Материалдар / Ұзын шаш қыздың көркі"тақырыбындағы ғылыми жобаның зерттеу күнделігі

Ұзын шаш қыздың көркі"тақырыбындағы ғылыми жобаның зерттеу күнделігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ғылыми жобаның зерттеу күнделігі.Ғылыми жоба жазушы әріптеске үлкен көмек болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
70
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі









ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ





Зерттеу тақырыбы: Ұзын шаш-қыздың көркі



Оқушының аты жөні: ЖАСТАЛАП АРУНАЗ АСЫЛҚЫЗЫ



Мектеп:Сатыбалды НЖББМ



Сынып :4



Ғылыми жетекшінің аты –жөні:ТЕМИРГАЛИЕВА НАЗЫМ ФАТИХОВНА












2020ж





Жұмыс мазмұны

Зерттеу әдістері

Ғылыми жетекшінің ескертуі мен бағыт беру нұсқамасы

10.09

Бүгін мен апайыма тағы да ғылыми жобамен айналысқым келетінін айттым .Себебі былтырғы оқу жылындағы аудандық ғылыми жобадан Іорын алған болатынмын. Сонымен қатар мен адам шаш туралы деректер қызықтыратынын айттым



13.09

Сонымен мен «Ұзын шаш-қыздың көркі»деген тақырыпты таңдадым.Оның себебі «Балапан арнасындағы «Үйрен де,жирен»бағдарламасынан көрген «Шаш әшекейлері»атты хабар мені ойландырған болатын.Содан кейін ойыма шаш туралы түрлі сауалдар келді.Сол сауалдарға ізденіп жауап таппақшы боп бекіндім.Өзіме СӘТТІЛІК тлеймін

Талдау

Керемет таңдау ізденіс жұмыстарыңды бастай ғой!

18.09

«Ұзын шаш-қыздың көркі» тақырыбында іздене бастадым.

Кітапханаға бару,интернет беттеріне шолу

Жарайсың! Өзіңе үлгілік жоспар құр!Жоспар жұмыстың тиянақты болуына үйретеді.


20.09

«Ұзын шаш-қыздың көркі» тақырыбында жетекшіммен үлгілік жоспар құрдық.


Осы жоспар бойынша жан-жақты ізденуді баста,Аруназ!

2.10

«Шаштың саны қанша?, «Қалай күтім жасаукерек?», «Шашқа байланысты қандай ырымдар бар? «Айдар,тұлым деген не?» деген көкейімдегі сұрақтарға жауап іздеуді бастап кеттім

Әртүрлі газет-журнал беттерін ақтару, «Денсаулық» журналының жинағынан іздеу

Керемет!МЕН сенімен мақтанам!

15.10

Тағы да зерттеу жұмыстарын жүргізіп өз жобам туралы көп деректер білдім.

Интернет желісі арқылы мәлімет жинақтау

Көрген «ЮТУБ»арнасындағы роликтеріңді жүктеп көр!

5.11

Шашты күту,өру түрелерімен таныстым.

Тұлым,айдар,бұрым деген шашқа қатысты ұғымдар туралы білдім

Керемет!Тағы да тың материалдар қарастыр!

11.11

Іздену барысында өзге ұлт өкілдерінің шаш күтімі,түсі туралы білдім.Шашқа қатысты ырымдар туралы оқыдым

Мектеп кітапханасымен байланыс

Ізденісің ұнады!Жарайсың!

Шаштың түсіне қатысты психологтардың берген мінездемесін іздеп көр!

14.11

Жетекшімнің кеңесі бойынша мектебімнің психологі Г.Мақсотқызымен кездесіп,бірнеше сұрақтарыма жауап алдым.

Мәліметтер жинау

Жарайсың!Жинаған мәліметтеріңді электронды түрдежинақта!

27.11

Мектептегі қыздар арасында ұзын шашты қыздарды санап кесте құрдым және 6/9 –сынып қыздарына 1. Сіздің шашыңыз ұзын болды ма,әлде қазіргі уақытта ұзын ба?

2. «Шаш-адамның ажары» деген мақалдың мағынасын білесіз бе?

3.Сізге бұрым қылып өрген, қысқа шаш әлде шашты жинап алған хвост ұнайды ма?

4.Бұрым сәнді ме?

5. Сіздің ойыңызша сабақ кезінде шаштың қандай сән үлгісі ыңғайлы деп ойлайсыз? Деген сұрақтардан тұратын сауалнама жүргіздім.


-2-4-сынып ұлдарын «Ұзын шашты қыз ұнай ма?»атты анкета жүргіздім.

Сауалнама құру, жетекшім екеуміз қорытындылау

Үлкен жұмыс атқардың,КЕРЕМЕТ!

Енді шашқа арналған сусабындар мен маскалар туралы ізден!

30.11

Сауалнамаларымды электронды түрде жинақтап болып ,сусабындар мен маскалар туралы оқып білдім.

Ғаламтор беттерінен

Өте жақсы! Енді шашқа арналған әшекей түрлері туралы ізденіп көр!

4.12

Жетекшімнің нұсқауымен мектеп кітапханасынан шашқа арналған әшекейлер туралы іздеп көптеген мағлұматтар алдым.

Кітапханамен байланыс

Шолпы,жемелек,шаштеңге,

шашбау

Тамаша!

Аруназ,енді шаш туралы қызықты деректер ізде!

10.12

Бүгін ғаламтордан шаш туралы қызықты деректер іздестірдім.Мәліметтер тапқан сайын жобам өзіме қызықты боп жатыр.

Талдау,ізденіс

Орта есеппен адамда 100000 шаш болады.

- Көптеген адамдарда күніне 50-ден 100-ге дейін шаш түседі, бірақ оның орнына жаңа шаш өседі.

- Айына шаш 1.5 см-ге ұзарса, жылына - 12-15 см-ге дейін өседі.


Сенің қолыңнан бәрі келеді!


Енді ақын-жазушыларымыз бен композиторлардың ән-жырларын іздеп,тыңдап көр!

19.12

Бүгін интернеттен сайттардан шаш туралы әндер мен өлеңдер іздедім.Қазақ қызының қолаң шаштарын әнге,жырға қосқан өнер иелері баршылық екеніне көзім жете отырып,шаштың қасиетті екенін білдім.

Ізденіс,жұмыстарды жүктеу

Тамаша!



7.01-10.02

Тапқан барлық материалдарымды жүйелеп жинақтадым.

Ноутбукпен жұмыстану

Кереметсің!

Өзіңнің шашыңды түрлі формада әсемдеп фотоға түсіп көрме жаса!

11.02

Бүгін апатайым менің шашымды түрлі етіп әсемдеді.

Практикалық жұмыс

Аруназ, осы кезге дейінгі жинаған материалдарыңа талдау жасап,саралап,электронды папка ашып жинастыр!

6.03

8-наурыз қарсаңында жетекшім екеуміз «Иықтан шаш төгілген»атты қыздарға арналған мерекелік шара өткіздік.

Сценарий құру

Сенің ойың жүйрік!

10.03

Бүгін барлық жинаған деректерімді жетекшімнің көмегімен екеуміз сараладым.Ғылыми жобамның нақты жоспарын құрып,Ібөлімін жазуға кірістім.

Саралау,жинақтау,жоспар құру,орындау

Бұл жұмыс осындай тиянақтылықты қажет етеді!Іске сәт!


Ауыл фельдшерімен шаш туралы сұхбат жүргіземіз,сауалдарыңды дайындай ғой.

12.03

Н.Фатихқызы екеуміз жұмысымызды толықтыру үшін ауыл фельдшері Г.Қанатқызымен сұхбат жүргізідік.

Әңгімелесу


Аруназ енді шаштаразбен кездесіп сұхбат жүргізу керекпіз.Сондықтан сауалдарыңды дайындай ғой.



24.03

Бүгін шаштараз-модельер Ақбөбек Дидарызымен сұхбат жүргіздім.

Әңгімелесу


Жарайсың! Енді жобаңның негізгі бөлімін жазуға кіріс!

26.03

Жобамның негізгі бөлімі мен қортындысын жазуды бастадым.Онда шаш туралы жинаған бүкіл мәліметтерімді пайдаланып, талдап жаздым.

Талдау,жианқтау

Аруназ жұмысыңа сәттілік!

28.03

Зерттеу жұмысымның слайдын бастап,фотоларды жинақтадым

Слайд жасау

Жарайсың!

1.04

Бүгін анамнан мені шашымды күтіп ұстауының сырымен бөлістім.Анам маған шаш күтіміне байланысты екі тәжірибесін көрсетті.

Анаммен әңгіме

1.Шашты сіркесуы қосылған сумен шаю. Шашты шайқарда шайқайтын суға бір ас қасық уксус құйса шаш жылтырап тұрады.

2. Айына бір майонезбен жуу. 2асқасық майонезді шаштың түбіне жағып 30 минуттай орап қоясызда,тазалап жуу керек.Нәтижесінде шашқа сірке түспейді және шашты қоректендіреді.


Анаң сенің керемет жан!

6.04

Жетекшім зерттеу жұмысымды тексерді.Сол кісі берген ескерпелер бойынша жұмыстандым.

Түзету жұмыстары

Кееремет жұмыстанғансың!Жобаның қорытынды бөлімін жазуға кіріс!

8.04

Жетекшімнің кеңесі бойынша жобамның қорытынды бөлімін жазуды бастадым.

Қорытындылау

Сәттілік,Аруназым!

10.04.

Мен үшін қуанышты күн!Менің ғылыми жобамның негізінде анам маған шашбау сыйлады.



Фотоға түсу

Саған қолдау көрсеткен ата-анаң қандай Керемет!

18.04

Жетекшіме зерттеу жұмысымды тексертіп,ескертпелер бойынша түзеп,барлық бөлімдерін өңдеп редакцияладым. Бұйырса жобамды аяқтадым.Жетекшіме тексерттім.

Жүйелеу,тиянақтау

Үлкен ,қызықты жұмыс тыныдырдық!Саған сәттілік тілеймін!


Енді жобаны сырттай аудандық байқауға ұсынатын боламыз.Сәттілік тілеймін!

24.04

Жобамды басынан бастап пысықтап шықтым. Өзіме сәттілік тілеймін!


Сенің қолыңнан келеді,мен саған сенемін!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!