"Ұстазыңды құрметте" ұстаздар күніне арналған сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұстазыңды құрметте" ұстаздар күніне арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар мен мұғалімдерге, студенттер мен оқытушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

2.10.2018ж. - 11 «А»

«Ұстазыңды құттықта»

Видиоролик: Оқушылардың құттықтауы


Берік.

Армысыздар, арайлап атқан таңымыз,

Қош келдіңіздер киелі мекенде күміс күлкісімен қарсы алатын керім сұлулар мен көрікті ер азаматтар


Жансая.

Саламатсыздар ма заңғар зәулімде зейінімізді ашып, заманауи әдіспен зеріктірмей білім берген зиялы қауым,

Бармысыздар биыл ғана бой көтерген білім ордасының иелері мен құмнан шайып алған алтынның түйіріндей болған білікті ұстаздар.


Бірге Мерекелеріңіз құтты болсын !


Берік. Бүгінгі біздің 11 «А» сыныбының ұйымдастырған жаңа форматтағы «Ұстазыңды құттықта»

атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер


Жансая.

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан

Сізге ұқсап құдық біз де сан арман

Сіздей адам дүниеде көп болсын

Балалардың бақыты үшін жаралған. Қошеметтеп отырыңыздар


Ендігі кезекті арман қуған Мизамбай Назеркенің «таңғы студиясына» береміз

Ануар, Ділда, Рақымжан (Мизамбай Назеркемен)


Берік.

Алдарыңызда Мизамбай Назерке қарсы алыңыздар


Ануар, Ділда, Рақымжан (Мизамбай Назеркемен)


Назерке

Армысыздар көрермен қауым. Арман асқақ арман, адамды мақсатқа жетелейтін, бар тілегіңнің орындалуына негіз болатын тамаша қасиет. Ия, мен осылай жеке студиям болса деп армандаймын. Әлемнің әйгілі, атақты адамдарымен қарапайымнан бастап атақты дәрежеге жеткен ерекше жандармен тілдескенді ұнатамын. Арманым – журналист болу, болуға талпынамын да, боламын да, болып жатырмын да. Неге онда арманымның алғашқы қадамын қазір бастамасқа, олай болса Алдарыңызда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №22 орта мектептің алғашқы түлегі, Алматы қаласындағы Сулейман Демерел атындағы оқу орнын қызыл дипломмен аяқтап, Қазақстан ұлттық арнасында «Таңғы студияда – Мизамбай Назерке»


Ануар, Ділда, Рақымжан (Мизамбай Назеркемен)


Назерке

Ал, енді ду қол шапалақпен таңғы студия төріне Зәуреш Әбдікәрімқызын шақырамыз


Берік.

Алдарыңызда Таңғы студия қонағы - № 22 орта мектеп басшысы Зәуреш Әбдікәрімқызы


Ануар, Ділда, Рақымжан (Мизамбай Назеркемен)


Назерке

Саламатсыз ба апай, таңғы студияға қош келдіңіз. Ұстаз болу үшін ұстаз болып туылу керек деп жатады, яғни кез-келген адам ұстаз болып жасай алмайды дейді. Сіз осы дәрежеге яғни басшылыққа ұстаздық жолдан бастап келдіңіз. 1000 адамнан 1 басшы шығады, 1 лидер болады басқаратын. Сіздің өмір жолыңыз қандай? Сіз қалай басшы болдыңыз? Оның сыры бар ма?


Мектеп директоры Зәуреш Әбдікәрімқызы жауап береді


Назерке

Сізге менің студиям ұнады ма?


Назерке

Осы сәтті пайдаланып биылғы алғашқы түлектерге құттықтау сөзіңізді айта кетсеңіз


Назерке

Сау болыңыздар, келесі кездескенше күн жақсы болсын. Келесі «таңғы студияның» қонағы сіз болуыңыз мүмкін екенін ұмытпағайсыздар. Тағы да мерекелеріңізбен аяулы ұстаздар!


Жансая.

Берік, сен білесің бе бізге қазақ тілінен беретін Өмірзақова Гүлнұр Оразбайқызы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде магистратураны оқыған екен


Берік.

Ия, Жансая бізге осындай білімі жоғары ұстаздар береді. Ал сен біздің мектеп басшысының оқу ісінің меңгерушісі Азбергенова Гүлшат Балтабаевна Аққұдық орта мектебінде директор болғанын және Жаңаөзен қалалық білім үйлестіру орталығында да бас маман болып жұмыс жасағанын білесің бе?


Жансая.

Ия, Берік біздің тәрбие жөнінідегі орынбасарымыз, Джарылғасова Бағила Ергалиевна - магистрант әрі

Қарақия ауданында 10 мектепте басшылық қызметте болған. Олай болса дәл осындай ұстаздардан білім мен тәрбиені қатар алсақ біз де жаман болмаймыз, болашақ та біз де осындай ұстаздардың жолын қуып, барлық істе лидер, топбасшы боламыз деп сенім білдіремін.


Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен

Ұстазды жеткізгенше мұратына

Білім іздеп лапылдап жана берем.

Келесі кезекті әнге береміз. Орындайтындар: Жолдасова Нұрсәуле, Ратжанова Ділдә. Гитарамен сүйемелдейтін Каналиев Рақымжан. Қабыл алыңыздар


Нұрсәуле

Бүгінгі мереке құтты болсын, барлық ұстаздар бізбенен бірге сонау оқушылық кезеңге бір саяхат жасап, «Армандастар» әнін орындайық


Берік.

Жансая, сен біздің математика апайымыз Индира апай, Каспий коледжінде абыройлы жұмыс жасап, қазіргі таңда бар білімін бізге беріп жүргенін білетін бе едің?


Жансая.

Ия әрине, сонымен қатар, Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Гүлайым апайымыз да Мұнай және газ коледжінде қатар сабақ беріп жүргенін білемін. Және география пән мұғалімі Құралай апайымыз да Кәсіптік лицейде сабақ бергенін мақтанышпен айтамын.


Берік.

Мұның бәрін неге айтып отырсыз дейсіз қой, әрбір оқушы өзіне сабақ беретін ұстазын жан-жақты танығаны абзал және оның жетістігі мен жүріп өткен жолын біліп, сол дұрыс жолдың бізде болашақ та жолаушысы болуымыз мүмкін. Ал ұстаз ешқашан бұрыс, қисық жолда жүрмейді.


Жансая.

Олай болса ендігі кезекті осындай ұстаздық жолын шумақтарына қосып айтатын Жаңбырбаева Назыкенге береміз. Диалог Авторы сынып жетекшісіміз Урумова Қарлығаш


Жаңбырбаева Назыкен

Өмір ағыс, ағып жатыр, ағады да кетеді

Көз алдыңда талай жылдар, талай қызық өтеді,

Қос бұрымың желбіреген кеше ғана бала ең,

Бүгін міне бар ісіңді ақылменен, сабырменен шешетіндей етеді


Сол өмірде, сол заманда екі құрбы сүріпті

Бір кездері қатар оқып, ойнап күліп жүріпті

Бірі зерек, ойы алғыр, жанып тұрған жан еді

Ал біреуі таяз ойлап, сабақты аз, кем, біліпті.


Айлар өтті, жылдар өтті, қос құрбы да бой жетті

Өмір-өзен екі досты өз арнасымен әкетті

Білім қуған бойжеткенге ұстаз болу бұйырды

Ал сыланған, сұлу қыздың маңдайына сауда жолы бұйырды


10 жыл ма әлде, 20 жыл ма өткенде

Замандастар жолықты уақыты жеткенде

Бірін бірі әзер танып, қауышты

Қауышты да, қал сұраспай сылқым сөзге бірден ауысты


-Әй Күлипа, сенбісің мынау танымадым шын сөзім

Не кигенсің? неге жүрсің ? өзгеріпсің сен өзің

Не жұмыс? бір іс істеп жүрмісің?

Азып тозып, қалыпты ғой сүлдең менен қос көзің


-О не дегенің, жан құрбым-ау,

Қал жағдайың аман ба?

Бала шаға бар ма өзі? Әкең қалай, анаң да ?

Тозғаны нес фигурный боп , сымбатымды сақтағаным жаман ба?


-Әй сені қойш, менен сұра жаңалықтың көкесін

Жүрісім осы салон бар ма аралап ресторан, кафесін

Бала шағасы нес котеджі бар, астында джипі

Күтіп жүрген сол Тәкесі ме, Мәкесін


-А солай ма, кешірерсің құрдасым

Біздерде 4 бала бар, аман шүкір, қызметкер-жолдасым

Мен ұстазбын, білім берем, бар назарым мектепте

Ал сен өзің қай салада? Қазір құрбым қайдасың?


-Ой сұрама, Бизнес women мен болам

Түркия, Ресей, шетелдерге көп барам

Саудагермін, жолы болғыш кәсіпкер

Алам сатам, еуро, рубль, долларлармен дос болам

-Ұстазбын дейт, ол да бедел атақ па?

Екінің бірі мұғалім ғой, мақтаныш па мадақ па?

Мына мені айтсаң болад жетістікке жетті деп

Екі үйім бар, бәрі жетед, сенікі не ақшасы да азақ та


-Жо жоқ жаным осы жерден тоқтай ғой

Ақылың мен ақшаңды да өз қалтаңа сақтай ғой

Ұстаз болсам арым таза, жаным таза, адалмын

Ел силаған, ел білетін, білімді ұстаз сналдым

Ұстаздарды шет елдерге бармайды деп кім айтты?

Ұстаздарды үйсіз-күйсіз, ақшасыз деп кім айтты?

Қанағатшыл мұғалімдік мамандығыма бас ием

Қазіргінің ұстаздары заманауи қара құрбым интертен пен сайтты

Жақсылардың жаны жайсаң, жолы ашық болады

Жәннатта Алла зәулім сарай салады

Сонда жүрген адамдардың жартысынан артығы

Ісі адал мұғалімдер сияқты боп тұрады.

Саған айтар ақылым мен кеңесім

Ұстаздарға шәкірт сыйла, міне нағыз оң шешім

Шәкірт болар бала сүйгін адал, сүйген жарыңнан

Сонда басқа оймен қыркүйекте келерсің


Ұстаз-ана, ұстаз-дана тұғыры биік дәреже

Ұстаз-сана, ұстаз-пана мәртебесі асқақ және де

Үйретушіңді біл, ұмытпа оны ешқашан

Ұстазыңды сыйла, құрметте оны бәріңе ол ереже


Жансая.

Ия, қандай ой салатын өлең жолдары. Берік осы өлеңді шығарған жетекшіміз Қарлығаш апай 2013 жылы Жаңаөзен қаласының «Жыл мұғалімі» атағын жеңіп алғанын сен білесің бе?


Берік.

Ия, Жансая мен өз жетекшімді жақсы танимын. 18 мектептен көпшілігіміз Қарлығаш апай үшін ауысып келгенімізді жасыра алмаймын. Әсіресе ата-аналарымыз қатты қуанған. Ал менің одан да қатты не үшін қуанғанымды айтайын ба. Менің таңдау пәнім химия пәнінен Бибайша апайдың Қызылсай мектебінде талай жыл әдіскер қызметін атқарып, атағы Республика көлемінде танылып, қазіргі таңда мені, бізді оқытып жатқаны қатты қуантады.


Жансая.

Ұстаздар, зерігіп, шаршап қалдыңыз ба? Олай болса келесі кезекті шаршағаныңызды басатын, сарайыңызды ашатын Ұстаз мамандығын таңдаған бір топ оқушыларға берейік


Ділдә

Сергіту сәті

Саламатсыздар ма менің игі жақсыларым. Орнымыздан тұрып, шаттық шеңберін құрып сергіту сәтіне көшеміз. Сізбен бірге мен, болашақ ұстаз мамандығын таңдаған Ратжанова Ділдә. Ал олай болса бірге менен кейін қайтала


Шөбі шүйгін көк майса

Алақаным жұптасқан

Тік тұрып сен қимылда

Төбемде тұр көк аспан (қара жорға билейміз)


Оң қолымда кеудемде

Сол қолымда кеудемде

Аяқтарым билеуде

Тұла бойым икемде (лизгин биін билейміз)


Қолың бастың үстінде

Астына қолым түстің бе ?

Қимылдат басты, қанекей

Жыми, биле күрсінбе (өзбек биін билейміз)


Қарсы қойып қолыңды

Иықтарың қонымды

Қозғалт міне осылай

Тапқын оң мен солыңды (орыс биін билейміз)


One, two, three де

Dance, dance we де (2 рет) (ағылшынша сөйлейміз)


Ой бәрекелді, қошеметтейміз бір-бірімізге


Берік.

Жансая ең қиын мамандық не екенін білесің бе?


Жансая.

Ұстаздық шығар


Берік.

Одан да қиын мамандық бар екен. Қане қонақтардың өзінен сұрап көрейік.

Ия ол әрине ата-ана болу. Ата-ана болу қиындардың қиын мамандығы екен. Ал біздің сыныпта ұстаз аналардың, әкелердің ұл қыздары оқиды.


Жансая.

Ия, менің әкем Хусайнов Нұрбек №15 орта мектептің дене пәні мұғалімі, Ал, Жолдасова Нұрсәуленің анасы Джумагамбетова Зоя Каспий колледжінің мұғалімі, Және Азанкулов Бекзаттың әжесі Байбозова Жамиля ұстаздық жолда еңбек етіп, қазір зейнетте. Ал, Оразғали Қуанғалидың әкесі Меңдібаев Мырзағали №21 орта мектепте математика пәні мұғалімі. Олар үшін де бір құттықтап қошеметтеп қояйықшы

Берік.

Олай болса кезекті Ұстаздың ұлы Оразғали Қуанғалиға береміз. Көрініс.

Қуанғали Көрініс

Саламатсыздар ма, Мен мұғаліммін. Мұғалім деймін ау, мұғалімдікті оңай кәсіп көріп жүрген, жеңіл табыс көріп жүрген адасқан жанмын. О неге дейсіз бе? Қызық па? Айтып берейін бе?

Алдыңғы жылы тамақ басты көз қыстымен ағайын директор таныс көкемнің арқасында мектепке мұғалім боп кірдім. Кім дейсіз бе, қазақтілі пәнінің мұғалімі. Содан не керек, айлар өтті, тоқсан бітті, шырылдауық шегірткенің уақыты жетті. БЖБ дейсіңдер ма, ТЖБ, ҚМЖ, ҚТЖ ма қалай өзі үш әріптің басын құрап әдіс тауып алыпсыз ғой. Ол үш әріптер өздерімен, мен өзіммен, оқушылар өзімен не керек күндер қызықты өтіп жатты ғой. Қызықты бола берер ма еді, кім біліпті сол бір күн болмағанда. Сол бір есіме түсіруге, тіпті ойлауға арланатын не күлерімді, не жыларымды білмейтін күнім. Қайдан келгені белгісіз, бір үш басты айдаһар ұқсаған үш комиссия екі кештің арасында сап етіп мектепке келіп қалмасы бар ма? Кім шақырған деймін да, отырмай ма жылы орнында. Сол, келді, келгенімен қоймай менің сабағыма кірем деп келген ғой. Ой жүгірдім кеп, жүгіргенім соншалық үш этажды айналып текке жүгіре беріппін. Қой бұным болмас деп сабақ кестеме қарап, 5 в сыныбына сабағым екен, жоспарымды қарасам «Тыныс белгілер» тақырыбында диктант жазу керек екен. Ой бір құдайым бар екен деп кішкене жақсара бастадым. Класыма барып, қулыққа басып,

  • Балалар, қазір диктант жазамыз, - дедім. Мен көзімнің біреуін ұстасам бір нүкте, екеуін

ұстасам қос нүкте, ернімді жымитсам сызықша, мұрнымды ұстасам үтір, оң құлағымды ұстағанда тырнақша ашасыз, сол құлағымды ұстасам жабасыз дедім. Жөтелгенде азат жолдан бастайсыз деп жалма-жан айтып болғаным сол үш бастылар келіп кірді. Артқы орындарға жайғасты. Мен де сабағымды бастап, диктантымды оқып кете бердім. Қорыққаным соншалық, құлақ мұрындар тарс есімнен шығып кетіпті.Балдардың екі көзі менде, не болды екен деп сасқанымнан мұрнымнан шыққан терді сүртсем үтірді кеп қояды дейсің. Тізілген үтірлерді көріп, баяғы бетімдегі тыныс белгілер есіме түсті. Бірақ қай мүшем қай тыныс белгісі екенін білсем шіркін. Сасқанымнан жөтел қысып, жөтелсем, әр сөйлем жаңа жолдан басталады кеп, әр сөз былай тұрсын, әр әріп қанғып әр қатарға кетті. Аузымды ұстап, құлағымды ұстап қайта-қайта тыныс белгілерді көріп, көзім шығып, оны қасыған сайын, жаным да шықты-ау. Қырсыққанда тұла бойымның бәрі жыбырлап, қаратерім үстімді шайып кетті. Қолымды бірақ сілтеп, сыныптан одан мектептен шығып кеттім. Қайта келместей кеттім. Есікті жабуға да шамам келмеді. Оңай олжа көрген мамандығымның, сол маман иелерінің қадірін білдім.




Жансая.

Ұстаз бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашан да кешірген

«Өмір жолы-қиын жол» деп әр дайым

Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген


Ендігі кезекті Мұғалімдерге арналған заманауи және ретро әндер стилінде орындалатын мюзиклға берейік.


