сол, мектептің айнасы, бәйтерегі, ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. 

2-жүргізуші:

Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас, 
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы...

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші:

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы, 
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

2- жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, 
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

 1- жүргізуші:
Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берейік.
 

2-жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз, 
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді, 
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз. 
1-жүргізуші:
   Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
2- жүргізуші:
-    Ия, расымен де, солай ғой. Ал ендеше осындай жүректі де сабырлы жандармен сыр-сұхбат жасасақ қайтеді, достар? - Әрине жасайық.
-  Мына гүлдерді алуларыңызды сұраймыз. Кімнің гүлінің ішінде «Сыр – сұхбат» деп жазылған сол ұстазды ортаға шақырамыз.
«Сыр – сұхбат» сұрақтары:
1. Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
2. Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте  қандай өзгерістерді байқайсыз?
3. «Ұстаз - мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
4. Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
5. Оқушы кезіңізде сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма? Болса сол туралы есіңізде ме?
6. Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?
7. Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?
8. Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.
9. Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме едіңіз?
10. Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?
Жүргізуші:
-    Көп рахмет сізге, біздің көкейіміздегі сұрақтарға жауап бергеніңізге ризамыз. Олай болса, осы сыр-сұхбаттан қандай әсер алдыңыз, соны мына "смайликтер" арқылы көрсетіп, қайталап берсеңіз дейміз. Және бір өтініш, сізге ұнаған сұрақты қойған оқушыға мына сыйлықты қолтаңбаңызбен табыс етсеңіз дейміз.
(қонақ берілген сыйлыққа өз қолтаңбасын қойып, оқушыға табыс етеді)

1-  жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма, 
Арқаң деп сенің ұғамын 
2- жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін. 


Оқушылар кезектесіп айтады:

М -мейірімді, Ұ- ұлағатты, Ғ-ғазиз, А-ақылды, Л- лайықты, І-іскер, М- маман Бұл кім, балалар? Әрине - МҰҒАЛІМ

Жүргізуші:

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстазым меным менің ұстазым» «Ұстаздық еткен жалықпас»» атты кітап көрмесін аяқтаймыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!













Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

















«Ұстазым менің ұстазым» «Ұстаздық еткен жалықпас»

(кітап көрмесі)



Жауапты:Абетова Р.К















2018 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!