15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Волейбол: Допты төменнен беру және қабылдау
Допты төменнен беру және қабылдау
Сабақ/ оқу мақсаттары:
Білімділігі: Волейбол ойынында допты төменнен беру және қабылдау жаттығуларын үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекетін қалыптастыру, дамыту
Тәрбиелік : Салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап.
Түрі: Аралас сабақ
Типі: Сабақтың тақырыбын меңгерту
Сабаққа қажетті:
Оқулықтар/әдебиеттер: Дене шынықтыру пәнінің оқыту әдістемесі
Құрал-жабдықтар: секундомер,ысқырық,волейбол добы, оқу плакаттары
Сабақ/оқу барысы
№ |
Сабақ/оқу кезеңі |
Мазмұны |
1 |
Ұйымдас тыру кезеңі |
1.Сапқа тұру. Рапорт беру, Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару. 2 мин |
2 |
Үй тапсырмасын сұрау |
Орнында тұрып допты жоғарыдан ойнау |
3 |
Дайындық бөлім 10 мин |
2.Саптағы жаттығулар. «Оңға» «солға» «Артқа» бұрылу командаларын орындау. 3.Жүру. а) қолды жоғары созып,аяқтың ұшымен жүру. б) Қолды белге қойып өкшемен жүру. 4. Жүгіру түрлері: а) Жай жүгіру; б) Сол қапталмен жүгіру; в) Оң қапталмен жүгіру; г) Арқамен жүгіру д) Қатты жүгіру Шеңбер жасап тұрып жан – жақты денені дамытатын жаттығулар жасау. Б.Қ. – қолымыз белімізде. 1-2 басты оңға қарай айналдырамыз. 3-4 басты солға қарай айналдырамыз. Б.Қ. – қол иықта . 1-2 қолды алға айналдырамыз. 3-4 артқа айналдырамыз Б.Қ. негізгі тұрыс. 1-2 оң қолды жоғары көтеріп артқа сермейміз. 3-4 сол қолды жоғары көтеріп артқа сермейміз. Б.Қ.негізгі тұрыс. Қолды белге қоямыз, 1 – 2 белді оңға айналдырамыз 3 – 4 белді солға айналдырамыз Б.Қ. негізгі тұрыс. 1- қолды белге қоямыз 2- отырып қолды созамыз 3- тұрамыз. Б.Қ. – екі қолды белге қоямыз. 5 рет оң аяқпен, 5 рет сол аяқпен секіреміз. Жаттығу аяқталды Сапқа тұру |
4 |
Негізгі бөлім
|
Қысқаша жаңа сабақты түсіндіру: Жасөспірімдер 13-14жастағылар 15-16жастағылар 17-18жастағылар Ер балалар Қыз балалар 2м 20см 2м 10см 2м 35см 2м 20см 2м 43см 2м 24см Волейбол торының еденнен биіктігінің өлшемін көрсету. Волейбол ойыны- еліміздегі ең көп таралған ойындардың бірі. Ойын ережесінің жеңілдігі, қажетті-жабдықтардың өте күрделі болмауы, тартымдылығы оны бұқаралық сипатқа ие етеді. Онымен барлық жастағы адамдар айналыса алады. Волейбол олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1964 жылдан кіргізіліп келеді. Қазақстан волейбол командасы 1966 жылыдан бері сенімді ойын жолына көшкен.
Жаңа сабақты практикалық түрде түсіндіріп, орындату 1-жаттығу
Волейбол добын төменнен қабылдау әдісі. (Қолды төменнен қою арқылы, алақанды бір-біріне жинау бағытымен допты қабылдау кезі)
2-жаттығу
Допты қабылдаудағы негізгі әдіс. (Допты беру үшін бастапқы қалып негізінде тұрысын орындайды) 3-жаттығу
Допты қайтару әдісі, соғу. (Допты, екі қолды біріктіре отырып, жоғары қаратылған күйде соғу керек)
4-жаттығу
Допты төменнен қабылдау кезіндегі жоғары көтере отырып шығарып жіберу әдісі. (Бұл жерде допты келесі жаққа шығарып жібереді)
5-жаттығу
Допты төменнен еңкейе қабылдау, аяқты бүгу арқылы орындалатын әдісі. Келесі кезекте: Сынып екіге бөліу арқылы волейбол ойынын жаңа сабақпен байланыстыра отырып жеңілдетілген түрін көрсетеді.
|
5 |
Өтілген сабақты (материалды) бекіту |
Топты бала санына қарай бөліп үйретілген әдіспен волейбол ойынын ойнату. 10мин |
6 |
Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау Үйге тапсырма |
Сапқа тұру Оқушыларды бағалау Үйге тапсырма беру волейбол добымен дайындалу Спорт залдан саппен шығу 3 мин |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген