жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Волейбол ойнаудың әдіс-тәсілдерін үйрету
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп - гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Волейбол»
Үйірмесі
Құрастырған: Байлыбеков Т.Р.
Тараз 2020 жыл
1. Титулдық беті
2. Түсінік хат
3. Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері
4. Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар
5. Оқу тақырыптық жоспары
6. Оқу курсының тақырыптарының мазмұны
7. Тәжірибелік сабақтар
8. Білімді меңгеру деңгейін бақылау
9. Мұғалімдерге, оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі
( негізгі және қосымша)
10. Пәннің оқу - әдістемелік қамтамасыздандырылуы
Түсінік хат
Адам баласының ойлап тапқан әрбір пайдалы әрекеттерінің өміршеңдігі оның қоғам мүшелерінің ортақ қазынасына, өмірлік салтқа айналуынан көрінетін шындық. Олай болса біз әңгіме етіп отырған волейбол спорт ойыны – бар ұлт үшінортақ қазына, өйткені оны өмірге құштар жандар ойлап тауып өмір нәріне енгізген.
Волейбол спорты қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетін, ұжымдық және өзара көмек беру сезімдерін жетілдіретін, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратыны – өмірде белгілі болған қағидалар. Күштілік, төзімділік, жылдамдық, икемділік, сергектік, өмірге деген құштарлық, мықты денсаулық тәрізді сапалы қасиеттер спорт арқылы орнығып, қалыптасады. Волейболшы болу оқушылардың барлығының бірдей мақсаты болмас, бірақ дені сау, қоғамымызға пайдалы азамат болып өсу – бәрінің де парызы.
Ескерту :
-Үйірме жетекшісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым мнистрінің ұсынған жоспар үлгісін өзгеріссіз қолдана алады.
-Сонымен қатар, үйірмеге бөлінген оқу тақырыптары мен сағаттарының аясында оқушылардың тұлғалық ерекшелігін ескере отырып жоспарлық өзгерістер енгізуге болады.
- Үйірме жетекшісі өзінің және басқада тоғызқұмалақ мамандарының жеке авторлық бағдарламасын оқу –жаттығу жүйесіне қолдануына құқылы .
Жас волейболшылар даярлаудың
мақсаттары - мен міндеттері
1.ҚР «МЖМБС» талаптарын орындау, мектеп оқушыларының денсаулықтарын нығайту, өмірлік маңызды қозғалыс біліктігі мен дағдыдарын қалыптастыру мен қатар эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәйкес тұлғаны тәрбиелеу.
2.Оқушылар денсаулығын нығайтып, білім алуға, еңбек етуге, Отан қорғауға даярлығын арттыра отырып жоғары адамгершілік қасиеттер, рух сергектігін, күші мен төзімділігі қалыптасқан, дені сау, шат көңілді ұрпақ тәрбиелеу.
3.Оқушылардың қызығушылықтары мен ата –анаралдың сұраныстарын орындау .
4.Оқушылардың волейбол спортымен жүйелі түрде айналысуын дұрыс жолға қоя отырып, келешекте Егеменді Қазақстан Республикасының намысын әр деңгейдегі жарыстарда қорғауға даяр жоғарғы дәрежедегі спортшылар даярлау.
Пәнді меңгеруге қойылатын талаптар
І- ші оқу – жаттығу жылына қойылатын жалпы талаптар
1.Қатысушының жеке міндеті.
2.Спортшының тамақтануы және жеке басының
тазалығы .
3.Оқу – жаттығу және жарыс кезіндегі өз өмірін
сақтандыру ережесін білуі.
4.Спортшының психологиялық даярлығы.
5.Спорт құралдарын пайдалану және оны күтіп
баптау.
6.Ойынның шығу тарихы.
7. Қазақстан волейболының даму кезеңдері.
8.Ойынның жекелеген әдіс – тәсілдерін меңгеру.
9.Ойын ережесін меңгеру.
10.Жарыстарға қатысу.
11.Президенттік көп сайыстар талабын орындау.
12.Ойынның шығу тарихы.
13.Ойынның жекелеген әдіс - тәсілдері.
Алаңға орналасу тәртібін толық меңгеру.
Алаңда орын ауыстыру әдістерін толық меңгеру
Алаңда допсыз қимылдау әдісін толық меңгеру.
Жалғамалы қадамдар жасау әдісі толық меңгеру.
Допты жоғары беру әдісін толық меңгеру.
Допты төменнен қабылдау әдісін толық меңгеру.
Екі иықтан төменнен (Пас) доп беру әдісін толық меңгеру.
Допты төменнен ойынға тік қосу әдісін толық меңгеру.
Волейбол үйірмесінің 2020 – 2021 оқу жылына арналған күнтізбелік
ЖОСПАРЫ
С/с |
Тақырыптар мазмұны |
Сағат саны |
Мерзімі |
Ескерту |
1 |
Жалпы, Қазақстан спорты жайлы түсінік |
1 |
|
|
2-3 |
1.Қзақстандағы волейбол спортының даму кезеңдері 2.Жалпы дене шынықтыру даярлығы жайлы түсінік |
2 |
|
|
4 |
Қатысушының міндеттері |
1 |
|
|
5-6 |
1.Спортшының тамқатнуы және жеке басының тазалығы 2.Жалпы дене шынықтыру даярлығы «ЖДДЖ» жүгіру |
2 |
|
|
7 |
Оқу –жаттығу және жарыс кезіндегі өз өмірін сақтандыру ережесімен танысу |
1 |
|
|
8-9 |
1.Жалпы дене шынықтыру даярлығы «ЖДДЖ» жүгіру 2. Ойынның әдіс – тәсілдерін үйрету |
2 |
|
|
10 |
Арнайы дене даярлығы |
1 |
|
|
11-12 |
Ойыншының тұрысы,қозғалыстары |
2 |
|
|
13 |
Қол мен аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар |
1 |
|
|
14 |
Допты екі қолмен жоғарыдан саусақтармен қабылдау |
1 |
|
|
15 |
Арнайы дене даярлығы |
1 |
|
|
16 |
Допты екі қолмен өз үстіне соғу |
1 |
|
|
17 |
Арнайы дене даярлығы |
1 |
|
|
18 |
Арнайы дене даярлығы |
1 |
|
|
19 |
Допты бір біріне үстінен астынан соғу |
1 |
|
|
20 |
Арнайы дене даярлығы |
1 |
|
|
21 |
Арнайы дене даярлығы |
1 |
|
|
22 |
Допты бір біріне тор үстінен соғу |
1 |
|
|
23 |
Арнайы дене даярлығы |
1 |
|
|
24 |
Допты бір қолмен астынан тура соғу |
1 |
|
|
25 |
Арнайы дене даярлығы |
1 |
|
|
26 |
Бірінші қабылдау 3 зонаға |
1 |
|
|
27 |
Арнайы дене даярлығы |
1 |
|
|
28 |
Екінші допты 2,4 зонаға көтеру |
1 |
|
|
29 |
Арнайы дене даярлығы |
1 |
|
|
30 |
Допты тор қасында көтерген соң шабуыл жасау |
1 |
|
|
31 |
Арнайы дене даярлығы |
1 |
|
|
32 |
Эстафеталық ойындар |
1 |
|
|
33 |
Арнайы дене даярлығы |
1 |
|
|
34 |
Жеңілдетілген ережемен ойнау |
1 |
|
|
Оқу –жаттығу курсының тақырыптарының мазмұны
Оқу – жаттығу жұмысына аптасына 1 сағат жылына
34 сағат бөлінген .
1. Теориялық бөлім : 10- сағат .
-Волейбол ойынының шығу тарихы (1 сағат)
-Қазақстан волейболының даму кезеңдері (1 сағат)
-Қатысушыға қойылатын жеке талаптар (1 сағат)
-Психолог мамандармен пікірлесу ( 1сағат)
-Жарыстарға қатысу (3 сағат)
-Жолдастық кездесулер өткізу (3 сағат)
2.Арнайы дайындықтар бөлімі : -24 сағат
- Жүгірулер . ( төзімділік , жылдамдық)
-Секірулер .( секіргіштікті дамыту)
-Лақтырулар.( ептілікті қалыптастыру)
- Иық тартқыштармен жұмыстар орындау .
( иық бұлшық еттерін дамыту)
-Салмақты доптармен жеке жұмыс .
(қол саусақтарының күшін арттыру)
3.Ойынның негізігі әдіс – тәсілдерін меңгеру бөлімі :
Практикалық сабақтар
1.Оқу –жаттығу барысындағы үйретілген ойынның негізігі әдіс – тәсілдері бойынша сынақ ұйымдастыру.
2. Ойынның жекелеген әдіс – тәсілдерін , төрешілік ету тәсілдерін кәсіби түрде үйретуге арнайы дайындалған бейне жазбаларды , сайдтарды пайдалану .
3. «Тараз» ВК және Тараз қаласы оқушылар
қыздар лигасының ойындарына көрермен ретінде қатысып тәжірибе жинақтау .
4. Басқа мектеп үйірмелері оқушыларымен жолдастық кездесулер ұйымдастыру өз ара тәжірибе алмасу .
6. «Тараз» ВК жатықтырушылары мен ойыншыларымен кездесулер ұйымдастыру .
7. Көрші мектептердің оқу – жаттығу жұмыстарына қатысып тәжірибе жинақтау .
8.Үздік спортшылармен кездесулер өткізу , шебер класс ұйымдастыру .
Үйірменің оқытылу жағынан қамтамасыз етілуі
Тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету :
1. Оқу –жаттығу жүргізу орыны ( Спорт зал)
2. Киім ауыстыру орындары . (Ұл- қыз)
3. Жуыну орындары ( душ және қол жуу орыны )
4. Дәретхана ( Ұл –қыздарға арналған)
Спорт құралдарымен қамтамасыз ету :
1. Волейбол торы (екі дана)
2. Волейбол доптары ( 15-20 дана)
3.Салмақты доптар ( 150,250,300 гр) 10 дана .
4. Арнайы иық тартпалары ( 15 -20 дана)
5. Секіртпелер әр түрлі ұзындықтағы ( 15-20 дана )
6. Әр биіктіктегі секіру кедергілері (5-6 дана)
7. 6 м гимнастикалық орындықтар (6 -8 ) дана
8. Ұпай санын есептеу құралы ( 1дана)
9.Ойын антенасы (1дана)
10. Қол темірлер (әр салмақтағы) ( 12 пар)
11. Гимнастикалық төсеніштер (4-6) дана
12. Гимнастикалық серпілу көпірі 2-4 дана)
Пәнді оқу әдістемелік жағынан қамтамасыз ету
1. Оқушылар мен мұғалімге арналған арнайы жаңа технология құралдарымен жабдықталған бөлме .
2. Ойынның негізігі әдіс –тәсілдерін кәсіби түрде үйретуге негізделген видио таспалар , сызбалар, ойын көріністері , төрешілік ету жазбалары т.б .
3. Әдістемелік оқулықтар .
4. Бапкерлерге арналған ойын алаңының кіші макеті .
Әдебиеттер тізімі
Оқушы
1. «Жас волейболшылар даярлаудың әдіс –тәсілдері
Авторы; Б.Бөрібеков Тараз 2008 жыл .
2. « Волейбол ережесі» «ҚРВФ» Астана 2010 жыл .
3. Жалпы білім беретін мектептің 9-12 жасар оқушыларының өзіндік жұмысына арналған оқу құралы
«ҚР Бжғм» Астана -2013 жыл .
Мұғалім:
1. Қазақстан Республикасы туризм және спорт министірлігінің спорт үйірмелерін жүргізу мелекеттік стандарты 2010 жыл Астана .
2. «Ойынның 1100 оқу – жаттығуы әдістері» бапкерлік әдістеме . авторы : А.Шапран 1979 жыл Алматы .
3.«Жас волейболшылар даярлаудың әдіс –тәсілдері»
2008 жыл .
4. «Мектепте волейболды оқыту » әдістемелік оқыту құралы: Авторы; Б.Бөрібеков Тараз 2012 жыл .
5, «Волейбол жетістікке бір қадам» бапкерлерге арналған әдістемелік оқыту құралы Авторы Б. Бөрібеков Тараз 2015 жыл .
Білімді меңгеру деңгейін бақылау
Бақылау жаттығулары |
Дене қасиеттерін анықтау |
Дене дайындықтарының деңгейі Базалық Мүмкіндік |
|
30 м жүгіру |
Жылдамдық |
10.0 сек |
9.5 сек |
2000 м жүгіру |
Төзімділік |
Уақыт есептелмейді |
|
4х30 м |
Үйресімділік және ептілік |
Уақыт есептелмейді |
|
Ұзындыққа секіру |
Күш көрсеткіштері |
Оқу талабына сай |
|
Тіреп жатып қолды бүгіп –жазу |
Иық ,қолдың жалпы төзімділігі |
15 рет |
16 рет |
Шалқалап жатып денені көтеріу |
Жылдамдық күшінің төзімділігі |
25 рет |
35 рет |
Секіртпеде секіру |
Жылдамдық күшінің төзімділігі |
95 рет |
110 рет |
Нысана дәлдеу |
Дәлдікті қалыптастыру |
Оқу талабына сай |
|
Ойын әдістері жайлы оқушылардың біліктігігін тексеру
1.Ойынның шығу тарихы .
2.Ойынның негізігі ережесі .
3.Ойынның жекелеген әдіс - тәсілдері .
Алаңға орналасу тәртібі .
Алаңда орын ауыстыру әдістері .
Алаңда допсыз қимылдау әдісі .
Жалғамалы қадамдар жасау әдісі .
Допты жоғары беру әдісі .
Допты төменнен қабылдау әдісі .
Допты төменнен ойынға тік қосу әдісі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген