«Жүзден
жүйрік» спорттық жарыс ойыны
Тақырыбы
|
«Жүзден
жүйрік» спорттық жарыс ойыны
|
Мақсаты
|
Ойын
кезінде өзін-өзі бақылау арқылы
белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа,
батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
|
Қолданылатын
көрнекі құралдар:
|
доп,
арқан, кедергілер, секірме жіп.
|
Әдіс-тәсілдері
|
1.Кіріспе
сөз;
2.Спорттық
жарыс
3.Қорытынды
сөз. Марапаттау.
|
Жүргізуші:
Құрметті жиналған қауым,ұстаздар мен
оқушылар! Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты
спорттық жарысымызға қош келдіңіздер!
Сайыстың негізгі мақсаты-жас ұрпақты
жаман әдеттерден аулақ, денінің сау
болып, келешекте өз елінің, қоғамның
салауатты, өркениетті, білімді азаматы
етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз
бүгін 7 сынып оқушылары арасында сайыс
өткізгелі отырмыз.
Жүргізуші:
Ал, құрметті халайық,
Жарысты
енді көріңдер.
Әділ
қазы алқасы,
Әділ
баға беріңдер.
Жарысты
бастамас бұрын ойынға әділ бағасын
беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып
өту.
Дене
шынықтыру
мұғалім: Жұмахан Н.Қ
Дене
шынықтыру бірлестік жетекшісі: Сулекеев
К.К
Жүргізуші:Жарысқа
қатысып, бақ сынамақшы болған үміткерлерді
іріктеуден кейін 4 сынып алдарыңызда
өнер көрсетпекші.Сіздерге жеңіс тілей
отырып, ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Бүгінгі 4 «А». «Б» оқушылар 2 топқа бөлініп
бақ сынайды.Ал, ендеше сайысымыздың
шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайыс
шарттары:
1.Допты
ойын;
2.Ептілік;
3.Кенгуру;
4.
«Мерген»
5.Секірмек;
6.Арқан
тартыс
Ал,
балалар сайыс шарттарымен таныс болдық,
енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
Денсаулық-шексіз бақыт
Уа,
халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде
бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық-терең
бақыт» деген сөзді
«Допты
ойын»
Ойын
шарты: Доппен жүгіріп барып, доппен
жүгіріп келеді де, допты келесі оқушыға
береді. Дәл осылай ойын қайталанады.
Ойын соңында оқушыларға сыйлық ретінде
дәптер беріліп, әділ қазылар бағаларын
береді.
Жүргізуші:
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің
сауда сұлусың жер бетінде.
Сол
мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің
әлі талай бақыттарға.
Сайысымыздың
келесі бөлімі «Ептілік» ойыны деп
аталады.
Ойын
шарты: Доптың үстінде отырып секіріп
барып, қайтып келу. Дәл осылай ойын
қайталанады. Ойын соңында оқушыларға
сыйлық ретінде қаламсаптар беріліп,
әділ қазылар бағаларын береді.
Жүргізуші:
Келесі ойынымыз «Кенгуру» деп аталады.
Ойын
шарты: Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып,
қаппен секіреді.Ойын осылайша
жалғасады.Ойын соңында оқушыларға
түрлі-түсті карандаштар беріліп, әділ
қазылар бағаларын береді.
Жүргізуші:
Жатып ішер боп жалқау,
Бойкүйез
болма еріншек.
Айналысып
спортпен,
Талаптан,
жаттық еңбектен
Сайысымыздың
келесі бөлімі «Мерген» ойыны деп
аталынады.
Ойын
шарты:Әр топтан бір-бір оқушы шығып,
нысананы көздеп ату.Жеңген оқушыға
сыйлық ретінде ермексаз беріледі.
Жүргізуші:
Келесі ойынымыз «Секірмек».
Ойын
шарты: Бір оқушы секірме жіппен кедергілер
арасынан жүгіріп өтуі қажет. Жеңген
оқушыға сыйлық ретінде ермексаз беріледі.
Жүргізуші:
Келесі ойынымыз «Арқан тартыс». Балалар
берілген шарттар бойынша ойын түрлерінен
жарысады.
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы
ән мен тәтті күй.
Көңілге
түрлі ой салар
Әнді
сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз
айтқандай,
«Адам
балам десеңіз» өлеңін тыңдайық.
Жүргізуші:
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға
қызық келіңіз.
Әділ
қазы ел сенген,
Өнерге
баға беріңіз.
Құрметті
әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізге
беріледі.
Жүргізуші:
Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты
болсын
Ш.Уәлиханов
атындағы №1 жалпы орта білім беретін
мектебі
Қимыл-қозғалыс
ойыны
4
«А» сынып
Тақырыбы:
Жүзден
жүйрік
Өткізген:
Сарин Ә.М
2018-2019
оқу жылы