"Үздік әдебиетші" интеллектуалды сайысы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Үздік әдебиетші" интеллектуалды сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ әдебиетінің жанкүйерлерімен өткізілетін шара үшін көмекші құрал бола алады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні:

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10

Тақырыбы: «Үздік әдебиетші»

Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, білімі толысады, сөйлеу мәдениеті дамиды, үш бәйтерек (Сәкен, Ілияс, Бейімбет) туралы тереңірек білетін болады.

Барысы:

І. «Есімдер аллитерациясы»

ІІ. «Сен білесің бе?»

ІІІ. «Иә және жоқ» ойын-әдісі

ІҮ. «Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда»

Ү. «Риторика шебері»

ҮІ. Қорытынды

Әдебиет – әр халықтың рухани мұражайы, баға жетпес ұлттық құндылықтардың бірі. Әдебиет адамға рухани азық берп қана қоймайды, психологиялық демеу де бола біледі. Оның адамды тұлға етіп қалыптастыруда үлкен рөл атқаратыны белгілі. Әлемде талай қаламгерлер өздерінің өшпес мұраларын қалдырған. Оларды қазақ тілінде де оқып таныса аламыз. Осы сияқты қазақтың да танымал ақын-жазушылары аз емес.

Өздерің білетіндей мектепте қазақ тілі мен әдебиеті апталығы болып жатыр. Тақырыбы қандай екенін білеміз бе? (балалар тақырыбын айтады)

Тақырыбы: «Қазақ әдебиетінің сыры да, сыны да, шыңы бола білген үш бәйтерек»

Ортаға 4 сайыскер шығарылады (аукцион әдісі), сарапшылар тобы таныстырылады.

І. «Есімдер аллитерациясы» (Жағымды ахуал туғызу)

ІІ. «Сен білесің бе?» (Әр оқушыға 5 сұрақтан беріледі)

1-оқушы:

1. Қазақ әдебиетіндегі бір жылы туып, бір жылда дүниеден өткен майталмандарды ата. (Үш бәтерек)

2. «Күйші», «Дала», «Күй» шығармаларының авторы кім? (Ілияс Жансүгіров)

3. Қазақ әдебиетіндегі «шағын әңгіменің шебері» кім? (Бейімбет Майлин)

4. «Ана» тақырыбына арнаған көптеген еңбектердің авторы. (Бейімбет Майлин)

5. С. Сейфуллиннің шын есімі кім? (Сәдуақас)

2-оқушы:

1. Ақан серінің өмірі туралы жазылған көлемді шығарманың авторы кім? (Ілияс Жансүгіров)

2. Нілді мыс қорыту зауытында жұмыс жасаған ақын-жазушы. (Сәкен Сейфуллин)

3. «Сып сандық» өлеңінің авторы кім? (С. Сейфуллин)

4. «Күйші» поэмасының мазмұны не жайлы? (күйдің құдіреттілігі туралы)

5. Күреңбай сыншы қай шығарманың кейіпкері? («Күйші»)

ІІІ. «Иә және жоқ» ойын-әдісі

  1. Б. Майлин Қостанай облысында дүниеге келген.+

  2. Бейімбеттің шын есімі – Бимағамбет.+

  3. І. Жансүгіровтің «Құлагері» - прозалық шығарма.-

  4. Сағынайдың асы туралы айтудан басталатын шығарма – «Күй»-

  5. Тұтқында отырып, «Сағындым» өлеңін жазған – Ілияс-

  6. С. Сейфуллин – сазгер де болған+

  7. «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесінің авторы – Б. Майлин+

  8. І. Жансүгіров домбыра тарта білген, әдемі, қоңыр дауысты әнші де болған.+

  9. «Ер ана» - Б. Майлиннің әңгімесі.+

  10. «Толқын» - С. Сейфуллиннің өлеңі-

ІҮ. «Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда»

(Мәнерлеп оқу сайысы. Сайыскерлер өздерінің ұнатқан кез келген поэзиялық шығармасын (проза-монолог) мәнерлеп, жатқа оқиды.)

Ү. «Риторика шебері» (Үш бәйтерекке хат жазады)

Антракт уақытында сергіту ұйымдастырылады.

Қорытынды.

Кері байланыс беру. Сөйлемді аяқта.

  1. Маған оңай болды...

  2. Мен үшін қиындық келтірген нәрселер болды, олар...

  3. Маған ұнады, дегенмен алдағы уақытта ұсынысым...

Мұғалімнің қорытынды сөзі. (Мадақтау рәсімі, сарапшыларға сөз беріледі)










  1. Маған оңай болды...

  2. Мен үшін қиындық келтірген нәрселер болды, олар...

  3. Маған ұнады, дегенмен алдағы уақытта ұсынысым...








  1. Маған оңай болды...

  2. Мен үшін қиындық келтірген нәрселер болды, олар...

  3. Маған ұнады, дегенмен алдағы уақытта ұсынысым...







  1. Маған оңай болды...

  2. Мен үшін қиындық келтірген нәрселер болды, олар...

  3. Маған ұнады, дегенмен алдағы уақытта ұсынысым...







  1. Маған оңай болды...

  2. Мен үшін қиындық келтірген нәрселер болды, олар...

  3. Маған ұнады, дегенмен алдағы уақытта ұсынысым...



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.05.2025
180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі