Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз.(морфология)
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз.(морфология)

Мектеп: ЖББ№30 орта мектебі

Пән: Қазақ тілі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Магрупова Гульстан Жумакелдиевна

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жеті ата - елтанудың бастауы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.1.1Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау 6.3.1.1.Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте,сызба) түрінде құрастыру

Сабақ мақсаты

1.Мәтіннің атауын талқылау, көтерілген мәселені болжау 2.Ұсынылған тақырып бойынша жеті ата туралы дерек жинақтау 3. Графиктік мәтін түрінде құрастыру

Бағалау критерийі

- Мәтін атауын талқылайды; - Көтерілген мәселені болжайды;

- Жеті атаны таратуды біледі; - Қосымша деректер тақырып бойынша айтады; - Мақал-мәтелдердің мағынасын ашады,түсінгенін жекізеді;

Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік дағдылары: шежіре таратудың тәртібін біледі, мақал- мәтелдердің мағынасын ашады.

Пәнге қатысты терминдер: қаймана, туажат, аманат, елтану.

Диалогқа қажетті тіркестер: Менің ойымша..., Менің түсінгенім... Талқылауға арналған сұрақтар: елтану сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? Мәтінде кім туралы айтылган? Жеті атаны білу маңызды ма? Жеті атаңды білесің бе?



Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясының аясында оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерге баулу, қазақ халқының салт-дәстүріне құрметпен қарау. Ұлттық мәдениетке,салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына құрметпен қарау және сыйлай білуге үйрету

Пәнаралық байланыс

өзін –өзі тану пәні арқылы жеті атасымен танысып дәріптейді.Тарих пәнінде шежіре туралы деректер біледі.

Алдыңғы білім

Жеті ата туралы,туыстық қатынастарды ажыратады. Жеті санының қасиетіне байланысты деректер, мақал-мәтелдер, шежіре таратуда ой тұжырымдай алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы




















Білу

Түсіну







Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Ширату «Орамал тастамақ» ойыны. Оқушылар партада отырады. Күй ойнап тұрады. Күй әуені тоқтағанша орамалды бір-біріне ұстатады. Әуен тоқтағанда орамал қолында қалған оқушы сұраққа жауап береді. Топқа бөлу. Әрбір оқушыларға түрлі-түсті қима қағаздар таратып беремін. Қызыл ,жасыл ,сары түстері бар оқушылар үш топқа бөлінеді. (Ата,әке,бала) «Жүректен жүрекке» әдісі Топ бір - біріне тілектерін білдіріп,бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

«Пазл» әдісі Алдындағы білімге кері байланыс жасау мақсатында сұрақтар жазылған таратпа қағаздар таратылады. Әр сұраққа жауап беру арқылы Пазлды жинау нәтижесінде «Жеті ата » сөзі шығады. Оқушылар бүгінгі өтетін тақырып «Жеті ата – елтанудың бастауы» екенін біледі.

Бүгінгі сабақтың оқу мақсатымен таныстырылады. 1- Тапсырма.Т.Ж Оқылым алды: Мәтінді оқып ат қояды , әңгіменің түйіні туралы пікірлерін болжап айтады. Оқылым барысы: 1.Мұғалім мәтінді оқиды. 2.Оқушылар мұқият тыңдап сұрақтарға жауап береді.

Әкем маған ата- тегімізді үйретуші еді.

  • Кімнің баласысың?- деп сұрайтын ол

  • Момыштың ұлымын.

  • Момыш кімнің баласы?

  • Момыш – Имаштың баласы.

Ослайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ,ең алдымен. атамды сұрайтын.Содаң соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін.Елтанудың бастамасы осылай басталатынын ол кезде кім білген. Бағалау критерийі:

  • Мәтіннің авторы кім екенін анықтайды;

  • Оған жеті атаны кім үйреткенін біледі,айтады;

  • Қонақтар неге баланың жеті атасын білгісі келгенін болжайды.

Дескриптор:

  • Мәтіннің авторы кім екенін анықтай алады;

  • Оған жеті атаны кім үйреткенін біледі айта алады;

  • Қонақтар неге баланың жеті атасын білгісі келгенін болжай алады. ҚБ: Өзара бағалау: 1.Тамаша! 2.Жарайсыңдар!
















Қазақ тілі 6 сынып Арман ПВ Т.Н.Ермекова Ж.К.Отарбекова Г.Б.Тоқтыбаева













Сабақтың ортасы










ТЖ 2-Тапсырма Тыңдалым алды жұмыс Аудиожазбадан Ж.Әбдіраштың «Жеті ата» өлеңін (14.mp3 тыңдап,жоғарыдан) саналатын жеті атаға түсінік беріңдер.Диктордың дауыс ырғағына мән беріңдер. «Уақыт тізбегі » әдісі арқылы әр топқа сұрақтар беріледі. Әр кім өздерінің жеті аталары туралы айтады. 1 топ - Өз жеті аталарыңды жазыңдар?

2 топ – Мәтіндегі «елтану » сөзіне кластер құраңдар.

3 топ – Жеті атаны білу қажет пе ?

Бағалау критерийі: - Өз жеті аталарын жазады;

- Мәтіндегі «елтану» сөзіне кластер құрады;

- Жеті атаны білу қажет екенін біледі, дәлелдейді. Дескриптор:

- Өз жеті аталары туралы жаза алады;

- Мәтіндегі «елтану» сөзіне кластер құра алады;

- Жеті атаны білу қажет екенін біледі, дәлелдей алады.

ҚБ: Ауыз екі баға Қолпаштау сөзі

ТЖ 3 тапсырма «Сөйлемді толықтыр » әдісі

Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер.

1 топ Жеті атасын білмеген-жетімдіктің салдары.

2 топ Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер.

3 топ Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді білер.

Бағалау критерийі:

Берілген мақал – мәтелдердің мағынасын ашады;

Жеті ата туралы мақалдардың мағынасын түсінеді. Дескриптор:

Берілген мақал –мәтелдің мағынасын аша алады;

Жеті ата туралы мақалдардың мағынасын түсіне алады.

ҚБ: Топ « От шашу» арқылы бағалайды

ТЖ. Шығармашылық тапсырма.

Артық болмас білгенің.

Оқушыларға ширату тапсырмасында алған қиық қағаздардың сыртындағы сөздер арқылы топтасуын ұсынамын (ондағы төменнен жоғары қарай: бала,әке.ата,баба,арғы ата,түп ата,тек ата. Ал жоғарыдан төмен қарай: әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат. Әрі қарай: жүрежат,жекжат,жұрағат,қаймана деп кетеді ) Түсіндірме сөздіктен мағынасын түсінеді. Оқушылар жаңа топқа жиналады. «Логикалық тізбектер» әдісі арқылы топтарға жеті атаның таралуын төмендегі тапсырмаға сүйеніп графиктік тұжырым бойынша сатылап талдау тапсырмасы беріледі.

- Қазақтар негізінен жеті атаны қалай таратады? - Адамдар атасынан төмен қарай атағанда қалай ұрпақтары жалғасады?

- Туыстық атаулар әрі қарай қалай жалғасады? Оқушылар топпен,жеке жұмыс жасай отырып,берілген тапсырманы тез жылдам орындайды.

Бағалау критерийі: -Қазақтар негізінен жеті атаны қалай тарату керектігін анықтайды;

  • Адамдар атасынан төмен қарай атағанда қалай ұрпақтары жалғасу керектігін түсінеді;

  • Туыстық атаулар әрі қарай жалғасу керектігін болжайды.

Дескриптор:

- Қазақтар негізінен жеті атаны қалай тарату керектігін анықтай алады;

  • Адамдар атасынан төмен қарай атағанда қалай ұрпақтары жалғасу керектігін түсіне алады;

  • Туыстық атаулар әрі қарай жалғасу керектігін болжай алады.

ҚБ: «Бутерброд» әдісі

Топтасқан оқушылардың басқа топтармен өзара кері байланысы.




















































Сабақтың соңы











Рефлексия

ТЖ «Бағамдау» әдісі «Рефлексия пирамидасын» негізге ала отырып,өз істерінің мәнін түсінеді,өзіне өзінің нені қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беріп,сабақ бойы алғанын бағалайды. Кері байланыс «Жетістік баспалдағы»

Сабақта алған әсерлерін жетістік баспалдағына түсіру арқылы кері байланысты орнату. Үйге тапсырма

«Жеті ата » туралы ата-анаңмен әңгіме жүргізіңдер,мақал- мәтелдерді қатыстырып,диалог түрінде жазыңдар.




Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жаңартылған білім беру мазмұны оқытуды саралаудың маңыздылығымен ерекшеленіп, спиральді қағидат бойынша жасалатындығын осы курс барысында зерделедім. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастырғанда тапсырма деңгейіне қарай әдіс - тәсілдердің тиімдісі сараланып таңдап алынды. Сабақ мақсаты SMART мақсатында құрылды. Блум таксономиясы негізінде жасалды. Сабақтың мақсатына жету үшін оқушыларға тиімді әдіс арқылы тапсырмалар беріліп, сараланады. Саралау әдістері әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге септігін тигізеді. Сабақтағы тапсырмалар мақсатқа сай сараланып құрастырылды. Әр тапсырмадан кейін бағалау қарастырылды. Ол оқушыларға қолдау көрсетіліп, әрі қарай ізденіп, жұмыс жасауына ықпалын тигізеді. Сабақ барысында тілдік дағдылар деңгейлері қарастырылған. Осы сабақ барысында саралау тәсілдеріне сүйене отырып оқушыларға ұжымдық, топтық жұмыстары жүргізіледі. Ресурс немесе мәтін бойынша саралау «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы топ бір-біріне тілектерін білдіріп бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Оқушының жұмыс жасау деңгейіне байланысты мұғалімдер ұсынылатын ресурстарды біртекті етпей, оқушыларға түрлі ақпаратты қолжетімді ету шараларын ойластыру ұсынылады. Тапсырма бойынша саралауда негізгі мазмұнды қамтитын «Пазл» әдісі оқушылардың ойлау дағдыларын кеспе қағаздар мен жаттығулар ұсынады сабақ тақырыбы ашылады. Диалог негізінде саралау барысында мәтінге мән беріледі. Қабілеті төмен оқушы ақпаратты қарапайым тілмен түсіндіруді қажет етеді. Деңгейі жоғары оқушы мазмұны күрделі диалогты талап етеді. Мұғалім мен оқушының даму траекториясын қалыптастыру үшін олардың қабілеті мен сұранысына сай тиімді кері байланыс ұсына білуі тиіс. Аудиожазбадан Ж.Әбдіраштың «Жеті ата» өлеңін диктордың дауыс ырғагына мән бере отырып нәтиже немесе жауап бойынша саралау ұсынылады. Түрлі жауап күтіледі және қабылданады. Топтағы барлық оқушыны «Уақыт тізбегі» әдісімен ынталандырады және бірдей міндет қойылады. Әр оқушы өз деңгейіне жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімімен нәтижесі әр түрлі болады. «Сөйлемді толықтыру» әдісі барысында қарым қатынас бойынша саралау ұсынылады. Бұнда ынтымақтастық оқыту- саралаудың тиімді тәсілі болып табылады.Оқушылар өз ойымен идеясын жүзеге асыру арқылы мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндіріп топ жұмысына үлесін қоса алады. «Логикалық тізбектер» әдісі бойынша топтарға графиктік тұжырым бойынша сатылап жеті атаның таралуын талдау тапсырмасы беріледі. Кейбір оқушылар бағдарлама бойынша негізгі тақырыппен шектелмей қосымша ізденіп, бағдарламадан тыс ақпартқа ұмтылуын мазмұн бойынша саралаудан байқалады.


Жоспарлауда алынған тапсырманы орындағаннан кейін бағалау критерийі және соған бағытталған дескрипторлар ұсынылды. Сабақтың түрлі кезеңдерінде оқушылардың жұмыстары, оқушылардың әрекеттері сабақ бойында бағаланып отырады. Ынталандырып отыру үшін мұғалімнің ауызша қолпаштау марапаттары жүргізіледі.ҚБ «Тамаша! Жарайсыңдар! »Сабақтың басында: «Өзара бағалау» (оқушылардың өзін бағалауы),сабақтың ортасында: «Ауыз екі баға» , «От шашу» арқылы (топтардың өзара бағалауы ) Сабақтың соңында: «Бутерброд» әдісі тапсырма деңгейін анықтау үшін жұптасқан оқушылардың басқа жұптармен өзара кері байланысы қолданылады. Рефлексия «Бағамдау» әдісі арқылы «Рефлексия пирамидасын» сабақ бойы алған білімдерін бағалайды. Кері байланыс «Жетістік баспалдағы» арқылы жүреді. Сабақта алған әсерлерін «жетістік баспалдағына» түсіру арқылы кері байланыс орнатады.Оқушылардың ұжымдық, топтық жұмыстары сабақ барысында дескрипторға сүйеніп берілген кері байланыстары арқылы жүзеге асырылады және оқу мақстына жетуге бағытталады.





Сабақ барысында оқушыларға сынып бөлмесі талапқа сай таза жинақталып орналастырылады. Сабақ кезіндегі қолданылатын әдіс – тәсілдер және тапсырмалар денсаулықтарына кері әсерін тигізбейді. Сабақ барысында АКТ қолданылады, қауіпсіздік ережелері талапқа сай сақталады. Сабақ барысында оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үнемі назарда болады.































































































































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
917
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі