Внеклассный урок"Русский язык-велик и могуч"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Внеклассный урок"Русский язык-велик и могуч"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлттар достығы – ұлы байлық»

Сабақтың мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Білімділік : Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.

  • Дамытушылық: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.

  • Тәрбиелік: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Безендірілуі: «Ұлт  бірлігі – ұлы байлық» сөзі жазылған плакат, суреттер, суреттер, видеоматериал.



Іс-шараның барысы:

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі оқушылар! Біздің бүгінгі «Ұлттар достығы – ұлы байлық» деп аталатын тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Тәрбие сағатымызды бастамастан бұрын, алдымен амандасып алайық. Барлықтарыңыздың тұруларыңызды сұрап, түрлі халықтар қалай амандасатынымен танысып солар сияқты амандасып алайық.

Қазақтар – қол алысады

Италияда – құшақтасады

Бразилияда – бір – бірінің иығын қағады

Зимбабада – арқасымен амандасады

Македонияда – шынтақпен

Никаракуада – иықпен тіреседі

Австралияда шапалақ, секіру, бөксе түйістіреді



1-жүргізуші:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.



2-жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, оқушы достар, мұғалімдер! Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз «Ұлттар достығы – ұлы байлық» деп аталады.


Ағайын туған бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық.

 

Жалпы қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осындай байлықтың қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет. Қазыбек би «Біз қазақ достықты жақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз» деген. Біздің елімізде 130 дан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, әзербайжан, түрік және тағы да басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-біріміз бен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз.


«Ой ашар» кезеңі: «Ұлттар достығы – ұлы байлық» деген ұғымның мән – мағынасы неде ?



Мұхтар:

Қазақстан! Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiмiзге айғақ. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Еліміздің әр қаласында әр түрлi ұлттардың мәдени орталықтары бар. Олар Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан.



Дәйек сөз кезеңі: Әр оқушы бүгінгі тақырыбымызға қатысты қандай дәйек сөздер айтуға болатынын айтады, ішінен біреуі таңдалып алынады. Ол дәйек сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мысалы: «Достық қымбат өмірде»



Алишер:

Байтақ Қазақстанның әрбiр облысында түрлі ұлттардың мәдени орталықтары ашылған. Олардың мiндеттерi өз ұлтының тiлiн, мәдениет, тарихын, әдебиетiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрiн жаңғырту, кейiнгi жастарға үйрету сол арқылы қалпына келтiру. Мұндай еркiндiк Қазақстаннан басқа қай елде жасалды? Бұл нағыз шынайы демократияның, қазақ халқының өз мемлекетiнде тұратын ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерiн құрметтегенiнiң нәтижесi.


1-жүргізуші:

Ойтүрткі сұрақтар кезеңі

  1. Қазақстанда қанша ұлт тұрады?

  2. Сен тұратын аймақта қанша ұлт өмір сүреді?

  3. Сенің басқа ұлт өкілдерінен достарың бар ма?

  4. Қазақстан халқының Ассамблеясы деген не?

  5. Аталған ұймның мақсаты қандай?

  6. Халықтар Ассамблеясы еліміздің дамуына қалай үлес қосып келеді?



Нұрдаулет:

Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар достығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріле бастады. Өйткені, оның өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы, адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың адамзатты сүй дейтін қағидасы бар емес пе. Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден уағыздап келеді. Бойында бұрыннан исламдық рух бар ұлт ынтымақ пен достықты қадірлейді.



Әңгімелесу кезеңі: «Қазақстан көп ұлтты мемлекет» тақырыбы бойынша әңгімелеу. Бұл тақырыпты еліміздің тәуелсіздігімен байланыстырып айтуға болады.




2-жүргізуші:

Қай жағынан айтсақ та бүгінгі біз өмір сүрген заманның ағымы басқа, халқымыз жаппай сауатты. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Тәуелсіз көп ұлтты халықтың арасында «Ши» шығармай бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы болып дер кезінде республикадағы ұлттардың ассамблеясының жұмысын жандандырып олардың тілін, әдет ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. 

Аяна:

Кең-байтақ жеріміз, татулық тұрағы.

Бауырмал еліміз, ынтымақ ұраны.

Жаңғыртып даланы, шырқап ән салады.

Халықтар достығы – бірліктің қамалы.

Аружан:

Yellow, white, black,

We are all children.

We live in the same country,

We go to one school.



Нұрсұлтан:

Пусть мы такие разные –

У нас одна семья

И дружба народов

Не просто слова,

Дружба народов

На все времена.

Пусть на нашей планете

Исчезнет вражда,

Пусть мирные звезды над небом горят

И дружба не знает границ и преград



«Шын жүректен» кезеңі: Жылы тілек айту.

Құрметті қонақтар, оқушылар сіздерге шексіз алғысымызды айтамыз. Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын. Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, денсаулығымыз өркендей берсін деген игі тілекпен бүгінгі мерекемізге қатысқандарыңызға рахмет айтамыз.

Қош сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2021
389
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі