400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ұзындыққа секіру негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

1-бөлім: Жүгіру, секіру және лақтыру

Педагогтың аты-жөні

Ахимбеков Серик

Күні

10/09/2024 ж

Сынып: 4а

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Ұзындыққа секіру негіздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.2.1 денеқызметіменайналысқанкезде, дененіқыздыружәнебосаңсытуқажеттілігінкөрсетужәнеталқылау


Сабақ мақсаты

оқушыларға жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру тәсілін үйрету, көрсеткіштерімен таныстыру;

Аяқ бұлшық еттерінің, буындарының секіруде атқаратын жұмыстарын түсіндіру.

Жүгіру техникасы.

Бір орыннан секіру техникасы.

Ұшу және орнығу

Бағалау критериі

Оқушы жүгіру алдын дайындықты дұрыс орындай білсе

Жүгіру барысында қол-аяқ қозғалысын үйлесімділігін қадағаласа

Бір орыннан секіру фазаларын білсе

Жүгіріп барып секіріп түсу фазасын білсе

Ұшу және орнығу әдіс-тәсілдерін білсе

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Басы

Ынтымақтастыру атмосферасын орнату. Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Миға шабуыл. Оқушыларға сұрақтар беріледі:

  • Секірудің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Секіру бойынша олимпиада чемпиондарынан кімді білесіңдер? (Ольга Рыпакова).


Постермен жұмыс. Оқушыларға үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың олимпиада ойындарында көрсеткен өнерінен үзінді беріледі. Белгіленген уақытта постерге Ольга Рыпакова жетістікке қалай жеткендігі туралы өз ойларын сатылап жазып шығады.


Жалпы дене жаттығулары:

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:

1.Екі қолды жоғары,аяқтың ұшымен жүру.

2.Екі қол белде,өкшемен жүру.

3.Қол желкеде,жартылай отырып жүру.

4.Қол тізеде,толық отырып жүру.

Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:

1.Тізені жоғары көтеріп жүгіру.

2. Өкшені жамбасқа лақтырып жүгіру.

3.Аяқтың басын алға сілти жүгіру.

5.Сол қапталмен қолды артқа айналдыра жүгіру..

6.Оң қапталмен қолды алға айналдыра жүгіру.


Бастапқы қалыпта тұру.

-Бас, мойын, иық, кеуде жатт.

-Бел, тізе, аяққа жатт.


Ортасы

Негізгі бөлім.

Ұзындыққа екпіндеп секіру төрт сатыға бөлінеді:

  1. Екпін. Екпін керекті жылдамдықты жинап алу үшін қажет. Екпін алғаннан кейін секіруші жүгіріп жылдамдық алады. Мұндағы жүгіру адымдық жүгіру деп аталады. Секіруші өзінің әр жүгіру адымын, қозғалысын қадағалау керек және жүіріп келе жатып оң, солға қозғалмай түзу жүгіру керек, адымы өте кең болу керек.


  1. Итерілу. Итерілуге жақындағанда секіруші соңғы 3-4 адымдық жылдамдығын көбейту керек. Белгіленген сызыққа келгенде секіруші сызықтан аспай бар екпінмен жерге түсу үшін ұшады.




  1. Ұшу. Секіруші белгіленген сызықтан екпін алып секіргеннен кейін ұшу кезеңі басталады. Ұшу кезінде секіруші өзін бір қалыпта ұстап, мүмкіндігінше алысқа жерге түсудің тәсілдерін орындайды.

Ұшу кезеңінде тәсілдерді үш түрге бөліп қарауға болады:

  1. ұшу кезінде бір аяқты бүгу


2) ұшу кезінде екі аяқты бүгу



3) ұшу кезінде екі аяқты қайшыландыру, яғни ұшып бара жатқанда екі аяқты ауада кезек-кезек сермеу



Ұшу кезіндегі тәсілдер - секірушінің қаншалықты ұзындыққа секіретінін


көрсететін шешуші тәсілдер.




  1. Ж ерге түсу. Бұл секірудегі соңғы тәсіл, секірушінің қанша ұзындыққа секіргенін көрсетеді. Жерге түсу кезінде екі аяқтың тізесін жазады, иықты, кеудені алдыға қарай бүгіп, екі қолды төмен немесе алға жібереді.



Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің көрсеткіштері: ұлдар – 2,60м. («3»)

3,00м. («4»)

3,20м. («5»)

қыздар – 2,20м. («3»)

2,60м. («4»)

2,80м. («5»)


2. Оқушылар жаңа тақырыпты практика жүзінде көрсетеді. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топқа футболшылар мен олимпиада чемпиондарының суреттерін топтастыру арқылы бөлінеді. 1-топ ұзындыққа секіру тәсілдерін үйреніп жатқанда, 2-топ секіртпе жіппен секіреді.


3. Эстафета. «Кім алысқа секіреді?»

Шарты: 2 топ оқушылары кезекпе-кезек бір орында тұрып, ұзындыққа секіреді. Әр оқушының секірген ұзындықтарын бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргеннен кейін әр топтағы барлық оқушының ұзындыққа секірген өлшемдері қосылады. Қай топтың ұзындыққа секірген өлшемі көп, сол топ жеңіске жетеді.


4. Диалогтік әдіс. «Жетістікке қалай жетті? Әр топқа үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың суреті жабыстырылған плакат беріледі. Белгіленген уақытта плакатқа Ольга Рыпакова жетістікке қалай жеткендігі туралы өз ойларын сатылап жазып шығады.


Мұғалім оқушыларды өзінің төмендегі бағалау парақшасына бағалайды.

Секіру техникасын бағалау

ФИО

Жүгіріп келіп секіру,см

Бір орында тұрып секіру, см

Ұшу және орнығу, см















Ойын шарты: команда мүшелері қапшықпен секіреді, соңғы ойыншы қолындағы туды тігіп келеді.

Саптатұрған балалардыңбарлығыеңкеійпотырадыда, соңғыбала олардың үстінен аттап-секіріп, алдынакеліпотырақалады. Қалғанойыншыларда осылайжалғастырады. Қайкомандамежегебіріншіжетеді, солкомандажеңеді.


Сабақтыңсоңы


Спорт жабдықтарын орнына қою, тыныс алу жаттығулары және хронометраж.

Көңіл аудару жаттығулары, үй тапсырмасы.

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26.03.2025
248
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі