жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Вариатив сабақ «шебер қолдар
ц«Бекітілді» «Тексерілді» «Келісілді»
Мектеп директоры Директордың оқу ісі «Мұғалжар аудандық
_________Е.Т.Шолтаев жөніндегі орынбасары әдістемелік орталығы» «____»______2020ж _______Р.А Ибатулина _____Г.Қ.Нұрмағамбетова
«______»__________2020ж
Ембі қалалық№1 жалпы білім беретін орта мектебінің
шағын орталық тәрбиешісі Н.Е Енсепованың
ересек топқа арналған
«Шебер қолдар»
бағдарламасының жоспары
№1 ЖББОМ
№1педагогикалық кеңесінде
қаралып бекітілді
Хаттама №1 «____»_____2020ж
Бірлестік жетекшісі_____Н.А Подольская
Түсінік хат
Дәстүрден тыс әдіс арқылы
сурет салу, мүсіндеу, қол еңбегі бүлдіршіндердің ең сүйікті ісі .
Өйткені, бояу әлеміне ену, оны қолмен ұстап, сезіну арқылы салынған
дүние – балалардың танымдық деңгейін ғана емес, сонымен бірге
қоршаған ортаға деген қызығушылығын да арттырады. Сондықтан болар,
дәстүрден тыс әдіс арқылы бейнелеу:
-баланың психикасына (эмоционалдық жағдайына);
-логикалық ойлау қабілетіне;
-саусақ моторикасының дамуына;
-көзбен көріп, мөлшерлей білуді;
-эстетикалық талғамының қалыптасуына зор ықпал етеді.
Жалпы, мектепке дейінгі мекемелердегі мүсіндеудің, табиғи
материалдармен жұмыс жасаудың шығармашылық қабілеттерін шыңдауда
балалар үшін маңызы зор. Өз түсінгенін бұқпасыз, боямасыз
жеткізетін жеткіншектің бейнелеу арқылы бағдарлауында тәрбиешінің
орны ерекше. Сондықтан да, өзімнің шығармашылық жұмысымның арқауы
ретінде осы дәстүрден тыс әдіс арқылы мүсіндеуді, қол еңбегін алуды
жөн көрдік. Аптасына бір рет өткізілетін бұл іс-әрекеттер
балалардың қиялын, ой-өрісін дамытады, щығармашылыққа
жетелейді.
Шығармашылық жұмысымның өзектілігіне келер болсақ: Бала қиялына
ерік беру арқылы оның ішкі сезімін, жан дүниесін бағдарлау,
нәтижеге жетер жолдағы тиянақтылық пен іскерлік дағдысын
дамыту.
Ерте кезде-ақ философтар
шығармашылық феноменды аңғаруға және адам дамуына ықпалы қаншалықты
екенін анықтауға ұмтылды (Платон, Аристотель, Ф. Аквинский,
И.Кант). Орыс философиясында шығармашылық зор түсініктердің бірі
екендігін мойындайды (В.С.Соловьев, В.Н.Лосский, И.А.Беряев ).
Бейнелеу өнері шығармаларын жақсы дәрежеді қабылдау үшін, бала
өнердің өзінің бейнелеу тілін түсінетін дамыған қабілет болу қажет.
Өнер қабылдау балада арнайы үйренуді қажет
етеді.
«Шебер қолдар» бағдарламасының
Мақсаты:
Мүсіндеудің бала тәрбиесінде алатын маңызы өте зор.Мүсіндеу арқылы баланың саусақ маторикалары дамиды, ой-қиялы артады, эстетикалық талғамдары қалыптасады.
Міндеттері:
1. Мүсіндеуде техникалық дағдылар мен іскерліктерін қалыптастыру.
2. Шығармашылық іс-әрекет процесіне, көркем шығармалары мен қазақ халқының және өзге де халықтардың шығармашылығына эмоционалдық қарым-қатынастарын білдіруге тәрбиелеу.
Мазмұны:
Сазбалшықтың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру:сазбалшық жұмсақ, бөліп алуға, илеп мүсіндер жасауға болады.
Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен үзу, жұлу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуге үйрету,
Кесекті алақан арасында және жазықтықта түзу және домалақтау арқылы илеу іскерліктерін жетілдіру.
Бөліктері бірнеше заттарды мүсіндеу, дұрыс орналастыру, қатынастарын сақтау, бір-бірімен біріктіру тәсілдерін көрсету.
Мүсіндеуді сазбалшықпен, ермексазбен, тұзды қамырмен пайдалануға болады. Соның ішіндегі тұзды қамырды пайдаланудың ерекшелігі басым түседі.
Тұзды қамырдың артықшылығы:
-
Көп шығын шығармай, өзіңізге керек уақытта дайындап алуға болады.
-
Тез жуылады, дақ қалдырмайды.
-
Ауызға түскенде қауіпсіз.
-
Мүсіндегенде қолға жабыспайды.
-
Кептіруге болады.
-
Боялған қамырмен жұмыс істеуге болады, дайын мүсінге сурет салуға қолайлы
-
Тұзды қамырдан жасалған ойыншықтармен қорықпай ойнауға болады
-
Лакпен қатырса, ұзақ мерзімге сақталады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты
-
Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы
-
Қазақ ертегілер жиынтығы
Алматы «Балауса баспасы» 2003 жыл
-
Ертегілер елінде
Алматы «Аруна Ltd»
-
Кел, балалар, оқылық
Алматы «Дәуір кітап»
-
Ш.Перроның ертегілері
Алматы «Проф-Пресс» баспасы
-
Сөйлейтін кітап «Әлем ертегілері»
Алматы «Тәлім-Таным» ЖШС
-
Р.Тұрысбек, З.Сейтжанова
Жануарлар туралы ертегілер
Алматы «Аруна» баспасы
-
Қ.Құрманғали
Орыс халық ертегілері
Алматы «Жалын» баспасы
-
М.Мақашева
Әйбат ертегілер
Алматы «Аруна» баспасы
«Шебер қолдар» ( мүсіндеу) вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің күнтізбелік- тақырыптық жоспары.
|
Р\с |
Айы |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Апта күні |
|
1 |
Қыркүйек |
4 «Добым, добым дөңгелек» |
1 1 1 1 |
|
|
2 |
Қазан |
|
1 1 1 1 |
|
|
3 |
Қараша |
4.«Торғай» |
1 1 1 1 |
|
|
4 |
Желтоқсан |
4 «Шыршаға арналған ойыншықтар» |
1 1 1 1 |
|
|
5 |
Қаңтар |
4. «Аққала» |
1 1 1 1 |
|
|
6 |
Ақпан |
4. «Машина» |
1 1 1 1 |
|
|
7 |
Наурыз |
4. «Қуыршаққа арналған моншақтар» |
1 1 1 1 |
|
|
8 |
Сәуір |
4. «Адам бейнесі» |
1 1 1 1 |
|
|
9 |
Мамыр |
4. «Үлкен және кіші саңырауқұлақтар» |
1 1 1 1 |
|
|
|
Барлығы |
|
36 |
|
Тұзды қамырды дайындау әдісі

Ең алдымен құрғақ заттарды араластырып аламыз.
Тұз өте ұсақ болуы керек (экстра) 2 стақан ұнға 1 стақан тұз қосамыз

Араласқан тұз бен ұнға жарты стақан су қосып араластырамыз, оған 1 қасық желім қосқан дұрыс.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру салалары: «Шығармашылық»
Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)
Тақырыбы: «Күз сыйлығы» Мақсаты: Білімділік: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылық: Балалардың талабын арттыра отырып, көкөністер мен жемістерді ажыратып білуге білімдерін дамыту. Тұзды қамырмен мүсіндеу әдістерін пысықтау қол қимылын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тұзды қамырды еркін қолдану арқылы көкөніс-жемістердің мүсінін жасауды үйрету.
Көрнекілігі: Күзгі бақ көрінісі. Күз және жеміс-көкөніс суреттерімен муляждар.
Сөздік жұмыс: қамқорлық, төрт түлік мал. Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.
Қостілділік компоненті: алма-яблоко, қияр-огурец.
|
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 08.06.2021 1213
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 |






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген