Тақырып бойынша 27 материал табылды

Вертикаль бұрыштар

Материал туралы қысқаша түсінік
Вертикаль бұрыштар деген не? Бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының толықтаушы сәулелері болса, бұндай бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады:Осы суреттегі ∠ APD және ∠ CPB бұрыштары вертикаль бұрыштар болады, себебі бұлар бір-біріне қарама-қарсы орналасқан. ∠ DPB және ∠ APC бұрыштар вертикаль бұрыштарға жата ма? Жауабын түсіндіріп беріңдер.Вертикаль бұрыштар өзара тең болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алғашқы геометриялық мәліметтер
Сабақ тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.2.2 сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамаларын біледі, оларды анықтай және кескіндей алады;
7.3.2.3 вертикаль және сыбайлас бұрыштардың қасиеттерін қолданады.
Сабақ мақсаттары: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамалары мен қасиеттерін біледі, оларды анықтай және кескіндей алады;

Сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылар назарын аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыру.
Қайталау сұрақтары:
Бұрыш ұғымына байланысты сұрақтар (білімді жандандыру):
Геометриялық фигура – бұрыштың анықтамасы.
Бұрыштың қандай түрлері бар?
Сүйір бұрыш деп қандай бұрышты айтады?
Қандай бұрышты доғал бұрыш деп айтады?
Қандай бұрышты тік бұрыш деп айтады?
Тік бұрыш деп қандай бұрышты айтады?
Бұрышты өлшем бірлігі.
Бұрышты қандай құралмен өлшейді?
Бұрышты өлшеу қасиеттері (аксиомалар).
Қандай бұрыштарды тең бұрыштар деп айтамыз?

Жаңа сабақты меңгерту
Балалар, бәріміз дәптерімізге сүйір бұрыш салайық. Осы сүйір бұрыштың бір қабырғасын созайық. Сонда неше бұрыш пайда болды?
Осы пайда болған бұрыштарды сыбайлас бұрыштар деп атайды.


Анықтама: Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғалары толықтауыш сәулелер болып келетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады.
О – бас нүкте, ОВ – ортақ қабырға.
ОА, ОС қабырғалары – бір –біріне толықтауыш сәулелер.
Балалар, бәріміз дәптерімізге тағы бір сүйір бұрыш салайық. Осы сүйір бұрыштың екі қабырғасын да созайық. Сонда неше бұрыш пайда болды?
Осы кезде пайда болған қарама- қарсы бұрыштарды вертикаль бұрыштар деп атайды.

Анықтама: Бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының созындылары болып келетін екі бұрышты вертикаль бұрыштар деп атайды.
Назар аударыңыз. Екі түзу қиылысқанда, екі жұп вертикаль бұрыш пайда болады.

1 және 3 бұрыштар, 2 және 4 бұрыштар – вертикаль бұрыштар.

Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттері:
Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800- қа тең:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.00.2021
1548
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12