жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
VI-XII ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің дамуының ерекшеліктері.
Сабақ жоспары. ҚМЖ
|
Сабақтың тақырыбы:§26 VI-XII ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің дамуының ерекшеліктері. |
Мектеп: № 72 Жалпы орта мектеп. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Оқытушының аты-жөні: Баймахан Ержан |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары |
1.Батыс Түрік қағанаты, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ мемлекеттерінің саяси –әлеуметтік, экономикалық құрлымын білуі тиіс. 2.Жоғарғы билік мұрагерлік жолмен беріліп отыратынын түсінуі тиіс. 3. Көшпелі мемлекеттердің сипаты туралы ойлауы тиіс . |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
1.Көшпелі мемлекеттер барлық өркениетті елдердегідей өздерінен бұрынғы қалыптасқан әлеуметтік құрылымды сақтап қалғанын меңгереді. 2.Егер билеуші қайтыс болса, таққа бірінші тікелей оның баласы емес, жасы үлкен інісі отыра алатынын түсінеді. 3.Бүгінгі Қазақстан аумағында құрылып , ғасырлар бойы салтанат құрған Үйсін, Қаңлы, Батыс Түрік мемлекеттері Түркеш қпғанаты мен Қарлұқ-Қарахан хандықтарын ойлайды және салыстырады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Терминдер сөздігі мен жұмыс жасай білуі, түсінуі,ойлауы тиіс. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
§25 Қимақ және қыпшақ мемлекеттері. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз) |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
3минут
12 минут
5 минут
10 минут
5минут
3 минут
1минут
1 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөліну. Қазақ батырларының суреттерінен құралған қиындылар арқылы топқа бөлінеді. Төмендегі төрт топтан бірінші үй тапсырмасы сұралады. Үй тапсырмасын «Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс.Енді әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салды. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығуы керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды. Жүргізуші жеңімпазды анықтайды. Оқушыларды топқа бөлу.1-ші топ ,2-ші топ, 3-ші топ, 4-ші топ. Жаңа сабақ. Жұптық жұмыс. Ой қозғау. 1. Үлестік тайпалық басқару жүйесі қалай қалыптасты, ерекшеліктері қандай? 2. Мемлекетті билеуші ақсүйектер тобының міндеттерін анықтаңдар. 3. Басқару жүйесінде ақсүйектік топтар қандай рөл атқарады? Хронологиялық тапсырмалар : 1)1128 жылы бір бөлігі қидандардың вассалдық билігін мойындаған кезге дейін Қарахандар мемлекеті қанша уақыт өмір сүрді? 2)Наймандар 1210 жылы Күшілік ханның басшылығымен Жетісу өңірін жаулап алған болса, қарақытай гурханының билігі қаншаға созылды? Бағалау.Мұғалімнің ынталандыру сөздерімен бағаланады. Топтық жұмыс. Әр топқа плакаттар таратылады.Әр топ 1-топ Батыс Түрік қағанаты, Түркеш,Қарлұқ, Оғыз, Қимақ мемлекеттерінің саяси –әлеуметтік, экономикалық құрылымы 2-топ Көшпелі мемлекеттердің сипаты , 3-топ Батыс Түрік қағанаты ,Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ мемлекеттерінің саяси –әлеуметтік, экономикалық құрылымы, 4-топ, Көшпелі мемлекеттердің сипаты осы жұмыстың нәтижесінде жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Бағалау.Топ басшысы бағалау парағына жұлдызшамен бағалайды.
Мәтін арқылы түсіндіріп білімдерін толықтырамын.Топтық жұмыс.«Мәтін бөліктері» ойыны:(Оқушылар мәтінді оқиды.Әр топқа мәтіннен тапсырмалар беріледі.1-топ. Түркі мемлекеттерінің құрылуында басқа көрші тайпалармен күрестің әсері айқын рөл атқарады....,2-топ. Ерте ортағасырлық мемлекеттерде дәстүрлі рулық тайпалық ұйым: патриархатты отбасы ру –тайпа-ел сақталып қалды ... ,3-топ. Көшпелілерде билеушінің бас ордасы –мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болды ..., 4-топ Қазақстан аумағындағы түркітілдес халықтар мемлекттілігінің әлеуметтік –экономикалық және саяси билік деңгейіне белгілеріне төмендегідей сипаттама беруге болады...
Жеке жұмыс. 3-тапсырма «Кім жылдам?» ойыны. Сандықшадағы сұраққа жауап береді.1.Түркілер бірлестіктерінің кейінгі мемлекеттердің құрылуына әсері болды ма? 2. Түрік қағанаты 603 жылы Батыс және Шығыс қағанаттарына ыдыраған болса , ол қанша уақыт өмір сүрді? 3. Түркештер мен қарлұқ тайпаларын атаңдар. Осы тайпалардың қайсысы ортағасырлық Қазақстан халқының бет-бейнесінің қалыптасуында ерекше рөл атқарды? Өз жауаптарыңды дәлелдеңдер. Бағалау.Топ басшысы смайликтермен бағалайды. Мұғалімнің ынталандыру парағы бойынша жалпы ұпай сандары бойынша баға қойылады. Топбасшысының жеке оқушыны бағалаған жұлдызша санымен бағалау. Рефлексия: «Кері байланыс сэндвичі» Сэндвичтің әр қатпарына сабақтан алған әсерлерін мына сұрақтарға жауап береді: 1қатпар – не ұнады? 2 қатпар –нені жақсарту керек және оны қалай жақсарту керек? 3 қатпар – маған ұнады бірақ, келесіде ...
Үй тапсырмасы:§ 26 VI-XII ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің дамуының ерекшеліктері.
|
Қазақ батырларының суреттерін құралған қиындылар.
Қазақ хандарының суреттері.
Плакаттар, маркер, сызғыш, оқулық және ғаламтор.
жұлдызша
Оқулық газет журналдар.
Бағалау парағы.
Сандықша, сұрақтар жазылған қағаз.
Жұлдызша
«Кері байланыс сэндвичі» суреті.
Күнделіктеріне жазып алу және сабақтағы бағаларын күнделікке қою. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? |
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Өзін өзі бағалау, топты бағалау ұсынылады.(критерийлер бойынша) жиналған жұлдыздар бойынша бағалау, мұғалімнің ынталандыру сөздерімен қалыптастырушы бағалау, сэндвич әдістері арқылы бағаланады. |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтармен байланыс Қазақстан географиясы мен, дүние жүзі тарихы пәндерімен пәнаралық байланыс бар. Презентация, қолданылды.Интерактивті тақтаны 20 - 25 минуттан артық қолдануға болмайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1:
2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1:
2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген