400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үштік секіру: екпін, қарғу, адым, серпілу, ұшу, қону

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Үштік секіру техникасына оқыту және жаттықтыру. 2. Екпіннің жылдамдығы мен адымның ұзындығына әсер ететін себептер 3. Мектеп бағдарламасында ұзындыққа секіру. 4. Ұзындыққа секіруден өткізілетін жарыс ережелері 5. Секіру жаттығуларын өткізу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәріс № _____


Тақырыбы:Үштік секіру: екпін, қарғу, адым, серпілу, ұшу, қону


Жоспары:

  1. Үштік секіру техникасына оқыту және жаттықтыру.

  2. Екпіннің жылдамдығы мен адымның ұзындығына әсер ететін себептер

  3. Мектеп бағдарламасында ұзындыққа секіру.

  4. Ұзындыққа секіруден өткізілетін жарыс ережелері

  5. Секіру жаттығуларын өткізу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері


Секіру техникасын үйрету.

Секірдің қандай түрі болмасын солардың біреуін орындаған кезде негізгі әсер ететін күштер – жерден күш ала тіреніп жылжып кету күші мен дененің өзінің ауырлық күші болып саналады. Секіру жерге түсу кезеңімен – аяқталады. Жерге түсу кезінде аяқтың бұлшық еттері дене жерге түскенде алатын соққыны жеңілдету жұмыстарын атқарды. Жерге түсу кезінде аяқ тиетін жер немесе алаң ауырлық орталығының қалықтау доғасының жалғасына орналасса ғана тепе – теңдік сақтауға болады [4].

Секіруге арналған сектор шұңқырмен (ені 2,75 метрден кем емес, ұзындығы 6 метрден және тереңдігі 0,5 метрден кем емес) жабдықталған. Стадионда арналған ағаш кескіні 1–3 метр қашықтықта ал залдарда 3 метрден кем емес қашықтықта орнатылады.

Ағаш кескінінің арғы шетінен пластилин текшесі немесе ені 10 см және биіктігі 0,7 см дымқыл құм  жапсырылады, алдыңғы шеті 30° бұрышта  қисатылған. Егер жарысқа сегіз немесе одан да аз қатысушылар қатысса онда олардың алты әрекет жасауға құқығы бар. Егер қатысушылардың саны сегізден асып кетсе, оларға үш секіруге құқық беріледі. Ең жақсы нәтиже көрсеткен сегіз спортшы үш әрекет жасауды қолданып финалда секірулерін жалғастырады. Финалға қатысу міндетті түрде. Тек қана ауырған жағдайда ғана секіргіш жарыстарға қатысудан бас тарта алады.

Ұзындыққа секірудің кезеңдері «фаза»

Әдетте үштік секіру 6 кезеңнен «фаза» тұрады.

1.Екпіндей жүгіру.

2. Қарғу

3. Адымдау

4. Серпілу

5. Ұшу

6. Қону

Екпіндей жүгіру. Екпіндей жүгіру жылдамдығы неғұрлым жоғары болған сайын, ұзындыққа секіру қашықтығы соғұрлым артады.

Қарғу. Ұзындыққа секірудің негізгі техникасының бірі.

Адымдау. Жүгіру жылдамдығы серпілу кезеңіне жеткенде ең жоғары деңгейге көтерілуі керек.

Серпілу (жерден көтерілу). Жерден көтерілу кезінде жылдамдық әсте төмендемеуге тиіс. Әдетте жерден серпілу сәті екпіндей жүгіріп келе жатып кенеттен жасалған сияқты болып көрінеді. Жерден көтерілу кезінде серпілген аяқ дереу тіктеле жазылып, денені жоғары әрі алға қарай лақтырғандай әсер қалдырады.

Самғау (ұшу немесе қалықтау). Жерден бір аяқпен серпіліс жасаған кезде екінші тізені бүге ілгері сілтенген аяқ жоғары әрі алға қарай бағытталады. Бұл сәтте серпілетін аяқ әлі де артта болады (адымдап ұшу). Бірақ бұл – қас қағымдық сәт. Ол сәл бүгілген қалыптан сілтенген аяққа қарай тез жақындай береді. Сөйтіп, екі аяқтың тізесі бір деңгейге келіп, сол сәтінде-ақ кеудеге жақындайды. Тізе төске жақындаған кезде, кеуде де тізеге қарай бүгіледі. Бұл да – қас қағымдық сәт. Өйткені тізенің кеудеге жақындаған сәтінен тізенің жазылып, аяқтың алға созылу сәті басталады. Осы мезетте жерге түсуге әзірлене бастау керек.

