400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Үздік мұғалім сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін , заманауи цифрлық және әдістемелік құзыреттіліктерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үздік педагог-2025

Мақсаты: Пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін , заманауи цифрлық және әдістемелік құзыреттіліктерін дамыту, инновациялық тәжірибесін тарату.

Фанфар

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі мектебімізде өткелі отырған «Үздік педагог-2025» байқауына қош келдіңіздер!

Мұғалімдер форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет. Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүр. Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет», -деп баса айтқан болатын. Бүгінгі байқау ұстаздарымыздың шығармашылығын шыңдап, тәжірибе алмасу мақсатында өткізілмек. Бүгінгі байқауымызға қатысушы білікті де білімді ұстаздарымызбен таныс болыңыздар.

  1. Бастауыш пән бірлестігі мұғалімі:

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімі:

  3. Ағылшын пән бірлестігі мұғалімі:

  4. Орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімі:

  5. Тарих пән бірлестігі мұғалімі:

  6. Биология және химия пән бірлестігі мұғалімі:

  7. Информатика және физика пән бірлестігі:

  8. Көркем еңбек және ән-әуез пән бірлестігі мұғалімі:


Байқау төрт кезеңнен тұрады:

І кезең: Шеберлік сабағы ( қорғау уақыты 10 минут)

ІІ кезең:Инновациялық жоба қорғау (авторлық, әдістемелік құрал, қолданбалы бағдарлама таныстырылымы 10 минут)

ІІІ кезең: Олимпиадалық логикалық тапсырмаларды орындау (60минут)

ІҮ кезең: Портфолио таныстырылымы (электронды нұсқада 5 минут)

Жүргізуші: Кез-келген байқау, ол- шығармашылық жұмыс. Байқау шабыт пен әділеттілікті талап етері хақ. Бүгінгі байқаудың әділ шешімін шығаратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.


Жүргізуші: Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Олай болса бүгінгі байқауға қатысуға батылдық танытып отырған қатысушыларға сәттілік тілеп, байқаудың «Шеберлік сабағы» кезеңін бастаймыз.



1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.


Жүргізуші: Жоба дегеніміз - қайталанбайтын ерекше қабілеттерге ие және жоспарланған мақсатқа жету үшін атқарылатын түрлі іс-әрекеттердің жиынтығы. Ал инновациялық жоба- жаңа немесе жақсартылған өнім, жаңа немесе жақсартылған технология жасауға бағытталған түрлі іс-әрекеттердің жүзеге асырылу үдерісі. Екінші кезең Инновациялық жоба қорғау (авторлық, әдістемелік құрал, қолданбалы бағдарлама таныстырылымы) кезеңіне кезек береміз.

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.


Жүргізуші: Өзге емес , өзім айтам өз жайымда,

Жүрегім жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,

Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...

Гүрілдеп жалын атқан кеудем – көрік,

Сөз соғам құлашымды еркін керіп.

Суарып шынықтырам күйге малып,

Болсын деп әрі әдемі, әрі берік.-дей келе байқауымыздың соңғы кезеңі Портфолио таныстырылымы.

Жүргізуші: Ежелгі грек философы Сократ: «Ұстаз ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» деген сөзі, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Ең жақсы мұғалімді дүниедегінің бәрінен қымбат бағалаймын. Мектептер үшін мұғалім бар нәрсенің кіндігі, мектептің жаны, жүрегі…» деген сөзімен ұштасып жатқандай. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық, ол – ұстаздық.

Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуын... Қаныш Сәтпаев: «...біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді» деген болатын. Олай болса білім жолында ізденуден еш жалықпайық. Бүгінгі байқауымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазы мүшелеріне береміз.

Марапаттау


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
11.02.2026
12
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі