Үздік оқырман сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үздік оқырман сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Біздің үздіктер" атты үздік оқырман сайысы аймақтық семинар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылы

Айша бибі атындағы жалпы білім беретін мектеп


Тақырыбы: «Біздің үздіктер» атты үздік оқырман сайысы

Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу.



Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар, дарынды балалар, оқырмандыр!


«Кітапхананың үздік атты оқырманы» сайысымызға қош келдіңіздер! Кітапьтың адам өміріндегі орны ерекше. Кітап адамның жүрегін, санасын, ақылын байытады, дүниетанымын кеңейтеді.Ұлы Абай атамыздың «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деген мағыналы сөзі болатын. Көптеген жазушылар кітаптың маңызы туралы көп жазған. Кітапты қызығып, сүйіп оқитын оқырмандар біздің мектептің кітапханаасынан кқп табылады.Болашақ білім жастар қолында. Біз бүгінгі жиында кітапхананың білімді де талантты «Үздік оқырмандармен бірге анықтаймыз.


Сайысымыз 4-бөлімнен тұрады.


1. Таныстыру


2. Сұрақтарға жауап беру


3. Әдеби ЛОТО


4. Wordwall платформасында онлайн сұрақтарға жауап

5 «Өнерлінің ырысы» сайыскерлер өз өнерлерін паш етеді


Жүргізуші: І-бөлім- «Таныстыру».


Биіктетер білімнің ақ ордасын,


Мерекең құтты болсын, оқырманым!


Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық,


Келешек ғалымдар мен даналарды!


Қарсы алайық жаңа ғасыр перзенттерін,


Кошбасшысын, керемет кемеңгерін,


Болашақ елбасы мен, министрлер,


Ерен ер қазағымның төрелерін.


Ішінде әнші дебар, ақын да бар,


Хас талант, қасиетті дарын да бар,-дей келе, сайысқа қатысқалы тұрған оқырмандарды ортаға шақырайық:


\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\

Жүргізуші: Ендігі кезекте әділқазы алқасымен таныстырайық


Жүргізуші: бірінші кезең


Ақыл-көрік бойларында жетеді,


Әлі талай сынақтардан өтеді,


Мына отырған баршаңызды өзімен


Тез арада таныстырып өтеді, оқырмандар өздерін таныстырады.

\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\


Жүргізуші: ІІ-бөлім – «Мен оқыған бір кітап» оқырмандар сүйіп оқыған кітабын талқылап береді


Ал, біздің үздіктер қалайсындар,


Сіздерге әлі алда талай сын бар.


Келесі сайыстың жоспарында,


Түседі бәсекеге білімділік.


Әр оқырмандар сүйіп оқыған кітабын талқылап береді








ІІІ кезең Әдеби ЛОТО сұрақтарға жауап береді


1. Астана қаласы қай жылдан бастап, Қазақстан Республикасының астанасы болды? (1998 жыл)


2. Қазақ халқының бес арысын ата? (Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов)


3. Ежелгі сақтардың ел билеген атақты әйел патшаларының бірі? (Томирис)


4. Кітаптардың суреттері қалай аталады? (Иллюстрация)


5.1975 жылы Алматыда шыққан «Азия» кітабының авторы кім? (О.Сүлейменов)


1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні? (16-желтоқсан)


2. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? (А.Байтұрсынов)


3. Қазақстан Республикасында ұлттық валюта теңге қашан айналымға түсті? (1993жылы 15 қараша)


4. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (Ілияс Есенберлин)


5. Кітап кім үшін жазылады?(оқырман үшін)


1. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма (М.Әуезовтың «Абай жолы»)


2. Қазақтың үш бәйтерегі (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)


3. Адамдар бір-бірімен түсіну құралы? (Тіл)


4. Кітапханада оқырман туралы мәліметті, оның қандай кітап алғынын қайдан білеміз? (Оқырман формуляры)


5. Болгариядағы конкурста «Әлия» әнімен бас жүлде алған әнші кім? (Роза Рымбаева)


1. Аттары бірдей қандай жазушыларды білесің? (Мұқтар Әуезов, Мұқтар Мағауин)


2. Ең көп шығарма жазып қалдырған қандай жазуыларды білесің? (М.Әуезов - 50 томдық)


3. Оқушының алғашқы кітабы? (Әліппе)


4. Н.Ә. Назарбаев қай жылы Президент болып сайланды? (желтоқсан 1991ж.)


5. Мемлекеттің негізгі заңы? (Конституция).


Жүргізуші: Жарайды, біз берген сұрақтарға жауаптар алдық. Ендігі кежекті өнер сайысына берелік.


Төртінші кезең- Өнерпаз оқырмандарымыз өз өнерлерін көрсетеді.


Бесінші кезең Wordwall платформасында онлайн сұрақтарға жауап


\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\

Жүргізуші:


Жүргізуші: Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.


1 .Бас жүлде «Ең үздік оқырман»


2. «Білімді оқырман»


3. «Өнерлі оқырман»


4. «Белсенді оқырман»


Жүргізуші: Кымбатты оқырмандар, кітап бәріңнің де мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін. Еліміздің болашағы, ертеңі үшін барлық қуат-қайраттарынды оқуға, заман талабына сай терең білім алуға жұмсаңдар. Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндалағымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамызданнәр алып, сусындай берсін. Келесі кездескенше аман сау болайық .



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2024
620
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі