«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесі
«Бекітемін»
Директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
________ С.Қ.Айбосынова
«_______» ________2024ж
Іс-шара
Тақырыбы: «Ұстазыңды атаңнанда әзіз тұт»
Өткізілген күні: 10.09.2024 ж
Жауапты: Г.Н. Айткулова
Байқоңыр, 2024
Мақсаты:
Ұстаздың адам өмірінде алатын
орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу
қасиеттерін оқушылардың бойына
дарыту.
Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын
түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге
тәрбиелеу.
І жүргізуші:
— Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстазыңды атаңнанда әзіз тұт» атты іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер Ия, бүгін сол, мектептің айнасы, бәйтерегі, ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
II
жүргізуші:
Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз
есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,
– деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған
ұстаздар қауымы…
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән: «Ұстазыма» Қасқырбеков Әділжан
І
жүргізуші:
Мұғалім: – Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени
өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл
бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді,
басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” –
деген болатын. Мұғалім білім нәрін
себуші.
II
жүргізуші:
— Сіздер қалай ойлайсыздар, құрметті қонақтар,
менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі
ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген
адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын
ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз
ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса
керек.
Би: қырғыз биі «Сардал қыз»
І жүргізуші: Шынымен де, мен де осы сөзің дәлелді бола түсуі үшін мына жыр шумақтарын қосайын:
Ұстаз болу – жүректің
батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз
жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі – маржан, үні – ән
ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі –
ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін
сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес
пе?!
ІІ
жүргізуші:
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс — жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған,-дей
келе
Сөз кезегін Колледжіміздің ардагер ұстаздарна береміз.
I
жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
I
жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Ән:
«Бұлбұлым» Шәкіржанова
Ақгүлім
IІ
жүргізуші:
«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,
тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік
рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі
зор.
Ән: «Мұғалім – ол бізідің»
I
жүргізуші:
— Ұстаз — шәкірт алдында сыйлы
адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Оның
сенімін ақтау — адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып
тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік,
сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
1-курс студенттерінің дайындаған көрінісін қабыл алыңыздар.
«Өзбек» биі сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
I
жүргізуші:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
IІ
жүргізуші:
Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар
Ұстаздарға арнап түсірілген видео ролик
Ән: «Құстар» Бекзат Сериков
I жүргізуші:
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздарға арналған сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұстазыңды атаңнанда әзіз тұт

шағым қалдыра аласыз