Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 5.4А Пайыз

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 5.4А Пайыз

Мектеп: Набережный орта мектебі

Күні: 21.07.2020ж


Мұғалімнің аты-жөні: Алдабаева Гулниса Егембергеновна


Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы


Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты:

(оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.34 Берілген санның пайызын табу;

5.1.2.36 Берілген пайызы бойынша санды табу;


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Берілген санның пайызын және пайызы бойынша санды табу ұғымын түсінеді және формуласын анықтай алады;

Оқушылардың басым көпшілігі: Берілген санның пайызын және пайызы бойынша санды табу формуласы бойынша есептей алады;

Кейбір оқушылар: Тұрмыста кездесетін пайызға байланысты есептерді шығаруда берілген санның пайызын және пайызы бойынша санды табу формуласын қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Берілген санның пайызын және пайызы бойынша санды табу формуласын біледі;

  • Формула бойынша берілген санның пайызын және пайызы бойынша санды табады;

  • Пайыз ұғымын өмірде және тұрмыстық жағдайға берілген есептерді шығаруда қолданады.


Тілдік мақсат

Санның пайызын табу және пайызы бойынша санды табуды түсіндіре алады, пайызбен өрнектелген нәтиженің математикалық мағынасын түсіндіре алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: пайыз, пайыздық қатынас, қарапайым пайыздық өсім, күрделі пайыздық өсім;

Диалогтар мен сөз тіркестері:

-Санның пайызын қалай табуға болады?

-Пайызы бойынша санды қалай табуға болады?

-Санның пайызын табудың маңызы қандай?

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу.

(Сергіту сәтінде орындалады)

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану. (Ширату жаттығуында орындалады)

Алдыңғы білім

Пайыз, ондық бөлшек,жай бөлшек

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут

Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Оқушылар шеңбер жасап тұрады, «Менен саған бір тілек» тренингі арқылы бір-біріне сәттілік тілейді.

Үстел үстінде жатқан екі түрлі төсбелгінің арасынан өзіне ұнағанын таңдап алады, төсбелгі түріне қарай топқа бірігеді. Топтың алтын ережесін құруды талап етемін.






Түрлі-түсті төсбелгілер

Ширату тапсырмалары: Жаңа сабақты бастамас бұрын жалпы сыныппен жұмыс.

1 тапсырма: Жер бетiнiң 29,2%­ын құрлық, қалған пайызын су алып жатыр. Жер бетiнiң қанша пайызын су алып жатыр?

Жауабы: 70,8 %


Глобус, АКТ

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырып

(13 минут)














(3 минут)


Тақырыппен, сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру.

Жаңа білімді меңгеру.

«Модельдеу» әдісі. (Моделдеу барысында оқушылар құрылымдалған ортаның аясында белгілі бір проблемаға қатысты жауап береді, мұғалімге еліктейді) Жұмыс барысы: Тақырыпты екі топ өз ішінде талқылап,топ көшбасшысы қорғайды..

І топқа: Берілген санның пайызын табу

ІІ топқа: Пайызы бойынша санды табу

Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз-бір тілек» арқылы бағалайды

Топтар бірін бірі бағалағаннан кейін мұғалім тақтаға слайд арқылы тақырыпты түйіндейді.

АКТ, флипчарт, маркерлер

Критерий: Берілген санның пайызын және пайызы бойынша санды табу формуласын біледі;


1 тапсырма. Сәйкестендіру тест




1

Берілген санды пайызбен жазу

A


2

Берілген санның пайызын табу


B


3

Пайызы бойынша санды табу


C




Дескрипторлар:

- Формулаларды сәйкестендіру;

- Фомулалар бойынша ұқсастық пен өзгешелікті бақылау;

- Өз көршілерімен талдау жасау.

Бағалау әдісі: жұп мүшелері бір – бірін басбармақ әдісімен бағалайды. Неге? Неліктен? Сұрақтарға жауап береді.







Сергіту сәті

(2 минут)








Жаңа тақырыпты бекіту





(6 минут)














(7 минут)


Сергіту сәті. «Тиімді депозит»

Оқушылардың эмоционалдық аймағын арттыру мақсатында сергіту сәтін ұйымдастыру. «Тиімді депозит» ойынын ойнау. Интерактивті тақтада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозит шарттары ұсынылады. Оқушылар өздері қалаған қаладан үй алуға жеке жұмыс орындауда алған смайликтерін ақшаға (стикер) айырбастап, депозитке салады. Мұғалім бұл ойынның келешекте шынға айналуына тілектестік білдіріп, ойынды аяқтайды

АКТ, смайликтер, суреттер



Критерий: Формула бойынша берілген санның пайызын және пайызы бойынша санды табады

2 тапсырма. (Жеке жұмыс)

  1. Теңіз суының 95% ғана таза су, қалғаны тұз. 6т теңіз суында қанша тұз бар? (Ж:300 кг)

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақорданың бірінші қабаты 12 м, бұл өз кезегінде бұкіл ғимараттың бөбесін қосқандағы жалпы биіктігінің -ын құрайды.Ғимараттың биіктігін нешеге тең?

(Ж:86 м)

Дескрипторлар:

- берілген санның пайызын табады;

- пайызы бойынша санды табады.

Бағалау әдісі: Сағат тілімен дәптер ауыстырылып, «келісемін келіспеймін» әдісімен оқушылар бір –бірін бағалайды.




Критерий: Пайыз ұғымын өмірде және тұрмыстық жағдайға берілген есептерді шығаруда қолданады.


3 тапсырма. МР3 плеер

1 – сұрақ. МР3 плеер

Оливия MP3-плеер, құлаққаптар және колонкалардың бағаларын калькуляторға қоса отырып, енгізді. Ол 248 деген жауап алды.

Оливияның жауабы дұрыс емес. Ол төмендегі қателердің бірін жіберді. Ол жіберген қате қайсысы?

A. Ол бағалардың бірін екі қайтара енгізді.

B. Ол үш бағаның бірін қосуды ұмытты

C. Ол бағалардың бірінің соңғы бір санын енгізбей қойды.

D. Ол бағалардың бірін қосудың орнына азайтты.

Дұрыс жауап. С.

2 – сұрақ. МР3 плеер

Music City –де жаппай сатылым/ 2 немесе одан да көп бұйым сатып алсаңыз, Music City жаппай сатылым бойынша берілген тауардың әдеттегі бағасынан 20%- ды шегереді. Джейсонда жұмсау үшін 200 «Z» бар. Ол жаппай сатылымда не сатып ала алады? “Иә” немесе “Жоқ”жауаптарын қоршаңыз.

Атауы

Джейсон 200 «Z» ақшаға сатып ала алады ма?

МРЗ плеер және құлаққаптар

Иә/жоқ

МРЗ плеер және колонкалар

Иә/жоқ

Барлық үш затты - МРЗ плеер , құлаққаптар және колонкалар

Иә/жоқ

Дұрыс жауап: Иә. Иә.Жоқ.

Сұрақ мақсаты:

Есептің мәнмәтіні: тұлғалық, кәсіби.

Математикалық мазмұнның саласы: Өзгерістер мен тәуелділіктер

Ойлау процессі: қолдану

Деңгейі: 2

Дескрипторлар:

  • Қатені тексереді;

  • Әр екі заттың арзандатылғаннан кейін 200«Z»

сатып алуға болатынын немесе болмайтынын анықтайды;

Бағалау әдісі: екінші топ мүшелері бірінші топ мүшелеріннің дәптерін алып, тексереді. «Екі тілек бір ұсыныс» әдісі.








Сабақтың соңы

(4 минут)



Рефлексия (кері байланыс Мұғалім сабақты қорытындылап оқушылардан рефлексия алады.Оқушылар стикерге бүгінгі сабақ нені түсінгенін, нені түсінбегенін және келесі сабаққа ұсыныстарын жазады


Үй тапсырмасы.




Стикерлер









Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Түрлі-түсті төс белгілермен бөлу;

«Модельдеу » әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту, «Мен саған-сен маған» жұптық жұмыс, «Жады» ойыны арқылы жеке орындауға тапсырмалар беру.

Саралау тәсілінде Тапсырма тәсілі арқылы деңгейлік тапсырмаларды ұсыну.

Рефлексия (кері байланыс)

«Бес саусақ»


Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Белсенді оқу тәсілдеріне-«Екі жұлдыз, бір тілек», «Шапалақ», «Басбармақ», «Бағдаршам» «Смайликтер»

«Мадақтау»

секілді қалыптастырушы бағалау тәсілдерін қолдандым

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау;

АКТ-ны уақытылы қолдану;

Психологиялық жағымда ахуал туғызу; сергіту сәтін ұйымдастыру.

Нәтиже

Сабақтың/оқу міндеттері шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені білді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Менің жоспарлаған сабағым дұрыс болып шықты ма?

Мен регламентті сақтадым ба? Менің жоспарымда қандай өзгерістер болды және олар қандай



Төмендегі бос орынды сіздің сабағыңызды сипаттауға пайдаланыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақтың сапасы туралы сұрақтардың ең маңыздыларына жауап беріңіз


Жалпы бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.


2.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.


2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.10.2020
384
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12