«VІІІ бөлім. Жаңа әлемдегі театр мен кинематография. Шешендік сөздер. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты: 11.2.3.1 – таза ғылыми стильдегі рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.4.5.1 - мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
Бағалау критерийі: – рецензияның құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктерін талдайды;
- мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану |
|
|
Орындау уақыты 15-20 минут |
|
1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жазыңыз.
Бала кезіміз. Біздің ауылдың қысы алабөтен қатты еді. Желке жағымыздағы ұзыншұбақ Қаратаудың қойнау-қойнауын қуалай жайғасқан шөкім-шөкім ауылдардың балалары біріміздің иығымызға біріміз басымызды сұғып, шілдің балапандарындай шұбырып, екі-үш шақырым жердегі үйлерімізге зорға жетеміз. Бұжыр-бұжыр қалақ тастардан қалап, сазбалшықтан сылаған жермешел үйлерімізге бас сұға сала, үсті-басымыздың сірескен мұз-қарын қағып-сілкіп жатыр ек, әлгінде ғана өзімізбен бірге келген Ізбасар қызылтанау болып жүгіріп кірді. «Шешінбе, кеттік...», «Қайда?», «Жүр дегесін жүрсейші енді... Ғарифолла келіпті...». «Не дейді? Әнші Ғарифолла ма?! Құрманғалиев па?!». «Иә, сол... Шаңғытбайдың үйінде»...
Екі көзім атыздай болды. Сенейін десем, атақты әнші мынадай ақ қар, көк мұзда иттің өлген жерінде не бітіреді?! Сенбейін десем, ән-жыр десе ішкен асын жерге қоятын Ізбасардың мына қапылысы тегін емес... Оның үстіне, Шаңғытбайдың үйімен жақын араласады. Айтса айтқандай, ауылымыздағы жалғыз мәшине жанармай иісі бұрқырап, сол үйдің ығында тұр. Аудан орталығынан жаңа келсе керек. Үстіндегі кенеп қаптарын қоймаға апарып түсіруге де үлгермепті. Алматыдан келген сыйлы мейман суықтап қалмасын деп, басқарманың үйіне түсіріп, жайландырмақ қой. Ізбасар ойлауға да мұрша берер емес: «Болсаңшы енді, бассайшы аяғыңды», – деп зіркілдеп бітті.
Ұяла басып, үйге кірдік. Бізге ілесе келген салқын ауа үйдің ішін ақ тұманға көмді де жіберді. Үйдегілердің бет әлпетін айырып болар емес. Қауқылдаған дауыстар ғана естіледі. Біраздан кейін отырғандарға көзіміз түсті. Қақ ортада шофер Оразхан. Керзі етігін шешпей, жүресінен қонжия кеткен Оразханның қолтығының астынан көзіміз шалды. Әлдене жылт-жылт етіп, зып-зып айналып жатыр. Е, патефон екен ғой...
Көз ілеспес жылдамдықпен айналған күйтабақтан шығып жатқан дауыс үлкендердің көңілін қозғап, естестеріне қай-қайдағыны түсіріп, көз алдарына баяғыда өткен қайран дәуренді әкелгендей. Мүлгіген де далада қасқыр қуып келе жатқандай екілене түсті. Аядай үйдің іші далаға, ауыл-үйдің қаудырлаған кәрі-құртаңы мен саудыраған бала-шағасы иін тірескен алаңқа айналып бара жатқандай.
Иә, ол құлағы бардың бәрін еліттірмей қоймайтын нағыз Орфей еді. Дала Орфейі еді. Мұндай әншіні ежелгі Эсхил ұлықтаған Аполлонұлы Орфейге теңемегенде, кімге теңейміз?! Әншілігі қандай ерен болса, актерлігі де сондай ерен еді.
Әншілер дала қызғалдақтарындай ғой. Қайта гүлдемейді. Қайта өнеді. Бүр шашпайды, дән шашады. Ғарифолла да қайта тумайды. Олай ету тіпті табиғаттың да қолынан келмейді. Ол тек қазақ көкірегінде өшпес аңыз болып, өзекті өртей түседі. Ол көрсеткен өлмес өнеге ғана ұрпақтар талантына дарып, рухани көсегемізді қайта көгертпек.
Ә. Кекілбаев. «Қазақ даласының Орфейі». «Ғарифолла Құрманғалиев туралы естеліктер» кітабынан.
Тапсырма. 1. Мәтіннің басталуы мен қорытынды бөлімін көрсетіңіз.
2. Егер осы шығармаға ғылыми рецензия жазылса, оның құрылымына енетін міндетті 3 элементті атаңыз.
3. Мәтіннен 2 көркемдегіш құралды (теңеу, метафора , тұрақты тіркес т.б.) тауып жазыңыз.
2-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Ой аяқталмай, тұспалмен көрсетілген кезде қолданылатын тыныс белгіні көрсет.
А) сызықша;
Ә) нүктелі үтір;
Б) көп нүкте;
В) тырнақша.
2. Жақша дұрыс қойылмаған сөйлемді тап.
А) Шыңғысхан он адам бір адамға бағынсын деп бұйырған (біздіңше оны онбасы дейді), ал ол онбасы жүзбасыға бас иген (І. Есенберлин);
Ә) Барақ (абыржып). Қашайық мынау қамалдан. Қаладан тез кетейік. (Қалтарыс жаққа қарайды). Маған қашу енді кеш... (Ә. Кекілбаев);
Б) Қазіргі қазақ тілінде актив қолданыста жүрген сөздердің көбі «бөгеделік» тұрпатты орфограммасы (сақталған) бірліктер болып табылады (Р. Сыздық);
В) Қазіргі қазақ тілінде абыз – көне сөз, «аса білгір, білімдар адам» деген мағынаны білдіреді (ҚТТС, 2008, 12-бет).
3. Көп нүкте қоюдың шартына жатпайтын нұсқаны көрсет.
А) дауыс ырғағындағы кідірісті білдіру;
Ә) дәйексөзді ықшамдап алған жағдайда;
Б) негізгі ойды қосымша нақтылау қажет болғанда;
В) ойдың аяқталмай қалғандығын тұспалдаған кезде.
4. Мағыналары ыңғайлас, санамалап айтылған сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгі қойылады?
А) сызықша; Ә) қос нүкте; Б) көп нүкте; В) нүктелі үтір.
5. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына қойылатын тыныс белгіні көрсет.
Аяғының ауырғанына қарамастан ... ол шапшаң жүріп отырды.
А) үтір; Ә) ешқандай тыныс белгі қойылмайды;
Б) сызықша; В) нүктелі үтір.
Дескрипторлар және балл қою кестесі
|
Тапсырма |
Дескриптор |
Балл |
|
1-тапсырма |
Мәтіннің басталуы мен қорытындысын дұрыс ажыратады. |
1 |
|
|
Ғылыми рецензияның құрылымдық элементтерін (кіріспе, аннотация, талдау, бағалау, қорытынды) атайды. |
2 |
|
|
Мәтіннен 2 көркемдегіш құралды (теңеу, метафора, тұрақты тіркес т.б.) тауып жазыңыз |
2 |
|
2-тапсырма |
1-сұрақ: Көп нүктенің қызметін анықтайды. |
1 |
|
|
2-сұрақ: Жақшаның дұрыс қойылуын табады. |
1 |
|
|
3-сұрақ: Көп нүкте ережесіне жатпайтын нұсқаны табады. |
1 |
|
|
4-сұрақ: Санамалап айтылған сөйлем арасындағы тыныс белгіні біледі. |
1 |
|
|
5-сұрақ: Мәтін ішіндегі тыныс белгіні дұрыс қояды. |
1 |
|
Жалпы балл |
|
10 |
Жауаптар (Дұрыс нұсқалар)
1-тапсырма бойынша бағыт:
-
Басталуы: "Бала кезіміз. Біздің ауылдың қысы алабөтен қатты еді..." (172-беттегі мәтін басы). Қорытынды: "Ол көрсеткен өлмес өнеге ғана ұрпақтар талантына дарып, рухани көсегемізді қайта көгертпек" (173-бет соңы).
-
Рецензия элементтері: Библиографиялық сипаттама, туындының қысқаша мазмұны, сыншының бағасы (артықшылығы мен кемшілігі), қорытынды пікір.
-
Талдау: Ғылыми рецензияда көркемдегіш құралдар аз қолданылады, стиль нақты, дәлелді және бейтарап болуы тиіс.
2-тапсырма (Тест жауаптары):
-
Б (Көп нүкте)
-
Ә (Драмалық шығармада ремарка жақшаға алынады, бірақ нүкте жақшадан кейін қойылуы керек немесе сөйлем құрылымына байланысты қателік бар).
-
Б (Негізгі ойды нақтылау үшін көбіне жақша немесе қос нүкте қолданылады).
-
В (Нүктелі үтір)
-
Ә (Ешқандай тыныс белгі қойылмайды - себебі "қарамастан" сөзінен кейін үтір қою міндетті емес).
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
VІІІ бөлім. Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер. Пунктуация. жиынтық бағалау

шағым қалдыра аласыз