Материалдар / Үстел теннисінің организімге әсері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Үстел теннисінің организімге әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Үстел теннисінің организмге пайдасы,тарихы,дамуы.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті















«Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасы

Тақырыбы: Үстел теннисінің организмге пайдасы











Орындаған: «Дене шынықтыру және спорт»

білім беру бағдарламасының 3 курс студенті

Турсынбаев С.А

Тексерген: PhD қауымдастырылған

профессоры Мендигалиева А.С





Орал-2023 жыл

Жоспар

I. Кіріспе

II. Теннис тарихы

III. Үстел теннисінің физиологиялық әсері

IV. Батыс Қазақстандағы үстел теннисі

V. Қорытынды

VI. Пайдаланылған әдебиеттер



I.Кіріспе.

Үстел теннисі өте кең тараған ойын. Бұл үстел теннисінің спорттық және қозғалыс ойындары ретінде аса көп материалдық шығынды және спорттық жарыстарда, жаттығуларда аса көп орынды талап етпейді. Сонымен бірге ойын кезінде жоғары қозғалыс белсенділігімен ерекшелене отырып адамның бойына жылдамдық, ептілік, қимылды басқарушылық, зейінділігін арттыру, әрекет жасау, көзбен мөлшерлеу, ойлау сияқты қабілеттіліктерін қалыптастырады.

Үстел теннисі өте қызықты, жан жақты, әр жастағы адамдар үшін қол жетерлік ойын. Қимыл қозғалыстың тездігі, шабуылдардың шапшаңдығымен, техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен оқиғалардың әсерлілігімен өзіне қатты қызықтырады. Қимыл қозғалыс, дағдылардың әр түрлілігімен, түрлі үйлестік пен күшейте түсуімен, барлық физикалық сапалардың дамуына жағдай жасайды. Ойын кезінде ойыншы жалынды, жігерлі күшпен бірге дене қозғалысына қосымша күш береді.

Үстел теннисі (Пинг-понг) – белгілі ғимарат ішінде, арнайы ойын үстелінде арнайы ракеткамен ойналатын, шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі. Егер қарсылас арнайы допты үстелден тыс жерге асырса немесе сіздің алаңыңызға түсіре алмай допты ракеткамен торға ұрса сіз арнайы ережелер бойынша ұпай ала аласыз.

Үстел теннисі әрқашан жылдамдыққа бағытталған қатал сайыс екені рас. Алғашында XIX ғасырда оны түстен кейінгі ойын ретінде ермек қылған. Ойыншылар ас үстелінің үстіне тордың орнына кітаптарды қойып, шылымның қорабымен бөтелкенің тығынын соғып ойнаған. [1]







II.Үстел теннисі.

Теннис тарихы

Үстел тенисi (пинг - понг) – арнайы ережелерге сәйкес ойын үстелiнiң үстiнде жұмыртқа тәрiздес шарды қалақшаның көмегiмен ұрғылап ойнауға негiзделген спорт түрi. Оның пайда болуы туралы пiкiрлер кереғар. Бiрi Азияда – Қытай немесе Жапонияда туындаған десе, ғалымдардың көпшiлiгi оны XIX ғасырдың II жартысында Англияда король теннисiнiң бiр түрi ретiнде дүниеге келдi деп есептейдi. Оған дәлел – XVI ғасырдың өзiнде - ақ Англия мен Францияда өте қызықты, ережесiз ойынның болғандығы туралы деректер. Үлкен тенистегiдей тор қалақшамен: әйелдер ұзын сәндi көйлек, ерлер смокинг киiп ойнаған ескi суреттер әлi сақталған. Бiр қызығы, алғашында еденде, бертiн келе бөлекше орналасқан үстелдерде ойналып, кейiннен екi үстел бiрiгiп, ортасына тор керме орнатылған екен. Бұл ерекше ойын Еуропада пайда болды дегенмен, әлi күнге дейiн әлем бойынша қытайлықтар бiрiншiлiктi бермей келедi.

1926 жылы Германияның Берлин қаласында үстел теннисiнiң федерациясы құрылып, осы жылы Лондонда тұңғыш әлем чемпионаты өткiзiледi. Алғаш чемпионат өткiзiлген күннен бастап тамашалауға келген жұрттың саны 10 мыңнан асты. 1936 жылы аталмыш спорт түрi «үстел теннисi» деген атауға ие болды.

Үстел теннисі – спорт ойынының бір түрі. Үстел теннисі салмағы 2, 40 – 2, 53 г, шеңбері 11, 4 – 12 см целлулоид доппен арнайы үстел үстінде қалақпен ойналады. Үстелдің дәл ортасына биіктігі 15, 25 см тор тартылады, үстелдің ұзындығы 2, 74 м, ені 1, 525 м, биіктігі 0, 76 м. Үстел қоңыр, көк бояулармен боялады. Допты тордан асыра соғып, үстел бетіне бір рет тигізіп қарсылас жағына түсіру керек. Үстел теннисін екі не төрт адам ойнайды. Бір ойын 21 ұпайға дейін ойналады. Бірақ есеп айырмасы екеу болуға тиіс. Мысалы, 22: 20, 25: 23, т. б. Ресми жарыстарда әрбіреуі 20 миниралтан 3 не 5 рет ойналады. КСРО - да үстел теннисі 1925 жылдан басталды. 1950 жылы Үстел теннисінің федерациясы құрылды. Алғашында жекелей, ал 1952 жылдан командалық біріншілік өткізілді. 1954 жылы КСРО үстел теннисі федерациясы халықаралық теннис федерациясына мүше болды. Қазақстанның алғашқы біріншілігі 1953 жылы өткізілді, КСРО чемпионаттарында республика теннисшілері 7 - орын, жасөспірімдер 6 - орын алды. Республикамыздың үстел теннисінің спортшылары Ә. Серікбаева, В. И. Переверзов, А. Тоқпанов, А. Оспановалар спорттың бұл түрін дамытуға зор үлес қосты. [2]

1-сурет. Қазақстанның бірінші ракеткасы Кирилл Герасименко



III.Үстел теннисінің физиологиялық әсері.

1. Үстел теннисін ойнау қол-көз координациясын жақсартады, ақыл-ойды сергітеді, концентрация мен тактикалық стратегияны дамытады. Бұл дегеніміз күні бойы компьютер алдында отыратын кеңсе қызметкерлері үшін таптырмас спорт деген сөз. Мәселен, компьютер алдында көп отыратын адамдар көзге арналған гимнастика жасауды әдетке айналдырғаны абзал. Ал үстел теннисін ойнағанда шапшаң қозғалған допты көру үшін көз қарашықтары еріксіз қозғалатыны айтпаса да түсінікті. Ал мұнымыз, өз кезегінде, көздеріміз үшін  керемет гимнастика.    

2. Ойлау шапшаңдығын арттырады. Үстел теннисін «high-speed chess» – «аса шапшаң шахмат»  деп бекерден бекер атамаса керек. Бұл спортта допты неғұрлым қатты жылдамдықпен соғу, айналдыра шиіру, үстелге дәл түсіру және қарсыластың соққысына шапшаң бейімделіп, шебер қайтара білу  төтенше маңызды. Бұның бәрі тез ойлау мен тез шешім қабылдауды қажет етеді. 

3. Рефлекстерді дамытады, яғни дене қозғалысы шапшаңдығын арттырады.  Себебі ойынның сипаты шапшаң ырғақты, қысқа қашықтықты болғандықтан ірі әрі ұсақ бұлшық еттердің қозғалысы жақсарады.

4. Буындарға аса пайдалы. Тізеңіз ауырады ма, арқаңыз тырыса ма, жауырыныңыз сыздай ма?  Онда үстел теннисін ойнаңыз. Ол Сіздің денеңізді лезде сергітіп, буындырыңызға аса ауыртпалық түсірместен-ақ, оларды шыңдай түседі.  

5. Калорияларды жағып, сымдай тартылып жүрудің керемет жолы. Салмағы 69 килограмды құрайтын адам 1 сағат теннис ойнаса, 272 калорияны оңай жағып жібереді екен.

6. Мидың саулығын сақтайды. Альцгеймер Уикли (Alzheimer’s Weekly) ақпараты бойынша үстел теннисін ойнағаннан мотор дағдылары мен сана сергектігінің шыңдалуы анық байқалған. Жапонияда өткізілген клиникалық  зерттеулер нәтижесіне сәйкес үстел теннисін ойнау миға қан ағымын айтарлықтай арттырады екен, тіпті алжудан да сақтауы ықтимал екен.   

7. Мидың түрлі бөліктерінің жұмысын ынталандырады. Қарсыластың соққысын қайтарғанда, ойыншы ми қабығының префронтальды (маңдайға үсті) бөлігін қолданады екен, өз кезегінде, мидың бұл бөлігі стратегиялық жоспарлауға жауапты. Ойынның физикалық белсенділікті қажет ететін ширақ қозғалыстары мидың гиппотоламус деп аталатын бөлігін ынталандырады екен, мидың бұл бөлігі ұзақ мерзімді фактілер мен оқиғаларды қалыптастыруға және сақтауға жауапты.  

8. Ұжым бірлігін арттырады. Әсіресе бұл қызметкерлері бірін-бірі тани бермейтін үлкен мекеме ұжымдарына оңтайлы болмақ. Жұмыс барысында ортақ істес болмағандықтан, әншейінде кездескенде тек амандасумен шектелетін қызметкерлер үзілісте үстел теннисін ойнау барысында ортақ қызығушылықтары пайда болып, шүйіркелесіп жатады. Оның үстіне үстел теннисі жас және жыныс ерекшеліктеріне келгенде аса демократиялық спорт. Яғни оны жас та, кәрі де, ер де, әйел де бір-бірімен ойнай береді. [3,4]



IV.Батыс Қазақстандағы үстел теннисі.

Қарағанды қаласында жеке-командалық Қазақстан Республикасы чемпионаты аяқталды. Осы сайыста командалық біріншілікте Батыс Қазақстан облысының ерлер құрамасы алтын медалға ие болды. Оралдықтар финалдаүстел иелерін 3:0 есебімен жеңіп, алғаш рет ел чемпионы атанды. Әйелдер арасында чемпионаттың күміс медалын да батыс Қазақстандық команда жеңіп алды. Ел чемпионатынан үлкен жеңіспен келген команда спортшыларымен Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев арнайы кездесіп, облыс құрамасының жаттығу барысын тамашалады.

Мен сіздерді осы тамаша жетістіктеріңізбен құттықтаймын. Облыс тарихында алғаш рет ерлер құрамасы республика чемпионатының алтынын жеңіп алды. Өткен жылы облыстың әйелдер құрамасы чемпион атанды. Үстел теннисі дене қозғалысы белсенділігін арттыратын өте қызықты спорт түрі. Ол елімізде жылдан жылға дамып келеді. Шындығына келсек, үстел теннисі кеңінен насиxаттауға лайық спорт түрі. Ол үшін үстел теннисін ойнауға қызығатындар санын арттырып, теннис үстелдерін көптеп орналастыру керек. Ол аса қиынға соқпас, – деді облыс әкімі.

Бүгінде Батыс Қазақстан облыстық ерлер командасықұрамында ағайынды Айдос пен Дастан Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Дамир Мэлсов, Болат Ниетқалиев сынды спортшылар бар. Қарағандыдағы сайыста Дастан мен Айдос жұптасып өнер көрсетуден – үшінші орын, қыздар арасында Гүлчехра Хусейнова – екінші, Алсу Сапарова – үшінші орын алса, аралас жұпта Айдос Кенжеғұлов шымкенттік Әнел Бақытпен бірге бірінші орынды жеңіп алды. Ал жекпе-жек сайыста Дастан – екінші, Айдос – үшінші, Гүлчехра мен Алсу – үшінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, оралдық екі спортшы Қазақстан Республикасы Ұлттық Құрамасы сапында. Олар қазір халықаралық жарыстарға, ақпан-наурыз айларында Катарда өтетін Азия Олимпиадалық іріктеу турниріне дайындалуда.

Кездесуде өңірде үстел теннисін одан әрі дамыту үшін ең алдымен жәйлі әрі заманауи құралдармен жабдықталған зал қажеттігі де әңгіме болды. Орал қаласында теннис сарайы болғанымен, ол үстел теннисі залына қойылатын ерекше талаптарға сай емес екен.

Өңір басшысы спортшылардың ұсыныс-пікірін тыңдап, облыстық спорт басқармасына зал бойынша мәселенің оңтайлы шешімін дайындауды тапсырды. [5]



Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 2-сурет. Батыс Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы



Қорытынды

Үстел теннисі өте қызықты, жан жақты, әр жастағы адамдар үшін қол жетерлік ойын. Ол өте құмарлы және назданбайды Қимыл қозғалыстың тездігі, шабуылдардың шапшаңдығымен, техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен оқиғалардың әсерлілігімен өзіне қатты қызықтырады. Қимыл қозғалыс, дағдылардың әр түрлілігімен, түрлі үйлестік пен күшейте түсуімен, барлық физикалық сапалардың дамуына жағдай жасайды.Ойын кезінде ойыншы жалынды, жігерлі күшпен бірге дене қозғалыына қосымша күш береді. Үстел теннисі негіздерін оқыту ЖОО бағдарламасына кіреді. Студенттер ойынның жаңа элементтері мен ойын тактикасын меңгеріп, ойынның негізгі ережелерімен танысуы қажет. Үстел теннисімен шұғылдану студенттердің физикалық дамуына, пәнмен, күн тәртібімен, гигиена және өз өзін бақылауымен танысуға бағытталуы тиіс

Қазақстанның спорт федерациясы үстел теннисi сынды спорт саласына дұрыс көзқарас танытып, мемлекет тарпынан қолдау көрсетiп жатса құба - құп. Тәуелсiз ел болып, тереземiз теңелген соңғы жиырма жылда үстел теннисiнiң ойыншылары бiрде - бiр рет әлемдiк деңгейдегi чемпионаттарға қатыстырылмаған. Бұл спорт ойыны елiмiзде одан әрi дамып, Әлия сынды әлем чемпиондары дүниеге келерiне сенгiмiз келедi. Қазақстан Республикасының құрамасы әлемдік жарыстарға қатысса, жүлделі орындарды иеленсе екен деген үлкен үміт бар.



Пайдаланылған әдебиеттер

1. А.Н. Амелин. Үстел теннисі (спорт әліппесі)/ А.Н. Амелин, В.А.

Паншина. – М: ФиС, 1980.-112 б.

2. Г.В. Барчукова. Үстел теннисін ойнауға үйрен/Г.В. Барчукова.-М.:

Кеңес спорты, 1989.-48 б.

3. Г.В. Барчукова. ЖОО үстел теннисі /Г.В. Барчукова, А.Н. Мизин.-М.:

Спорт Академ Пресс, 2002.-132 б.

4. Ю.П. Байгулов. Үстел теннисінің негіздері/Ю.П.Байгулов, А.Н.

Романин -М.: ФиС, 1979.-160 б.

5. Г. Гринберг. Үстел теннисі./Г.Гринбрг.-Кишинев, 1973.-94 б

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!