1-топ. Ділда, Бекзат, Ербол

Айбынды тілімнің бізде жанашыры бар

Айтулы тілімді білер басшы да бар

Үйренеміз Зәуре, Зульфия, Гүлнұр апайдан

Ұрандаймыз біз, ұрандаймыз біз

Алға қазақ тілі, қазақ тілі

Қалма ана тілі, ана тілі

Алға қазақ тілі, қазақ тілі

Қалма ана тілі, ана тілі


2-топ. Нұржанат, Бексұлтан, Қуанғали

Келші, келші бермен келші дейсің сен

Кездесерміз мектеп көше сенімен

Кет әрмен деп айтама деп зәрем жоқ

Бағила апай, Абай ағай менімен

Кет әрмен деп айтама деп зәрем жоқ

Бағила апай, Абай ағай менімен


3-топ. Роза, Назерке, Берік

У психология, у психология

Өзіңді тану, тренингке бару

У Бағдат апай, мерекеңізбен

Әніммен шашу, әніммен шашу


Ер балдар

Тәртіп пенен білімді қатар ұстаған

Гүләйім апай ұраныңды қатаң ұстанам

Ұстазым

Ақылшым

Күлімдеген

Жалпы жақсы адам

Алға қырандарым ай Ұландарым ай

Әскерге біз барамыз деп ұрандадым ай

Алға қырандарым ай Ұландарым ай

Әскерге біз барамыз деп ұрандадым ай


2-топ. Нұржанат, Бексұлтан, Қуанғали

Жүгіртесің далада, жүгіртесің залда да

Допты қуып әлекпіз

Қайта қайта қайталап

Ой, ой Түгелбай ағай

Ой, ой Қанағат ағай

Ой, ой Түгелбай ағай

Ой, ой Қанағат ағай


3-топ. Роза, Назерке, Берік

Дәрігер, технолог, фармацевт, биолог сен

Боламын десеңдер оқыңдар сеніммен

Гүлшат, Бибайша, жетекшім Қарлығаш

Тәлімгер Фарида, биологтар талдырмаш

Химия, химия, химия кіреді менің миыма

Биология, биология, биология кіреді миыма, миыма

Химия, химия, химия кіреді менің миыма

Биология, биология, биология кіреді миыма, миыма


1-топ. Ділда, Бекзат, Ербол

Ауыл менен қала, материк пен дала

Іздейміз картадан, глобустан да

Ғасырлар мен жылдар, уәзір, хандар, құлдар

Оқы жазып жатта әрі таңда

Сен барсың барсың Құралай апайым,

Сен барсың барсың Сағира апайым


2-топ. Нұржанат, Бексұлтан, Қуанғали

Еңбек, еңбек, еңбек ай,

Еңбек бәрін жеңбек ай

Ербол менен Толғанай

Еңбектенер ерлеп ай


3-топ. Роза, Назерке, Берік

Косинустар, синус, плюс, минустар

Ұғындырар үйретіп, күнде минуттап

У-У-У Индира апай алғыс айтамыз сізге

У-У-У Индира апай алғыс айтамыз сізге


1-топ. Ділда, Бекзат, Ербол

You are happy perfect

You are happy beauty

Our English teacher

We are love you Dinara


2-топ. Нұржанат, Бексұлтан, Қуанғали

Ғалам, әлем, желі сәлем біз біргеміз

Перне тақта, есте сақта сіз білсеңіз

Информатик - Гаухар апай құтты болсын

Мейрамдарың, мейрамдарың, мерекеңіз


3-топ. Роза, Назерке, Берік

Сандуғаш апай,

Біздерге кітап беріңізші

Жыртпай түгел қайтарамыз, сеніңізші

Кітапханашы апай

Кітапханашы апай


Ермек

Пришла учительница в класс

Сама чуть чуть постарше нас

И провела такой урок

Что мы забыли про звонок

Молдир апай мы любим вас


Барлығы бірге

Байлығым берекең, көңілің көл екен

Құтты болсын ұстаз мерекең

Пейілің кең екен, далаңа тең екен

Тарқамасыз мәңгі мерекең


Жансая.

Аса құрметті мұғалімдеріміз мерекелеріңіз тағы да құтты болсын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тилейміз, келесі кездескенше күн жақсы болғай. Сау саламатта болыңыздар. Сіздерге үлкен рахмет!!!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.11.2018
1525
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі