Материалдар / "Үстеу, оның мағыналық тұрлері" тақырыбына ашық сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Үстеу, оның мағыналық тұрлері" тақырыбына ашық сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен "Үстеу, оның мағыналық тұрлері" тақырыбына ашық сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
771
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

______________ПЦК



_____ Сабақтың оқу- әдістемелік жоспары

Учебно- методический план занятий № __


Топ:

Күні: ___________

Тақырыбы/Тема:Үстеу, мағыналық түрлері.

Cабақтың түрі/Вид урока: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты/Цель урока: Үстеу және оның мағыналық түрлері бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерін жетілдіру.

Оқытушылық/Обучающийся: Студенттердің үстеу жөнінде теориялық білім беру.

Дамытушылық/Развивающая: студенттердің  ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін,  тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік/Воспитательная: бір -бірін тыңдауға, шапшаңдыққа, құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс/Межпредметные связи: қазақ әдебиеті

Көрнекі құралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар/Наглядные пособия, оборудования, раздаточный материал: Сызба, түрлі - түсті суреттер, кеспе қағаздары, сөзжұмбақтар.

Сабақ барысы/Ход урока


1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, түгендеу, сабақтың міндеті мен мақсаттарын қою)/

Организационная часть (приветствие, перекличка, постановка цели и задачи урока).

Үй тапсырмасын тексеру. Сөз құрамына талдауды тексеру.

2. Жаңа тақырып/Новая тема:Үстеу, мағыналық түрлері.

Сабақтың тақырыбын ребус шешу арқылы ашу.


Тақтаға мысал жазылады: балаша күлді, төменге құлады, жаздыгүні барамын, әдейі айтты.


Үстеу – іс - әрекеттің белгісін (орнын, мезгілін, амалын, мақсат - себебін) білдіретін сөз табы. Сондықтан да үстеулер қолданылу барысында етістіктермен тіркесіп тұрады.

Мысалы: Күні-түні өте алыс жолды жүріп өтіп, алға беттеген Асан бекерден-бекер босқа келмегеніне көзі жетті.

Ой қозғау
- Мына суретке қараңыздар. Кімнің, қандай шығармасынан алынған деп ойлайсыздар? Жақында ғана әдебиет пәнінен өттіңіздер, киносын да көріп жүрсіздер.
(Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа») Қожаның қай сәтінен көрініс бейнеленген?(Сөмкеге бақа салып жатырған кезі) Енді мысал сөйлемдерге назар аударамыз.
1. Қожа сөмкеге бақаны лезде салды. (сын - бейне)
2. Қожа сөмкеге бақаны қасақана салды. (не мақсатпен? мақсат үстеуі)
3. Қожа сөмкеге бақаны құр босқа салды.(неге? себеп - салдар үстеуі)
4. Қожа сөмкеге бақаны салып, кейін кетті. (қайда? мекен үстеуі)
5. Қожа сөмкеге бақаны таңертең салды. (қашан? мезгіл үстеуі)
6. Қожа сөмкеге бақаны онша қорықпай салды. (қаншалықты? мөлшер үстеуі)
7. Қожа сөмкеге бақаны аса сақтықпен салды. (қандай? күшейткіш)
Не байқадыңыздар, оқушылар?
1. Үстеулер қандай сөз табымен тіркесіп келіп тұр? (етістік)
2. Үстеулер дегеніміз не? Етістіктің, яғни қимылдың, іс - әрекеттің әр түрлі белгілерін, сипатын, жай - күйін білдіретін, өзгертуге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге келе бермейтін сөздер.

Мысалды талдау арқылы, үстеудің мағыналық түрлерін топтастыру.
Үстеудің мынадай мағыналық түрлері бар: мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, сын - қимыл (бейне) үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейткіш үстеуі, мақсат үстеуі, себеп - салдар үстеуі.






Мезгіл үстеулер

Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

Мекен үстеулер

Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? Қалай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.

Сын-қимыл үстеулері

Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.

Мөлшер үстеулері

Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.

Күшейткіш үстеулері

Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.

Мақсат үстеулері

Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.

Себеп-салдар үстеулері

Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті.


Топты 3 топқа бөліп, тапсырмалар орындау.

1-топ. Мезгіл, мекен, мөлшер үстеулері

2-топ. Сын-қимыл, күшейткіш үстеулері.

3-топ. Мақсат, себеп-салдар үстеулері.


1-тапсырма. Терме диктант. Берілген сөздерден үстеу сөздерді ғана теріп жазу.

Анау, босқа,әдемі, балаша, келіспеді, амалсыздан, соншама, қазақ, бекерге, өте, шарасыздан, тым, ілгері, асқар, бүркітше, әдейі, біршама, достар, таудан, екіде, қыстыгүні, алыс, мектепішілік, көңіл-күй.

2-тапсырма. Семантикалық карта толтыру.

1-топ.

Үстеу

Мезгіл

мекен

Жоғары



Жаздыгүні



Алыс



Төменге



Ілгері



Ала жаздай



Алға



таңертен



кейін



артқа



кешқұрым



2-топ.

Үстеу

Сын-қимыл

күшейткіш

Балаша



Өте



әлдекімше



Аса



тым



Бірте-бірте



ең



кілең



төтесінен



Лезде



ақырын



3-топ.

Үстеу

Мақсат

Себеп-салдар

амалсыздан



қасақана



жорта



шарасыздан



әдейі



Құр босқа



лажсыздан



бекерге




3-тапсырма. Жаттығумен жұмыс.

1-топ. Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына мөлшер үстеулерін тауып жаз. 

Біз күткен поезд мезгілінен … кешігіп, түн ортасы ауа келді. Адам деген … қиындыққа төзеді деп кім ойлаған?! Түн әлі де … қараңғы. Күндіз … жобалап қойған тас жолмен вокзалға жаяу тартып келем. Вагон ішіндегі адамның көптігі…бөшкеге толтырып салған балықтай екен.

2-топ. Көп нүктенің орнына сын-қимыл (бейне) үстеулерін қойып жаз.

Біз елден шықанда, күн де сәскелікке жақындап еді. Асан екеуіміз… әңгімелесіп келеміз. Жел … еді. … алдымыздан ауыл көрінді.…дегенде ауылдың шетіне таяу келіп тоқтадық.Қыз-бозбалалар …сөйлесіп тұр. Дереу бізді көріп, …үйге тарқаса бастады. Біз үйге кірдік. Үйдің іші…адам. Жастар бір… әзілдесіп отыр екен.(Б.Майлин.)

3-топ. Көп нүктенің орнына мақсат, себеп-салдар үстеулерін қойып жаз.

Біздің Мейрам ..........сөйлейді. Әсем сөйлеуді .............. үйренген.

Оның сөйлеу шеберлігіне ................. қызыққан жолдастары одан бұның сырын сұрады. Көркем сөйлей білу ............ көп оқуды, ............... еңбектенуді талап етеді. Оның көп жылдар еңбектенгені ......... кеткен жоқ.

4-тапсырма. Шығармашылық тапсырма. Берілген тақырыптар бойынша үстеулерді қатыстырып шағын мәтін құрау.

«Ауылда»

«Орманда»

«Мектепте».

5-тапсырма. Мақал-мәтелдерде көп нүктенің орнына тиісті үстеуді қойыңыз.

1...... тұрған жігіттің ырысы артық,

......тұрған әйелдің бір ісі артық.

2. Көп жауған күн

Тым ...... ашылады.

3. ……… арық қазсаң,

Күле-күле су ішерсің.

4. Атаңа не қылсаң

...... сол келер

5. Еріншектің ...... бітпес.

6. ….. жатып ……..тұру,

Еріншектің белгісі.

7. Арғымақ аттың баласы,
….... оттап, ..…… жусайды,
Асыл ердің баласы,
……. сөйлеп,…….. тыңдайды.  

Нығайту/Закрепление: Сөзжұмбақ. «Үстеу» сөзіне сөзжұмбақ шешу.