400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстазым, өзіңе келеді ұқсағым

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар туралы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстазым, өзіңе келеді ұқсағым

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»,-деген

ұлы даласының Ұлы Абайы атанған данасының тауып та,танып та айтылған сөзінің бағалысын-ай! Шындығында, Абай даналығын ұғынып өскен бізге әр сөздің парқын түсіну, ойлы болу бойымызға терең дарыды. Білімдегі сауаттылық, ойды қорытып жүйелі сөз шығару, бәрі ұстанудан деп білемін. Өмірді, айналаны танытқан кім бізге?

Иә, дүние есігін ашқан сәтте, сәбиді өмірге бейімдейтін ана ұғымы екені талассыз. Ал, мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, алтын ұяның өмірге бейімдеудегі еселі еңбегін айтып жеткізе алмаспын. Халқымыздың абзал ұлдарының аңсап өткен нұрлы өмірінде ғұмыр кешудемін. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, ұстаз ұғымын ерекше бағалаймын. Неге дерсіз...? Өйткені, білімді де, ақылды да, ойды да ұстаздан алдым емес пе!? Мынау жарық дүниені тылсым күш арқылы анамнан тартып алсам, білімнің тұнығын берген, ұстандырған асыл бейнелі ұстаздарым болды. Сан ғылымды меңгерткен ұстаздардың ішінен өзіңнің жүрегіңнің төрінен орын алатыны да болады екен. Жұмысымды бұлай тәптіштеуім, ұқсағым келген ұстазымды дәріптегім келді.

Сөз өнерінің өрнегін салар Ұлбала есімді ұстазымның әр сабағы өз ерекшелігімен мені тәнтті етті. Тұла бойы қарапайымдылықтан тұратын осы бір ұстаз әр оқушысын өмір атты шексіз ғаламға дайындауда, топшысын қатайтып, баулып өсіруді негізгі жұмысы санағанын менің бала көңілімдегі көзқарасым аңғарып қойғандай. Оқушысына ұстазы болып, білім атты асыл ұғымды ұғындырған ұстазым қазақ тілі мен әдебиеті ғылымы бойынша дәріс береді. Ұстаздықтың үлгісін көрсеткен ұстазымның ұстаздық еткеніне ауқымды жыл болса да, шәкіртінің ортасына келгенде шаршағанын көрмедім. Сабақ басталғаннан қоңырау соғылғанға дейін, білімдегі тартыспен, сөз маржандарын тергізіп пікір алмастырумен, тақырыпты теориямен байланыстырумен сабағы қызғылықты болып өте шығады. Пәнге, өмірге деген қызығушылығыңды арттырып, келесі сабағын асыға күтесің.

Ғасырдың арманы да, асылдардың аңсағаны да осы өнегелі өмір десек, ұстаз ұғымына болашақтың адамын дайындау үшін аса пайымдылық керек екенін аңғардым. Маған аңғарымпаздық қайдан келді?

Иә, бұл жерде ұстандыру ерекше көрініс тауып тұр. Әр сабақта іздену үшін берген тапсырманы қызығып өзің орындау арқылы, көңіліңнің көзі ашылады екен. «Білімнен басқа нәрседен оздым деу бекершілік» мәйекті ұғымын айта отырып жетелегенде, ғылымның тетігін білмейтін оқушы қалмады.

Сонымен бірге заман талабына қарай, әлемдік білім кеңістігіндегі өзгерісті жаңартылған білімді бізге игертуде дағдылардың барлығын уақытқа сыйғызғанын қараңыз. Бұл ұстазымның іскерлігі деп білемін. Ұстазым өзі жазған жазбасын ортаға салып қызықтырып алады да, менің оқушым мұнан жақсы жазады деп мақтағанда әр оқушы құрылыммен тәптіштей ала жөнелеміз. Әр сабағы қолдан түспей оқылатын көркем шығарма дерсіз.

Ұстаз-ананың сабағында бір де зерігуді білмедім. Сабақ кезеңдерінде шешендіктің үлгісін көрсетіп ұқсата сөйлеуі үлгіге толы. Тұла бойы әдептен тұратын осы бір ұстазға менің ұқсағым келеді. Қадірлі ұстаз сіздің самайдағы ақ шашыңыз, келбетіңіздегі өзіңізге жарасқан әжіміңіз мен үшін тым әдемі көрінеді. Өйткені, сіз менің үлгілі ұстазымсыз. Ұстазым, сіздің берген өнегеңіз арқылы менің арманым қаланары анық.

Ойымды қорыта келе, елімнің әр азаматы мен азаматшасы ұстазын қадір тұтып, ғылымның тетігін игерсе менің елім ең өнегелі ел болатынына сенемін.



Сағатқұл Қажынұр Талапжанұлы

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының 10 «Ә» лицей сыныбының оқушысы

Ғылыми жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Жархынбеков Талапжан Сагаткулович




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
1061
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі