Үздік жас маман-2025 байқауының ережесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үздік жас маман-2025 байқауының ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарды ынталандыру мақсатында өткізілетін кешенді байқау ережесі
Материалдың қысқаша нұсқасы




«ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2025»  

байқауының ЕРЕЖЕСІ


Ұстаз болып, мектеп табалдырығын аттаған жас маманға қашанда көмек қажет. Мектептің ішкі әлеміне енді ғана енген мұғалімнің ізденісі бұрынғыдан да арта түскені абзал. Сондықтан, тәжірибелі ұстаздар мен жас мұғалім арасындағы байланысты нығайта отырып, қыркүйек-желтоқсан айларындағы көрсетілген әдістемелік көмекті жалғастыру бағытында «Үздік жас маман-2025» байқауы өткізіледі (әрі қарай байқау ережесі)

1.Байқаудың мақсаты: Жас мамандардың біліктілігін арттыру, өз кәсібінің жан-жақты шебері болуына жағдай жасай отырып іскерлікке, өз мамандығына үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу;

2.Байқаудың өту тәртібі:

  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.

  • Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады.

  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыты соңғы кезеңде өткізіледі.

  • Байқауға мектептің еңбек өтілі 5 жылға (қоса алғанда) дейінгі жас мамандары  қатыса алады.

3. Байқау кезеңдері:

І-кезең. Қаңтар. «Шын білім тәжірибеде» ашық сабақ өткізу.

ІІ-кезең. Ақпан. «Сабақ аяқталған соң...» ұлттық құндылықтарды білім алушы бойына сіңірту мақсатында сабақтан тыс шара.

ІІІ-кезең. Сәуір. «Білім шыңы». Аудиториямен жұмыс.

ІV-кезең. Мамыр. «Үздік жас маман-2025» байқауының марапаттау кезеңі


Байқау кезеңдеріне қойлатын талаптар:

I-кезең. Қаңтар – ақпан айлары. «Шын білім тәжірибеде» ашық сабақ өткізу.

Ашық сабақтар 13.01.2025 – 03.02.2025 аралығында жоспарланады. Сабақты бағалау критерилері:

критерилер

ұпайы

1

ҚМЖ құрылымының талапқа сай құрылуы, толық орындалуы

5

2

Сабақ мақсатының қойылуы мен орындалысы

5

3

Сабақ барысындағы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану

5

4

Сергіту сәті

2

5

Кері байланыс

3

6

АКТ, электронды оқулықты қолданылуы

3

7

Жасанды интеллектпен жұмыс

2

8

Мұғаліммен білім алушының өзара қатынасы

2

9

Ұлттық құндылықтарды, XII ғасыр дағдыларын қолдану ерекшелігі

3


Жалпы

30


II-кезең. Ақпан-наурыз айлары. «Сабақ аяқталған соң...» ұлттық құндылықтарды білім алушы бойына сіңірту мақсатында сабақтан тыс іс-шара.

Сабақтан тыс іс-шара 10.02.2025 – 10.03.2025 аралығында жоспарланады.

Сабақтан тыс іс-шараны бағалау критерилері:

критерилер

ұпайы

1

Сабақтан тыс шара жоспары құрылымының талапқа сай құрылуы, толық орындалуы

5

2

Сабақтан тыс іс-шараның мақсаты, міндеттерінің орындалысы

5

3

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу деңгейі

5

4

ХХІ ғасыр дағдыларын қолдану реті, нәтижесі

5

5

Кері байланыс

3

6

Мұғаліммен білім алушының өзара қатынасы

2

7

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша құндылықтардың іс-шарада тиімді қолданылуы, ашылуы

5


Жалпы

30


III-кезең. Сәуір айы. «Білім шыңы» сахна мәдениеті, аудиториямен жұмыс (20 ұпай).

  1. Үй тапсырмасы: Эссе. Тақырып: «Жарқын елдің шамшырағы жас маман»,

«Мамандығым-мақтанышым» (5 ұпай)

2) «Менің жетістіктерім» портфолио (5 ұпай)

3)«Білікті маман- ел тірегі» сұрақ-жауап, жағдаяттар (5 ұпай)

4) «Білімал» платформасында жұмыс нәтижесі, ОТЖО бағасы (5 ұпай)

IV-кезең. Мамыр айы. «Үздік жас маман-2025». Марапаттау кезеңі

1) «Мен көшбасшымын» мектеп гимназиямызды дамыту жобасы. (20 ұпай)

2) Қорытындысы, марапаттау жүргізіледі.

4. Байқаудың марапаттау рәсімі:

Қатысушылардың кезең бойынша ұпайы жинақталып, қорытындысы шығарылады.

Байқау кезеңдерінің қорытындысы мектеп сайтында және БАҚ-та жарияланады.

Бас жүлде (1) — диплом,  байқау жеңімпазы үшін арнайы тағайындалған ауыспалы кубок

І орын – І дәрежелі диплом;

ІІ орын – І дәрежелі диплом;

ІІІ орын – І дәрежелі диплом;

«Үздік мектепті дамыту жобасы» - диплом

«Үздік портфолио» номинациясы – диплом;

«Үздік сабақтан тыс шара» номинациясы – диплом;

«Үздік ашық сабақ» номинациясы – диплом.







«Үздік жас маман - 2025»

байқауын өткізу туралы


Жас мамандардың біліктілігін арттыру, өз кәсібінің жан-жақты шебері болуына жағдай жасай отырып іскерлікке, өз мамандығына үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. 13.01.2025 – 05.05.2025 ж. аралығында «Үздік жас маман - 2025» байқауы өткізілсін.

  2. Байқауға 5 жылдық еңбек өтілі барлық педагогтер толық қатыстырылсын.

  3. Мектеп әкімшілігі мен шығармашылық топ мүшелерінен құралған қазылар алқасы құрылсын.

  4. Байқауды ұйымдастыру және өткізу директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары О.Ж.Есебаеваға жүктелсін.






Директор О.Аринов























«Үздік жас маман - 2025»

Байқауының қазылар алқасын

тағайындау туралы


Жас мамандардың біліктілігін арттыру, өз кәсібінің жан-жақты шебері болуына жағдай жасай отырып іскерлікке, өз мамандығына үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында ұйымдастырылған мектепішілік «Үздік жас маман - 2025» байқауының қазылар алқасы төмендегі құрамда бекітілсін БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазылар алқасының төрағасы:

  • Аринов О.С – мектеп директоры

Қазылар алқасының мүшелері:

  • Аметжамиева А.А – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

  • Тлеубаев Ж.Б – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  • Кусайнова Д.Т – бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші

  • Толеуов А.Р – орыс тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші

  1. Бұйрықтың орындалуын қадағалау, ұйымдастыру жұмыстары директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары О.Ж.Есебаеваға жүктелсін.






Мектеп директоры О.Аринов

 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2024
918
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі