Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:1С бөлім –шамалар мен өлшемдер

Материал туралы қысқаша түсінік
1.1.3.2. Өлшем бірліктерді(см,дм,кг,л) қолдану арқылы шамаларды өлшеу. Барлық оқушылар үшін:Айналадағы заттардың ұзындығын.массасын,көлемін өлшеуге болатынын біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1С бөлім –шамалар мен өлшемдер

Сынып:1

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сабақтың тақырыбы:

Біздің айналамыздағы өлшемдер.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.2. Өлшем бірліктерді(см,дм,кг,л) қолдану арқылы шамаларды өлшеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:Айналадағы заттардың ұзындығын.массасын,көлемін өлшеуге болатынын біледі.

Көпшілік оқушылар үшін:Заттарды өлшеу үшін ,өлшем құралдарды таңдайды.Өлшейді ,салыстырады, өлшем бірліктерін айтады.

Кейбір оқушылар үшін:Ұзындық ,масса,көлем өлшем бірліктерін табады,салыстырады,амалдарды орындай алады.

Бағалау критерилері

  • Ұзындықты өлшейді,нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазады;

  • Заттың массасын анықтайды,және нәтижесін жазады.

  • Өлшем құралдарын өлшем бірліктеріне сай пайдаланады.

Тілдік мақсат



Құндылықтарды дарыту

Заттың салмағын,ұзындығын,көлемін өлшем бірлігімен өлшеу арқылы анықтауға үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану,көркем еңбек,дүние тану.

АКТ қолдану дағдылары

Ноудбуг,интербелсенді тақта.

Бастапқы білім

Шамаларға қандай өлшем бірліктер жататынын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут













Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Мақсатымен таныстыру.

Суреттер арқылы топқа біріктіру.

Модельденген оқу.

Балалар ,мына суреттен не көріп тұрсыңдар?Шәйнектің бірінші ұзындығын табамыз.Ұзындық қандай өлшем бірлігімен өлшенеді?(см)

Екінші,массасын табамыз.(кг)Шайнетің ішіне не құйылады? Шайнектің ішінде қанша су бар екенін қалай табамыз? Және қандай өлшем бірлігімен өлшейміз ? Үшінші көлемін табамыз.(л)

Балалар, бұл жерде біз өлшем бірліктерінің қандай түрлерін білдік.Демек бір шайнектің өзінде үш өлшем бірлігі бар екенін білдік.


Суреттер , қағаз,

шәйнек.









Сабақ ортасы

15 минут













Дескриптор:




















Дескриптор:

























Дескриптор:

1-тапсырма :Табанның ұзындығын өлше.

Мақсаты:Суретке назар аудар.Ондағы табанның ұзындығын өлше.Кесте бойынша аяқ киімнің өлшемін анықта.

Оқушыларға қағаз қалам беріледі.Олар өз табандарын бастырып белгілеп кесінді сызып алады.Содан кейін өлшегіш құралмен кесіндінің ұзындығын өлшейді,және тиісті өлшем бірлігімен жазады.(см)Енді оқулықтағы кестеге назар салыңыздар.

Егер сіздің табаныңыздың ұзындығы 15-16 см болса сіздің аяқ киім өлшеміңіз 25 болады.Егер 18 см болса ,сіздің аяқ киім өлшеміңіз 29 болады.



Кесіндінің ұзындығын өлшейді.Және сәйкес өлшем бірлігімен жазады.

Аяқ киімнің өлшемін анықтай алады.


2 –тапсырма:Ыдыста неше литр су бар?

Ыдыстағы су 10 литр болу үшін оған неше литр су құю керек.



Мақсаты:Суреттегі ыдысқа неше литр су кететіндігін анықтайды.Оқушылар көлем өлшем бірліктерін ажыратады.Есепке сәйкес өрнек құрастырады.


Кәне балалар суреттен көріп тұрған ыдыста қанша су бар екенін қалай білеміз?.Ыдыста қандай сан көріп тұрсыздар?Әр сызықты 1 литр су деп есептеңіздер.Сонда ыдыста неше литр су бар?Ыдыстағы су он литр болу үшін оған қосымша неше литр су құйу керек?

10-7=3



Оқушы көлемді литрмен өлшеу керектігін біледі.



Дәптермен жұмыс:

1.Оқушылар өз табанының ұзындығы 15-16см болса , аяқ киім өлшемі 25 екенін жазады.

2.Ыдыстағы су 10 л болу үшін оған неше л су құйу керек екендігін есептеп өрнек құрады және оны жазады.


3-тапсырма:Шығарып көр.Қарбыздың массасын анықта.

Қарбыздың массасын анықтайды және нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазады

Балалар суретке мұқият қарайықшы.Қарбыз сатып алу үшін оның бағасын ,салмағын білу үшін не істейміз?

Әрине,таразымен өлшейміз.Таразының бір басында қандай өлшем бірліктері тұр.1 кг және 2 кг гір тасы тұр.Демек таразының екінші басындағы заттың массасы неше кг?

Екінші суретте 1 кг гір тасымен 3 кг зат тұр.Ал келесі басында 2 кг гір тасы және қарбыз тұр.Қарбыздың массасы неше кг ? 4-2=2 демек, қарбыздың массасы 2 кг екен.




Қарбыздың массасын анықтайды және сәйкес өлшем бірлігімен жазады.




Суреттер.А4 қима қағаздар,қайшы,қарындаш,өшіргіш.





















Қағаздар, маркерлер

Сабақтың

Соңы

10 минут























5 минут

Логика. «Ойлан тап» ойыны.

Оқушыларға тәжиірбие жүзінде бірдей екі ыдыс әкеліп 2 түрлі зат саламын .Мысалы : қант және тәтті жүгері .Екеуінің қайсысы ауыр екенін қалай ажыратамыз?Оқушылар екі ыдысты екі қолына ұстап салмағына қарай қайсысы ауыр екенін айтады. Сөйтіп оның массасын қалай анықтаймыз?Таразыға тарту арқылы қай заттың массасы ауыр екенін анықтаймыз.Бұл қандай өлшем бірлігімен өлшенеді?

Орындап көр.

Қағазға өз алақаныңның суретін бастырып салып ,ұзындығын өлше.Нәтижесін см және дм өрнекте. Егер саусағыңның ұзындығы 10 см болса ,онда саусағың 1 дм- ге тең.Бұл жерде,ұсақ өлшем бірліктерінен үлкен өлшем бірліктеріне ауысады.

Кері байланыс: Сұрақ-жауап әдісі. 1.Бір шайнектің бойында неше өлшем бірлік бар? 2.Табанның өлшем бірлігін қалай табамыз? 3.Аяқ киімнің өлшемін қалай анықтаймыз? 4.Ыдыстағы су 10 л болу үшін неше л су құйу керек? 5.Қарбыздың массасы неше?

Таразы,тәтті жүгері ,қант ,ыдыс.

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Барлық оқушы үшін: Табанның ұзындығын өлше.

Мақсаты: Заттарды өлшеу үшін , өлшем құралдарын таңдайдыТабанның ұзындығын өлшейді және сәйкес өшем бірлігімен жазады..

Көпшілік оқушы үшін: Ыдыста неше литр су бар?

Мақсаты: Оқушылар көлемді литр мен өлшеу керектігін біледі ,өлшем бірліктерін ажыратады ,айтады,жазады.

Кейбір оқушы үшін: Қарбыздың массасын анықта.

Мақсаты:

Қарбыздың массасын анқтайды және сәйкес өлшем бірлігімен жазады.

Бағалау.









Критериалды бағалаудың қалыптастырушы бағалау түрі.






Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.





Қарындашты көздеріне ,таңлайына,кіргізіп алмауын қадағалау.Қайшымен қолдарын жарақаттап алмауын қадағалау.








Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарына дұрыс қойылған.Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді.Оқу мақсаттарына сай саралау жұмыстары дұрыс ұйымдастырылды.Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.Сабақта ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1: Белсенді оқу жаттығулары

2: Оқу мақсатына сәйкес ресурстар

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Мұғалімінің оқушылармен қарым қатынасы

2:Кері байланыс

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Кері байланыс: Тренер тарапынан ұсынылды. Шығарып көр тапсырмасында қарбыздың массасын анықтауда дескриптор оқушы әрекетін толық сипаттайтындай болып құрылуы керек екндігі ескертілді.Ойлан тап ойынында оқушыларға тапсырма оқулықтағы суретпен ғана шектелмей екі түрлі зат әкеліп сол заттың салмағын анықтату керектігі ұсынылды.

Рефлексия Шығарып көр тапсырмасында қарбыздың массасын анықтауда дескриптор оқушы әрекетін толық сипаттайтындай болып құрылуы керек екендігінің тиімді екенін аңғардым.


Суретпен ғана шектелмей екі түрлі зат әкеліп сол заттың салмағын анықтату арқылы оқушыда дәлелдеу дағдысы қалыптасатынын түсіндім.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
428
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12