Материалдар / Үздік Робот - 59
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үздік Робот - 59

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалдын көмегі көп, себебі адамдар бір - бірімен пікір алмасады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
322
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Үздік робот – №59 жом


Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да  салаларға еніп үлгерді.

Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арнап «Робот техникасы» курсы 1-деңгейінің (5, 6 және 7 сыныптарға арналған) бағдарламасын әзірлеп шығарды.

Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология  негіздерін зерттейді.

Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары  меңгертіледі. Оқушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады.

Курстың теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген.  Оқушылар 2 немесе 3 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды және тестілеуден өткізеді. Курс жұмысы роботтар жарысымен аяқталады.

Курс барысында білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторлары пайдаланылады.

Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болады деп болжанып отыр.

Бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді.

ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

Оқушылар курс соңында:

  • робот техникасы дамуының тарихы және білім негіздері туралы;

  • роботтардың қабылдау, жоспарлау, жауап берулеріне қатысты негізгі тәсілдерін біледі.

 

Оқушылар курс соңында:

  • түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау;

  • робот техникасы жүйелеріндегі датчиктер мен моторларды қолдану;

  • қарапайым роботтарды басқару;

  • жоспарланған концепцияларды сипаттау және таныстыру;

  • LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 және LEGO® Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу;

  • математика, физика, геометрия және информатика пәндерінде алған теориялық білімдерін робот техникасы жүйелерінде қолдану;

  • алған білімдерін топтық және жобалық тапсырмалар кезінде қолдану;

  • бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды синтездеу т.б. жұмыстарды жүзеге асыра алады.

Оқушылар курс соңында:

  • білім алуға арналған конструкторларды пайдалану арқылы роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру;

  • роботтарды визуалды графикалық ортада бағдарламалау;

  • топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау дағдыларын меңгереді.

Оқушылар курс соңында:

  • алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы роботтар секілді күрделі жүйелерді модельдеуге болатынын;

  • робот техникасы курсы бойынша алған білімі ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет салаларының дамуына ықпал ететінін;

  • робот техникасы курсында алған есептеу және ойлау дағдыларын әртүрлі жағдайда туындаған күрделі жайттарға талдау жасау кезінде қолдануға болатынын;

  • құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсарға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойлардың пайда болуына ықпал ететінін түсінеді.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР

Педагогикалық көзқарастарға мыналар жатады:

  • әрбір оқушының пікіріне құлақ асу;

  • әрі қарай даму мақсатында бастапқы білім мен түсінікті қолданудың маңыздылығын түсіну;

  • ынталандыра және дамыта оқыту;

  • оқытудың белсенді әдістерін қолдану;

  • мәселеге бағдарланған оқыту тәсілдерін пайдалану;

  • оқушылар мен олардың қажеттіліктеріне сәйкес оқытудың түрлі стильдерін пайдалану;

  • саралап оқыту тәсілдері;

  • оқушыларға «оқыту үшін бағалау» тәсілі арқылы қолдау көрсету;

  • зерттеушілік белсенділікке қолдау көрсету;

  • оқушылардың білім алуына көмектесу мақсатында олардың ақпаратты қалай сұрыптайтынын білу;

  • мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын дамыту;

  • оқушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту;

  • оқушыларға ашық сұрақтар және тапсырмалар ұсыну;

  • оқушылардың қате пікірлерін анықтап, оларға талқылау және өз ойларын басқа қырынан талқылауға мүмкіндік бере отырып, қайта білім алуға көмектесу;

  • оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;

  • мұғалім-оқушы қарым-қатынасының мүмкіндіктерін арттыру;

  • оқушылардың жаңа ақпаратты меңгеруі кезінде оны қарқынды бақылай алулары үшін қажетті жайлылық деңгейлерін арттыру;

  • оқытуда тоғыспалы даярлауды және тұтастық тәсілдерін дамыту;

  • оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті жағдай жасау, өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

  • жеке және топтық жұмыстарды, сондай-ақ сыныптық жұмыстарды ұйымдастыру;

  • жобамен жұмыс істейтін оқушыларға, жеке немесе топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалауға, сондай-ақ жобаны шығармашылықпен қорғауға мүмкіндік беру;

  • оқушылардың бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында диалог құруда/жазуда қажетті сөздік қорды пайдалануы үшін  жүйелі тілдік қолдау қолдану;

  • сыныптастар арасында жоғары оқу орнына түсуге немесе қызметтік мансапты құруға бағытталған оңтайлы оқыту ортасын құру;

  • оқу үдерісіне оқушылардың ата-аналары мен отбасы мүшелерінің қатысуына қолдау көрсету.

«Робот техникасы»  элективті курсының зерттеу нәтижесін бағалау  

                  тәсілдері

Курстан күтілетін нәтиже оқушылардың оқудағы жетістіктерін мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс арқылы формативті және суммативті бағалау жолдары бойынша бағаланады.

Формативті және суммативті бағалау курстың оқу бағдарламасы бойынша оқушылардың білімі мен дағдылары жетістіктерінің деңгейін өлшеуге бағытталған:

 

Модуль

Білім

Дағдылар

 

Оқушы біледі:

Оқушы:

1

Робот техникасы негіздерін, құрал-жабдықтарын, EV3 мәзірін.

Роботтың түрлерін ажырата алады, бағдарламаны орнатады, роботтың прототип үлгісін жасайды.

2

Роботтың қозғалыс теориясын, үлкен және орташа моторды, датчиктерді.

Роботты құрастырады, үлкен және орташа моторды, датчиктерді қолданады.

3

Моторды Тәуелсіз басқару блогын және оның баптауларын, роботты әртүрлі бұрышқа бұру механизмін.

Роботты қозғалтатын бағдарламаның кодын жазады.

4

Объектілерді табу және жылжыту үшін жанасу датчиктің жұмыс істеу принципін.

Роботты құрастырады және бағдарламаның кодын жазады.

5

WRO ережелерімен және сайыс тапсырмаларымен таныса алады.

Жасаған роботты өз бетінше немесе топтың құрамында ұсына алады.

 

Формативті бағалау үздіксіз жүргізіледі және оқу үдерісін уақытылы жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді.

Суммативті бағалау оқу курсының соңындағы өлшемдер бойынша ұсынылған жобаларды бағалау арқылы өткізіледі.

 Жобаны ұсыну және көрсету өлшемдері (роботтар, виртуалды роботтар)

 

Өлшемдер

Сипаттама

1

Түпнұсқалық және сапа

Жоба айрықша үлгіде ұсынылған, жан-жақты ойластырылған және өмірде қолдануға жарайды (дизайн, тұжырымдамасын), оқушылардың шығармашылық қабілетін танытады.

2

Техникалық тұрғыдан түсіну

Топ роботты үлгілеу, құрастыру және бағдарламалау кезінде өз құзыреттілігін көрсетті, ұсынған жобасының нақты қалай жұмыс істейтінін түсіндіре алды, тиімді инженерлік тұжырымдамасын біліп пайдаланды.

 


Информатика пән мұғалімі: Камалов Жарас Боранбаевич


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!