Ұзтаз туралы эссе.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұзтаз туралы эссе.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық әлемдегі ең ұлы мамандық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ұстаз туралы эссе

Ұстаздық-әлемдегі ең ұлы мамандық. «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге, Көкірегінде болсын көз»Абай    Қазақтың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынов атамыз «Адамдық диқаншысы» деп ұстазды жайдан-жай атамаған. Өйткені ол шәкіртінің бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін абзал жан. Ол-мәңгі нұрдың қызметшісі. Жас шыбықтың тамыры терең, жапырағы жайқалып, жемісі мол болуы үшін үлкен еңбек қажет, оны бағбан ұзақ күтеді. Ұстаз да осы бағбан тәрізді. Мектеп табалдырығын аттап келген күннен бүлдіршіндерді өзіне баурап алып, мейірімі мен шапағатын күн шуағындай төге жүріп, өз уақытын аямай шәкіртін бақытқа жеткізеді. Ол тек шәкіртін ғана емес, ұлтын, күллі адамзат баласын бақытқа жеткізу үшін еңбектенеді.

Сан ғасырлық тарихы, салт-дәстүрі бар қазақ халқы ұрпағының саналы, қиялы жүйрік, тілі бай, білімді болуын ерекше назарда ұстаған. Ата мен әже өздерінің кішкентай немересіне қазақтың жырларын, дастандарын үлгі ете отырып, қиял-ғажайып әлеміне жетелеген.  Шоқанның әжесі Айғанымның, Абайдың әжесі Зеренің тәрбиесі халқымыздағы ата-әже мектебінің қандай биік дәрежеде болғанын көрсетеді. Демек, ұрпақ тәрбиесіне мән берудің алтын бастауы ғасырлар қойнауында жатыр. Оның тағы бір дәлелі- тасқа қашалған Күлтегін ескерткіші мен Отырар кітапханасы. Қазақ балаларына: Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық… Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар, Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар,- деп ұрандаған, «дала қоңырауы» Ыбырай атамыздың білімге шақырған сөздері бүгінге дейін рухымызды жанып келеді. Ол ұлтымыздың ағартушылық тарихында және ұлттық мектептің қалыптасуында терең із қалдырды. Ұлы Ұстаз өмірдегі сарқылмайтын мол байлық білім екендігін түсіндірген. Оның айтқан ұлағатты сөздері, «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы қазақ халқы үшін ғана емес, әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесіне үлес қосып, бүгінге дейін құнын жоғалтқан жоқ. Қазақ халқының келешегі, жас ұрпақты, білімге, ғылымға шақырып, қандай нәрседен қашық болып, қандай нәрсемен жақын болу керектігінің сара жолын салып, анықтап берген ағартушы- ұстаз  Абай бабамызды дүниежүзі халқы мойындап отырғаны анық. Абай, Ыбырайдың ағартушылық ойларын жалғастырған ұлт ұстаздары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Халел Досмұхаметов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтар болды. Осы бабаларымыздың армандары еліміз тәуелсіздік алып, еркін мемлекет атанғалы іске асуда. Көптеген мектептер салынып, онда жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, рухани дүниесі бай ұстаздар білім мен тәрбие беруде. Сондықтан бұл күнде ұстаздық мамандық-ең керекті, ең құрметті мамандық. Өйткені олар ата-ананың ғана емес, еліміздің болашағы алдында да жауапты.  Бүкіл дүниежүзілік білім кеңістігіне кіріп, білімнің жаңа жүйесі құрылып жатқан елімізде ұстазға деген сый-құрмет ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында»-деген сөзі, бірегей тұлға ұстазға деген құрмет пен ықыластың ерекше екендігін білдіреді. Оған тағы да бір дәлел: Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері атағының Ұстазға,біздің директор апайымыз,Миразова Аягүл Төреқызына берілуі. Әрине, осындай құрметке республика ұстаздары атынан біздің ұстазымыздың ие болғанын мақтан етеміз. Шындығында,ұстаз болу неткен бақыт десеңізші!…

Қорытындылай келе,күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы-жақсы тәрбиеленген  адам.Ал жақсы тәрбиені беретін-Ұстаз. Біз де ұстаздарымызды құрметтеп, оларға бас иеміз. Ұстаз еңбегі ел үшін де, шәкірт үшін де зор мәртебе екенін есте ұстаймыз дей келе шығармамды өзімнің төмендегі өлең жолдарыммен аяқтаймын. Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты, Ол болмаса кім береді парасатты. Асылын беріп шәкірт бойларына, Ағартқан сол үшін де қара шашты. Ұстазға әркім басын ию керек, Кемеңгер, ақылшым деп білу керек. Бүгінің мен ертеңге талпындырып, Жеткізген сол ұстаздар, болсаң зерек. Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын, Олар үшін сарқылмас ұстаз-дарын. Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,Шәкірттің биікке шыққандарын. 








Эссені жазған: Сайдумарова Ш

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2024
348
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі