"Vinci Bot: Робототехниканы үйренудің жаңа
мүмкіндіктері"
Білім беру жүйесіне жаңа,
инновациялық технологияларды енгізу, оқушылардың танымдық
қабілеттерін дамыту және олардың түсінігін ойластырылған деңгейге
көтеру арқылы оқу процесін жетілдіру - бүгінгі күннің басты
талаптары. Осы
талаптарға сәйкес мектептердің басты
міндеті - оқушыларды болашақ жастарымызды қалыптастыратын біліммен,
біліктілікпен, кәсіби қызығушылықтармен, бейімділіктермен және
дағдылармен қамтамасыз ету. Бұл
бағдарлама арқылы
оқушылар робототехника, инженерлік
дизайн және технология негіздерін меңгереді. Бағдарламаның тақырыптық жоспары оқушыларға робототехника
мен бағдарламалау туралы терең түсінік алуға мүмкіндік береді, бұл
оларға күрделі тапсырмаларды шығармашылықпен шешуге мүмкіндік
береді.
Vinci Bоt,
роботты бағдарламалау ойыншығы-бұл 8 жастан асқан балаларға
информатиканы үйренуге және STEAM пәндеріне деген сенімділікті
арттыруға арналған робот. Vinci Bоt іс-әрекет, қиял арқылы оқуды
ынталандырады, балаларға нақты жобаларды, соның ішінде шығармашылық
музыка, музыка, би және сурет салуды, өзін-өзі басқаруды және
қателіктер жіберу арқылы оқу құқығымен ынтымақтастықты жасауға
мүмкіндік береді. MATATALAB бағдарламалық жасақтамасының көмегімен
балалар роботты блоктық және мәтіндік бағдарламалау арқылы басқара
алады, сонымен бірге есептеу, дизайн және инженерлік ойлауды
дамытады, балаларына жас кезінен бастап дамып келе жатқан цифрлық
дәуірді
үйретеді.
Білім алушылар Vinci Bot
бөлшектерімен, датчиктерімен, олардың жұмыс жасау принциптерімен
танысады. Әртүрлі жобаларды жасау үшін роботтардың үлгілерін
әзірлейді, оларға арнайы бағдарлама жазады. Оңай жобалардан
олимпиада кезеңіндегі жобаларға дейін жасап үйренеді. Олимпиада
кезеңінде 8-11 жас аралығына арналған және 12-14 жас аралығына
арналған арнайы жобалар бар. Нақтырақ айтқанда «Сызық бойымен
жүру», «футбол», «баскетбол» жобаларын 2 топ жас ерекшелігіне
байланысты жасайды. Оқушылар екі адамнан тұратын топта жұмыс
жасайды. Vinci Bot роботына код жазу үшін vincibotcoding сайтын
қолданамыз.
Vinci Bot роботын
пайдалану: Бұл бағдарламада Vinci Bot
роботының қолданылуы – жаңалық. Бұл құрылғының білім беру процесіне
енгізілуі робототехниканы оқытуды жаңа сатыға көтереді. Vinci Bot
роботы робототехниканы оқытудың көрнекі және интерактивті
тәсілдерін ұсынады, бұл оқушылардың практикалық дағдыларын тиімді
дамытуға мүмкіндік береді. Бұрынғы бағдарламаларда мұндай роботтар
кеңінен қолданылмаған болуы
ықтимал.
Роботтарды
бағдарламалау және дербес жұмысқа
дайындау: Бағдарлама оқушыларды
роботтардың автономды жұмысын басқару үшін бағдарламалар мен
алгоритмдерді жасауға үйретеді. Бұл
жаңашылдық робототехникада қолданылатын бағдарламалық жасақтамамен
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар Vinci
Bot роботының көмегімен роботтарды бағдарламалап, оларды автоматты
түрде жұмыс істеуге үйретеді, бұл қазіргі робототехниканың даму
деңгейіне сай келеді.
Жобалар мен жарыстарға қатысу
мүмкіндігі: Оқушыларға робототехникалық жобаларды әзірлеу
және түрлі сайыстарға қатысу мүмкіндігі беріледі. Бұл жаңа әдіс
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, командалық жұмыс дағдыларын
және бәсекелестік қабілеттерін жетілдіруге ықпал етеді. Бұдан
басқа, бұл тәжірибе арқылы оқушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарына
жақындап, практикалық білімдерін
тереңдетеді.
Басқа пәндермен
байланыс: Бағдарлама робототехниканы математика, физика
және информатика пәндерімен байланыстыра отырып оқытады. Бұл
интеграция оқушылардың теориялық білімдерін нақты өмірдегі
мәселелерді шешуге қолдануға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық
оқушыларды қазіргі заманғы ғылыми салаларға даярлау тұрғысынан өте
маңызды.
Өздігінен жұмыс істеуге
үйрету: Оқушыларды оқу-анықтамалық материалдармен және
зерттеу жұмыстарымен өз бетінше жұмыс істеуге баулу – бұл
бағдарламаның ерекше жаңалықтарының бірі. Оқушыларға практикалық
жобалар арқылы өздігінен мәселелерді шешуге дағдылану ұсынылады,
бұл олардың зерттеу қабілеттерін күшейтеді және ғылыми ізденіске
деген қызығушылықтарын оятады.
Мақала
авторы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Қарғалы №3 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Примжарова
Малика Даурхановна