Материалдар / Ұзақ мерзімді жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұзақ мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек пәнінен 5 сыныптарға ұзақ мерзімді жоспар. 4 бөлімде қамтылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2024
59
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Бекітемін»

«№1 TALANT» ЖББМ директоры:

Қаралды:

Арғынбай Р.Е. _______________

«________» _________________ 2024ж.

«КЕЛІСЕМІН »

Директордың оқу істері жөніндегі орынбасары:

Мамараимов М.Т._______________

«________» _________________ 2024ж.

Қарады:

Хаттама _____ӘБ жетекшісі:

Қасымбекова Л._______________

«________» _________________ 2024ж.



Шымкет қаласының білім басқармасының

«№1 TALANT жалпы білім беру мектебі»

«Көркем еңбек» пәнінің

Күнтізбелік-тақырыптық жоспары

2024-2025 оқу жылы








Пән мұғалімі: Ағабек Аякөз Төреханқызы

Сынып: 5 «А» (қыздар)

Оқулықтар: Алимсаева Р. Ш., Велькер Е. Е. , Лосенко О. С. , Развенкова И. А. «Келешек 2030» 2017ж







ҚР Оқу-ағарт арту министірінің 2024 жылғы 10 шiлдедегi № 174 бұйрығы сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылды




Ай және тоқсан бойынша оқу күні



IX

X

XI

XII

I

II

III

III



IV

V

Барлығы


22


20

18

21

17

20

12

5

20

21

Барлығы


I тоқсан



42

II тоқсан



39

III тоқсан



49


IV тоқсан



46




176






Демалыстар


Күзгі: 8 оқу аптасы, 7 күн (2024 жылғы. 28 қазан-3 қарашаны қоса алғанда).


Қысқы: 8 оқу аптасы, 10 күн (2024 жылғы. 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қантарды қоса алғанда).


Көктемгі: 10 оқу аптасы 11 күн (2025 жылгы 21-31 наурызды қоса алғанда).


Қосымша: 1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 10-16 ақпанды қоса алғанда).


Оқу жылының аяқталуы:_____ жыл___






САБАҚТАР МЕН ҮЗІЛІСТЕР КЕСТЕСІ


І жартыжылдық

I АУЫСЫМ


Сабақ

Сағат

Үзілістер

ДС

СС

СР

БС

ЖМ

08:00-08:40

5 минут






08:45-09:25

5 минут






09:30- 10:10

10 минут






10:20-11:00

5 минут






11:05-11:45

5 минут






11:50-12:30

5 минут






12:35-13:15

5 минут








II АУЫСЫМ


Сабақ

Сағат

Үзілістер

ДС

СС

СР

БС

ЖМ

1.

14:00-14:40

5 минут






2.

14:45- 15:25

5 минут






3.

15:30- 16:10

10 минут






4.

16:20-17:00

5 минут






5.

17:05-17:45

5 минут






6.

17:50-18:30

5 минут






7.

18:35-19:15

5 минут
















ТҮСІНІК ХАТ


Бастауыш және негізгі мектептің мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектептегі «Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» және негізгі мектептегі «Технология» пәндерінің мазмұны негізінде әзірленген кіріктірілген жаңа «Көркем еңбек» пәні енгізіледі.

Пәннің оқу бағдарламасы келесі тараулардан тұрады:

1) Жалпы ережелер – бағдарлама мазмұнын жүзеге асырудың мақсаты, міндеттері, негізгі әдіснамалық және әдістемелік қырлары туралы ақпарат қарастырылған;

2) Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру – оқу жүктемесінің көлемі туралы ақпарат берілген, пән бойынша тақырыптардың мазмұны енгізілген;

3) Оқыту мақсаттарының жүйесі – бөлім бойынша әр сыныпқа бөлінген оқытудың күтілетін нәтижелері (оқытудың мақсаты);

4) Ұзақ мерзімді жоспарлар – оқу жылы бойы бағдарлама бөлімдерін оқыту реттілігін анықтайды. Сағат саны бөлінуін, сонымен қатар тоқсанда оқытылатын тақырыптардың реттілігін мұғалімнің қалауы бойынша өзгертуге болады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаудың негізі болып табылады.

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту оқушылардың өнер мен технология саласындағы функционалды сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған, пәндік білім мен түсініктерін, тұлғалық, практикалық, көркемдік, зерттеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, әлемді эстетикалық қабылдауын дамытады.

Орта білім берудің мазмұнын жаңарту шеңберінде пәннің мазмұнын кіріктірудің себебі, қолданыстағы «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» және «Технология» пәндері бойынша оқу бағдарламалардың мазмұна жасалған талдау мазмұны жалпы ұқсас екенінін және аталған пәндер бағдарламаларындағы оқу материалдарының қайталанатындығын көрсетті.

Екі пәннің мазмұны бойынша шамамен бірдей, әртүрлі тарауларын біріктіру қажеттігі «Көркем еңбек» (негізгі мектепте) пәнінің бес білім беру бағыттарын анықтады:

1) визуалды өнер;

2) сәндік-қолданбалы өнер;

3) дизайн және технология;

4) үй мәдениеті;

5) тамақтану мәдениеті.


«Көркем еңбек» пәнінің мазмұны қолданыстағы «Технология» оқу пәнінің бағдарламасында гендерлік ерекшелігіне қарай (қыздар мен ұлдарға), сыныптың толықтырылуынан тыс қарастырылады.

Визуалды өнер тарауының мазмұнында қарастырылғандар: классикалық және заманауи өнер, қазақстандық суретшілердің шығармашылығы, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары; сандық өнер (фотография, анимация, медиа құралдар); бейнелеу өнерінің (визуалды) мәнерлік құралдары; көркем материалдар және техникалармен жұмыс дағдыларын меңгеру. Осы тараудың мазмұнында ұлдар мен қыздар үшін бірдей тақырыптар қамтамасыз етілген.

Сәндік-қолданбалы өнер тарауының мазмұнында қарастырылғандар: сәндік қолданбалы өнерінің ерекшеліктері мен негізгі формалары, Қазақстанның және басқа ұлттардың қолданбалы өнері, СҚӨ материалдары, құралдары мен технологиялары; ұлттық ою-өрнек; интерьерді сәндік безендіру.

Дизайн және технология (қыздарға арналған) тарауында қамтылғандар: негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдар; тоқыма материлдарды өңдеуге арналған құралдар мен жабдықтар; тоқыма материалдарын өңдеудің әр түрлі тәсілдері; тоқыма материалдардан жасалған бұйымдардың дизайны; сән индустриясы, стиль және образ, ұлттық киім элементтерін дайындау технологиясы.

Үй мәдениеті (қыздарға арналған) тарауында қамтылғандар: жеке адам гигиенасы; тұрғын үй экологиясы; өсімдік өндіру негіздері, сәндік гүл өсіру, ландшафтық дизайн; киімді күту және сақтау.

Тамақтану мәдениеті тарауының мазмұнында: дұрыс тамақтану негіздері; дастарқан басында өзін-өзі ұстау тәртібі; ас мәзірін әзірлеу; тағам дайындау технологиясы; әлем халықтарының тағамдары.

Жаңартылған бағдарлама ерекшеліктерінің бірі, оқу пәнінің мазмұнын анықтауға негіз болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелер болып табылады. Пәннің мазмұны пәндік білім және икемділікпен қатар кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Құрылған оқу мақсаттарының жүйесі келесі дағдыларды дамытуға негіз болып табылады: білімді функционалды және шығармашыл түрде пайдалану, сыни ойлау, зерттеушілік жұмыстарды орындау, ақпараттық-коммуникациялық

технологияларды қолдану, коммуникациялардың әртүрлі тәсілдерін қолдану, топта және жеке жұмыс істеу икемділігі, шығармашылық іс-әрекетінің барысын жоспарлау, ақпараттық кеңістікте бағдарлану икемділігі.

«Көркем еңбек» оқу пәні бойынша оқыту мақсаттары жүйесі шығармашылық іс-әрекет барысында негізгі білімдер мен практикалық икемділіктерін қалыптастыруға бағытталған үш тарау бойынша қарастырылған.

1-тарау «Идеяларды зерттеу және дамыту» қоршаған ортаны, әртүрлі материалдарды зерттеу, қазақ халқының және басқа да халықтардың мәдениеті мен дәстүрімен танысу, жеке шығармашылық идеяларын ұсыну барысында зерттеу икемділіктерін және шығармашылық қиялын дамытуға бағытталған.

2-тарау «Жасау және дайындау» оқушылар әр түрлі материалдармен эксперимент жүргізу, әр түрлі құралдармен жұмыс істеу икемділігі және жұмыстың әртүрлі техникаларын меңгеру барысында қоршаған болмысты бейнелеудің



практикалық икемділіктерін дамытуға бағытталған.

3-тарау «Презентация, талдау және бағалау» коммуникативтік дағдыларын дамытуға және оқушылардың

академиялық тілін қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламада оқушылардың зерттеу дағдылары мен танымдық іс-әрекеттерін дамытуға ерекше назар аударылған. Педагогикалық тәжірибе көрсетіп отырғандай, егер оқушы оқыту барысында танымдық белсенділік танытса, тиімді нәтижелерге қол жеткізе алады. Танымдық белсенділікті қолдаудың негізгі формалардың бірі – сабақта ұсынылатын іс-әрекеттердің алуан түрлілігі мен вариативтілігі. Бейресми ортаны ұйымдастыру, жұмысты ерекше түрде бастау, әдемі және әртүрлі материалдар, қызықты және бірін бірі қайталамайтын оқу тапсырмалары, шығармашылық идеяларды ұсыну материалдары және техникаларды таңдау мүмкіндігі оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын қамтамасыз етеді.

Оқу бағдарламасының мазмұнын жүзеге асыру үшін мұғалім әр оқушыны жеке, жұптық және топтық жұмыс түрінде жүргізілетін белсенді мақсатты оқу-танымдық іс-әрекетке қатыстыру керек. Біркелкіліктен құтылу үшін және оқушылардың көркем еңбекке деген қызығушылығын қолдау үшін сабақ барысында жұмыстың әртүрлі формаларын жүргізіп отыру керек.

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкінідік туғызады. Оқу процесінде ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың әртүрлі құралдарын қолдану оқу бағдарламасын жүзеге асырудың және кең ауқымды дағдыларды дамытудың қажетті жағдайы болып табылады. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану және олардың көркем еңбек сабағындағы жан-жақты мүмкіндіктері:

шығармашылық жұмыс жасауда компьютерлік бағдарламалар мен қосымшаларды қолдану;

зерттеу жүргізу, презентация мен жобалар жасау үшін интернет ресурстарын пайдалану;

қауіпсіз әлеуметтік тораптары мен онлайн ортада қатынасу, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамыту;

сандық камераны қолдану арқылы нақты ақпаратты жазу және тіркеу.

Қазіргі заманғы орта білім беруде жеке тұлғаны әлеуметтендіру, әр түрлі әлеуметтік топтарда тиімді қарым-қатынас орнатуға қабілетті азаматарды тәрбиелеуге ерекше назар бөлінеді. Осы міндетке қол жеткізу үшін көркем еңбек сабақтарында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытатын және өз ойларын сенімді түрде айтуға мүмкіндік беретін жағымды орта ұйымдастыру және іс-әрекет түрлерін таңдау керек.

Коммуникацияны дамыту үшін оқу бағдарламасында шығармашылық жұмыстың презентациясын, пәннің академиялық тілін қолданып белгілі аудиторияның алдында сөз сөйлеуді қарастыратын оқытудың жеке мақсаттары анықталған. Пәнді меңгеру аясында оқушылар өз шығармашылық жұмысының нәтижесін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар өздерінің және басқалардың жұмыстарын түсіндіру, талдау және нәтижелерін сауатты бағалау, жұмыс әдістерін және шығармашылық идеяларын ұсына білуі керек.


Оқушылардың идеяларын немесе шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін көрсетуде (презентация) пікір алмасу, талдау, және бағалау барысында сөйлеу дағдылары мен коммуникацияны дамытып қана қоймай, сонымен қатар пәнге қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді, оқушыны белсенді шығармашылық іс-әрекетке ынталандырады.


«Көркем еңбек» оқу пәнінің мазмұны пәндік міндеттерді шешумен қатар, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған, эстетикалық тәрбиеге ерекше назар аударылады.

Бұл пәннің шеңберінде жүзеге асырылатын эстетикалық білім мен тәрбие беру шығармашыл тұлғаны дамытуға және


қалыптастыруға тиімді ықпал етеді, жалпы барлық оқу үдерісіне жағымды әсер етпек. Өнер сабағында эстетикалық білім беру мен тәрбиелеу шығармашылық іс-әрекет барысында жүзеге асырылады, соның негізінде оқушылардың өз ойын білдіруге және өзін-өзі танытуға мүмкіндік беретін пәндік және пәнаралық білімдері, шығармашылық қабілеттері қалыптасады.

Сонымен қатар пән Қазақстанның көркем-мәдени мұрасын сақтауға және оны келесі ұрпаққа жеткізуге өз үлесін қосады, болашақта кәсіби іс-әрекетін анықтаудың негізі болып табылады.


Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау


«Көркем еңбек» пәні: 5 - сынып (қыздарға арналған)

Аптасына: 2 сағат, оқу жылында 68 сағат

Р/c

Ұзақ мерзімді жоспар дың бөлімдері

Тақырыптар/

Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаттары. Білім алушылар білуге тиісті

Сағат

саны

Уақыты

Ескерту

1

Визуалды өнер

Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары.. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

5.1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

1



5.1.3.1 -Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)


2

Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы

5.3.2.1-Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау

1



5.3.3.1-Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы) сипаттау


3

Натюрморт өнері.

5.1.5.2-Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

1



4-5

Ұлттық сәндік натюрморт

5.1.6.4-Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркем өнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу

2



5.2.3.3- Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану


6-7-8

Пейзаж.

5.1.1.1-Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

3



Табиғатпен үйлесім


Әуе перспективасы

5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану


9-10-

11


Индустриалды пейзаж.


5.1.1.1-Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)


3



Қала пейзажы.



5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану


Сызықтық перспектива


12-13

Пластикалық пішіндер өнері.


5.1.1.1-Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

2



Мүсін өнері

5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану


5.3.3.1-Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы) сипаттау


14-15-

16-17

Шығармашылық жұмыс.



5.1.5.2-Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

4



5.1.6.4 -Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу


5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.


18


Көрме ұйымдастыру

5.3.1.1-Бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме)

1



19

Сәндік-қолданбалы өнер

Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (түрлері, стилизация мен мотивтері)

5.1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

1



20

Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу.

5.1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

1



21

Нобай орындау

5.1.5.2-Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

1



22-23-24-25

Көркемдік кестемен бұйымды безендіру

5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

4



5.2.3.3- Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану




5.2.6.1-Материалдар мен құралдарды техника қауіпсіздігін сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау



26

Өру өнері. Өру түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу

5.1.6.2-Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, олардың қасиеттері мен міндеттерің анықтау

1



27

Нобай дайындау

5.1.5.2-Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

1



5.1.4.1-Шығамашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындау


28-29-

30-31

Бұйым өру

5.2.3.2-Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым орындау

4



5.2.3.4-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану


5.2.6.1-Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану


32

Жұмыстардың көрмесі

5.3.1.1-Бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме )

1



33-34

Дизайн және технология


Тоқыма материалдарының классификациясы мен сипаттамалары.

5.1.6.3-Тоқыма материалдары мен бұйымдарының классификациясын, құрамы мен қарапайым тоқылу әдісін сипаттау және білу

2



Материалдардың түрлері мен қасиеттерін зерттеу


35-36

Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-жабдықтар мен құрылғылар

5.2.2.1-Тігін машинасының құрылысын, жіп өткізуді сипаттау және білу, машина тігістерін орындау

5.2.2.2-Тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық (үтік) өңдеуге арналған жабдықтарын білу, сипаттай алу және қолдану

5.2.6.2-Қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін, еңбек гигиенасының ережелерін білу (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру және тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу)

2





37-38

Тігін бұйымдарының классификациясы.

5.1.6.3-Тоқыма материалдары мен бұйымдарының классификациясын, құрамы мен қарапайым тоқылу әдісін сипаттау және білу


2



Идеядан өнімге (тігін бұйымдары)


39-40-41-42-43


Дизайн, киімді макеттеу (қағаз, тоқыма материалдар).

5.1.5.1-Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау

5.2.3.1-Тоқыма бұйымдарын пішу және сыру тігісін қолдану арқылы қол еңбегі құралдарымен, тігін машинасында өңдеу

5.2.3.2-Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым орындау

5.2.6.1-Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

5



Костюм құру (мини-манекенде немесе қуыршақта)








44-45

Тоқыма мозаика техникасында тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт) Идеяларды құру.

5.1.5.1-Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау

5.1.4.1-Шығамашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындау

2



Нобай. Материалды таңдау және дайындау. Жұмыстың орындалу бірізділігі


46-47-48-49-

50-51

Бұйым дайындау.


5.2.3.1- Тоқыма бұйымдарын пішу және сыру тігісін қолдану арқылы қол еңбегі құралдарымен, тігін машинасында өңдеу

5.2.3.2-Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым орындау

5.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

5.2.6.1-Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

6



Бұйымды безендіру


52

Жұмысты қорғау

5.3.1.1-Бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме)

5.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша конструктивті пікірлер, ұсыныстарды білдіру

1



53-54

Тамақтану мәдениеті

Дұрыс тамақтанудың негіздері.


5.2.4.1-Дұрыс және тиімді тамақтанудың ережелерін сипаттау және зерделеу

5.2.4.2-Дұрыс және тиімді тамақтанудың мәзірін құрастыру

5.1.3.1-Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)

2





Ас мәзірін әзірлеу


55-56

Асхананың жабдықталуы. Тағам әзірлеуге арналған құралдар-жабдықтар, аспаптар мен ыдыс-аяқтар.

5.2.4.3-Тағам әзірлеуге арналған құралдар мен жабдықтарды зерделеу және олардың мүмкіншілігін анықтау

5.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

5.2.6.2-Қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін, еңбек гигиенасының ережелерін білу (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру және тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу)

2



Тағам дайындауға арналған құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін зерттеу


57-58

Бутербродтар мен сусындардың әзірлену технологиясы

5.1.3.1 -Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу(оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып).

5.2.4.4-Суық тағамдар мен сусындар дайындау технологиясын білу және қолдану

5.1.3.1-Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)

2



59-60

Жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы

5.2.4.4-Салқынтағамдар мен сусындардыәзірлеутехнологиясынбілужәнеқолдану

5.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша конструктивті пікірлер, ұсыныстарды білдіру

5.1.3.1-Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу(оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)

2



61-62

Үй мәдениеті

Жеке бастың гигиенасы. Өз-өзіне күтім жасау

5.2.5.3-Жеке басының гигиенасы ережелерін зерделеу және сипаттау, әртүрлі шаш пен тері түрін анықтау

5.2.5.4-Өз бетінше өз-өзіне қарау әрекеттері мен тәсілдерін таңдау және қолдану

2



63-64

Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары.

5.2.5.1-Өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс түрлерінің негізгі бағыттарын зерделеу және сипаттау

2



65-66-

67-68

Өсімдік шаруашылығындағы

көктемгі жұмыстар

5.2.5.2-Өсімдік шаруашылығында көктемгі жұмыстар жүргізу (топырақты өңдеу, зиянкес жәндіктерден қорғау, егу мен отырғызу)

5.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану


4



«Келісемін» «Бекітемін»

Директордың оқу ісінің орынбасары Мектеп директоры

________Мамараимов М.Т. ___________Арғынбай Р.Е



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!