Жерге түсу(қону). Жерге екі аяқпен бір мезетте түсу керек. Жерге түсер сәтте жердең жеңіл серпіліс жасау үшін екі табан параллель қалыпқа келеді. Сонда жерге түсу кезінде болатын салмақ екі аяққа тең бөлінеді. Жерге қатты түспеуге қолдың көп көмегі тиеді: жерге түсуге жақындағанда қол алға – аяқтың басына қарай созылады да, кеуденің алға шығуын тездете отырып,дереу кейін әкетіледі [2].

Мектеп бағдарламасында ұзындыққа секіру.

Ұзындыққа секіру. VIII сыныптағы сабактар барысында жасөспірімдер мен қыздардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып «аяқты бүгу» тәсілімен үзындыққа секірудің жекелеген бөліктерін орындау техникасын жетілдіреді, оқу нормативтерін орындауға дайыңдалады. Сабақтардың негізгі бағыты жоғары шапшандыкқа серпілу техникасын жетілдірумен сипатталады. Секірудің осы фазасын орындау қиындығы екпін алу шапшандығының үдеуіне және шүғылданушының қозғалыс-тірек аппаратының күш мүмкіндігінің жетіспестігіне байланысты. Үйретуге қажетті әдістемелік нұсқаулар үзындыққа секіру техникасын жетілдіру эр шүғылданушы үшін толық және екпін алып, көп жағдайда түтас секіруді орындауда жүріп жатады. Сол себепті секіру дайындығының алғашқы сабақтарын алдыңғы сыныптардағы әркімнің таңдаған екпін алуын нақгылау мен түзетуге арнау керек. Бұл ретте ұстаз 30 және 60 м-ге жүгіруде оқушылар нәтижелерінің өте жылдам өсетіндігін есепке алуы тиіс. Оқушыларда 14-15 жас аралағында шапшандықгың көбірек өсуі байқалады: балаларда 17 %-ға және қыз балаларда 8 % (А.Н.Лапутин, В.Е.Хашко, 1986 ). Осыған байланысты көптеген жасөспірімдер мен қыздарда екпін алудың ұзындығы 2-4 адамға артуы мүмкін [3].

VIII сыныпта жеңіл атлетикапык секірулермен айналысу көп жағдайда жаттығу сипатына ие болады. Шұғылданушылармен жеке жұмыс жасаудың көлемі артады. Оқушылардың дене дайындығын есептей отырып, ұстаз оларға арнайы секіру жаттығуларын орындау жөнінде түрліше тапсырмалар береді. Олардың көлемі өздерінің жеке секіруінен артық болады. Секірудің өзін орындауда оқушыларға берілетін тапсырма жеке тұрғыда болуы тиіс (толық екпін алғанның өзінде де).

Үзындыққа секіру техникасын жетілдіруге себепші болатын жаттығулар үлгісі:

8-12 адымнан екпін алып «аякты бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіру. Секіруді орындаудың алдында окушыға қайсыбір элементті дұрыс орындау үшін нақгы оқу тапсырмасы беріледі. Бағдарды, кедергіні, адымды өлшеп белгілеуді қолдануға болады.

Жасөспірімдер үшін 210-220 см, қыздар үшін 195-210 см биіктікке ілінген затқа итерілетін аякқа аттас колды жеткізе 6-8 адымнан екпін алып, ұзындыкқа секіру. Затты серпілетін орыннан 1,5 м аралыққа іледі. Екпін алу ұзындығын нақгылау үшін жүгіру жолымен қайталап жүгіріп өту. Толык екпін алып ұзындыкка секіру. Шапшандық-күштілік қасиеттерін дамыту үшін VIII сыныпта негізінен VI және VII сыныптарда оқушылар колданған қүралдар пайдаланылады. Кейбір жаттығуларды орындау шарттары күрделілендіріледі. Күрделілендірудің шамасы төмендегідей болуы мүмкін: Серпілу үшін қиындатылған жағдайларда (қүмды шүңқырда, ағаш үгінділерінен жасалған жолда, гимнастикалық төсеніштерде жэне басқаларда) көп қайтара секіру. Гимнастикалық орындықтың шетінде түрып (30-40 см-лік кез келген өзге де биіктікте түрып) орындықтан серпіле бір аяқтан екіншісіне ауыса 5 рет секіру. 3-4 рет қайталау. Шүғылданушылардың шапшандық-күштілік дайындығын жақсарту үшін үсынылатын барлық жаттығуларды бар шапшандықпен орындау керек. Сонымен бір мезгілде үстаз окушылар зейінін орындалатын қозғалыстардың оңгайлылығы мен қажеттілігін түсінуге аударуы кажет. Мұның өзі жаттығуды қайталау санына қарағанда өте маңызды болып табылады. Жатгығудың пайдалы әрекетінің коэфиценті эрбір жаттығуды қайткенде де жақсы орындау — биігірек секіру, қашыққа түсу, барлық қозғалысты дүрыс орындау және т.с.с., бұлардың бэрі оқушылардың көңіл-күйіне байланысты [3].

Үйірмелер мен секциялардағы сыныптан тыс эрбір жатгығуға шапшаңдық-күштілік қасиеттерін дамыту үшін екіден кем емес жатгығуды жэне оларды 2-3 тізбекте орындауды енгізу ұсынылады. Секіргішпен орындалатын секірулердің және VIII сыныпта бір және екі аяқпен орындалатын секіру жаттығуларының өзге де түрлерінің күн сайынғы саны 300-500-ге дейін жетеді. Оқушылар үй жағдайында аптасына 2-3 рет бір аяққа отыруды жэне отырған қалыптан секіруді орындауы керек. Әр оқушы үшін жүктемені мүғапім жеке белгілейді.

Үш қарғып секіруден әлем үздігі

Үш қарғып секіруден 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова Қытайдың Шанхай қаласында өткен «Гауһар лига» турнирінде қола жүлде еншіледі. Нәтижесінде отандасымыз 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама жеңіп алды. Шанхайда өткен «Гаухар лига» додасында қазақстандық спортшы 14,38 метрге секірді. Ал Ольганың басты бәсекелестері колумбиялық Катерин Иваргуен 14,85 метрге секіріп, алтын медаль еншіледі. Күміс украиналық спортшы Ольга Саладухаға бұйырды. Ол 14,62 метрге қарғыды. Қола жүлде – қазақстандық спортшы үшін төменгі нәтиже емес. Себебі, Ольга Рыпакова биылғы жылғы алғашқы халықаралық жарысына қатысты. Айта кетейік, Ольга Рыпакова Лондондағы Олимпиадада 14,98 метрге секіріп, чемпион атанған болатын. Ал спорттық мансабындағы ең үздік көрсеткіші – 15,25 метрді құрайды. Қазақстандық спортшы Олипиада ойындарына үшінші рет қатысқалы отыр. 2008 жылы Пекинде 15,11 метрге секіріп, төртінші орын алса, Лондонда чемпион атанған-ды.

Ольга Рыпакова Сергейевна (қарашаның 30, 1984 жылы, Өскемен) — Қазақстан жеңіл атлеті, бастапқыда жеті сайыспенайналысса, кейін ұзындыққа секіруге мән беріп жүріп 2007 жылдан бері үш қарғып секірумен айналысады. О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын. Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды. Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды.

Ұзындыққа секіруден өткізілетін жарыс ережелері.

  1. Үстін басып секіру тақтайынан жүгіріп өтіп кеткен және секіруді орындай алмаған секірушінің бұл әрекеті қанағаттанғысыз деп есептеледі.

  2. Секіру ұзындығын өлшегенде секірушінің денесі құмға із қалдырған жерге дейінгі қашықтық есепке алынады.

  3. Жарыс кезінде әрбір қатысушыға үш секіру мүмкіндігі беріледі. Осы үш секірудің ең жоғары көрсеткіші есепке алынады.

Секіру жаттығуларын өткізу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері:

- спорттық аяқкиіммен секіру,

- секіріп жергетүсу барысында гимнастикалық төсеніштерге,

- спорт алаңында құм төселген жерге түсу.

Ұзындыққа , биіктікке секіру барысында бірінен соң бірі секіру рұқсат етілмейді .

Ұзын –қысқа секіртпелермен бір орында тұрып секіру. Секіру жаттығуларынан бір орында тұрып секіру ең тиімді дайындық құралы болып табылады. Бұл әдіс бастауыш сыныптың барлық сыныптарында қолданылады [2].


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Дене шынықтыру. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында жалпы орта білім беруге арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016. – 26 б.

  2. Мұхамеджанова Ұ. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі – Астана, 2017. – 200б.

  3. Тайжанов С. Жеңіл атлетика әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. – 252б.

  4. Төтенай Б. Дене тәрбиесі оқулығы – Алматы, 2017. – 160б

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
923
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі