400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Үздік оқырман

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқырманға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында өтетін «Лидер Readеr ON» кешенді іс-шарасының

Жоспары

1.«Менің сүйікті ақын- жазушым» өзі қалаған автордың шығармасынан үзінді оқу

2. «Бейнелер әлемі шақырады»образды сомдау арқылы өздерінің актерлік шеберліктерін көрсету

3.«Менің қиялымдағы әлем»монолог оқу

4«Ойлы жанға өріс кең» оқиға желісіне талдау жасау.

Тақырыбы: «Үздік оқырмандар»

Мақсаты:1. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласын оқушыларға кеңінен таныстыру, оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру және сөйлеу мәнерін дамыту.

2. Отанды сүюге,еліміздің байлығын қастерлеуге, елін-жерін көзінің қарашығындай сақтауға,атамекеніне еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

3.Көрнекілігі: Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласын орай көрме, слайд, буклеттер мен суреттер.



Кітапханашы: Құрметті мұғалімдер мен оқушылар бүгінгі ұйымдастырылып отырған кітап құмар оқырмандардың қатысуымен «Үздік оқырмандарды»анықтау мақсатында өткізіліп отырған кешімізге қош келдіңіздер.

1.Ұйымдастыру кезеңі

Аман ба,жаңа ғасыр-жарқын заман?!

Аман ба, жаңаша күн жарқыраған?!

Өзіңсің ұлы белес тарихтағы,

Сезінсін ғасырының парқын адам.

Жер- пана түлеп жаңа ғасырында,

Ел-ана жетсін мақсат асуына.

Мол бар де,Ұлы ғасыр, бақытыңды

Жол берме таласудың тасырына.

Кітапханашы:

2. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласын слайд көрсету.

Жоспары

1.«Менің сүйікті ақын- жазушым» өзі қалаған автордың шығармасынан үзінді оқу

2. «Бейнелер әлемі шақырады»образды сомдау арқылы өздерінің актерлік шеберліктерін көрсету

3.«Менің қиялымдағы әлем»монолог оқу

4«Ойлы жанға өріс кең» оқиға желісіне талдау жасау

1)«Менің сүйікті ақын- жазушым» өзі қалаған автордың шығармасынан үзінді оқу.

1 оқушы:»Ата салты-асыл қазынаң»авторы :А.Асылбеков

Аман болсам халқым үшін,

Халқым үшін-жалпың үшін,

Ата-бабам салып кеткен

Аянбаймын салтым үшін.

Шабытымның шалқуы үшін,

Жалғасады жарқын ісім.

Аялаймын асылымды,

Тоқталғанша бар тынысым.

Әнсіз ,күйсіз неткен өмір-

Мағынасы кеткен өмір.

Ата салтын ақтамасаң.

Өкінішпен өткен өмір.

2оқушы: Қарасаз. авторы: М.Мақатаев

Мен бақыттымын,

Бақытты жерде туылдым.

Айналайын Қарасаз,

Қасиетіңнен суыңның!

Сенің әрбір бұлағың-

Менің әрбір қан тамырым емес пе?

Қасиетті тұрағым,

Қасетіңнен суыңның!

Көктемде үйрек ұшып, қаз қонып,

Қараушы едім тыраналарға мәз болып.

Жыр қыстап туылмас ем, сірә, мен.

Жаралмасаң өзің Қарасаз болып.

Сонау жатқан жасыл тауды көлденең

Алғаш рет ес білгенде көркен ем.

-Асқар таудың ар жағында ел бар,-деп

Әжем айтса,әй сәбилік сенбегем.

Қарасазым!

Айтылмаған сезім ең,

Мен іздеген бақыттың сен өзі ме ең?

Сенің ғажап табиғатыңды кімге айтам,

Кім құмартса, өзі көрсін көзімен...

2) «Бейнелер әлемі шақырады»образды сомдау арқылы өздерінің актерлік шеберліктерін көрсету. Бірнеше оқушының қатысуымен.

Абайдың он жетінші сөзі

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.

Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны  да рас,  бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол,  пайдаң да мол, бірақ залалың да мол,  кейде  жақсылықты  берік ұстап,  кейде жамандықты берік ұстап  кетесің, соның жаман, - депті.

-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе   табылмайтұғыны   да   рас.   Жаратқан   тәңіріні   де   сен   танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның
екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті.  Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден  қуып  шығарады.

- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп  кітаптың айтқаны осы, — депті.

Сергіту сәті: «Қазақстаным» әнін тыңдау.

Кітапханашы: Монолог оқу.

3)Монолог, әдебиет, ол өз ойларымен және сезімін жеткізуге қызмет етеді.. Прозадағы монолог (немесе ішкі монолог) сипаттағы ойлар мен сезімдерді жаңғыртуға қатысты.

1-оқушы: Монолг .Авторы: М.Мақатаев

Бір мінезім бар еді көкке өрлеген,

Батылдықты ,шындықты жек көрмеген.

Ол әншейін жастықтың жалыны екен

Ойласам, ақымақ боп тек терлегем.

Бір мінезім бар еді аңқылдаған,

Досқа да, дұшпанғада жарқылдаған.

Ол да әншейін жастықтың желегі екен

Ауыздықсыз бір кезде қарқындаған.

Пайда болды бір мінез енді маған,

Алып-қашпам басылды, бітті шамам.

Кімдер қандай қабақпен қарайды деп,

Асыранды тазыдай жалмаң қағам.

4)Оқиға желісіне талдау жасау: Оқушылар оқиға желісіне талдау жасау арқыл көркем мәтінді талдау жолдарын жан-жақты, толық талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып талдады. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, ол үнемі мәтінге жүгініп отырды және көркем шығарма сюжеті, композициясы, тілі, көтерген тақырыбы тұтастай қамтылды.Талдау арқылы оқушының танымын, қабілетін, қорыта айтқанда, оның ойлау белсенділігін, бүкіл іс-әрекетін дамытты. Сондай-ақ ең басты мақсат – көркем туындыны талдау жолдарын меңгерту, көркемдік-эстетикалық ерекшелігі, оның көтерген тақырыбы, образды жүйесін т.б. бірлікте, кешенді түрде қарастыра отырып, талдай білуі.

Қорытына келгенде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласын орай ұйымдастырлған «Үздік оқырмандарды»анықтау жоспар бойынша өз мәресіне жетті.Осы 4 жанр бойынша оқушылар өз ойларын жеткізіп,өздері қалаған автордың шығармасын оқуда, монолог оқуда, образдарды сомдауда үлкен жетістікке жетті.Қатысып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
480
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі