Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Волейбол ойынының тарихы және адам ағзасына әсері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Волейбол ойынының тарихы мен оның адам ағзасына әсері туралы толығырақ ашық жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1


Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Білім және менеджмент институты
РЕФЕРАТ
«Дене мәдениеті және информатика» кафедрасы
Тақырыбы:Волейбол ойынының тарихы және адам ағзасына әсері Орындаған: «Дене шынықтыру және спорт» білім беру
бағдарламасының 3 курс студенті Әйіп Б.А
Жетекші: PhD,ауымдастырылған профессор Мендигалиева А.С

Орал – 2024


Page 2


Жоспар:
Кіріспе …………………………………………………………………………... 3
1.Волейболдың даму тарихы ………………………………………………... ......3
3.Волейболдың елімізде пайда болуы ………………………………… ……......5
4.Волейболдың Қазақстандағы дамуы ………………………………………….5
5.Батыс Қазақстандағы волейболдың дамуы …………………………………..6
6.Волейбол ойынының адам ағзасына әсері ……………… ……....................... 7
Қортынды ……………………………………………………………………….9
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………….10


Page 3

3


1. Кіріспе
Волейбол — командалық спорт түрі, онда екі команда торға бөлінген
алаңның екі жағында орналасады.Волейбол — физикалық тұрғыдан қиын
спорт түрі, ол үшін жақсы координация, күш және секіру қабілеті қажет.
Сондай-ақ, волейбол ойыншылар арасындағы жақсы байланыс пен
командалық жұмысты талап етеді.
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи
қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру
т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста
болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні
жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып
табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы
адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс
барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты
қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу,
допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық
қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.Бұл реферат волейбол
спорт түрінің тарихы, ережелері, техникасы және стратегиясы туралы
қосымша ақпарат береді. [1]
2.Волейболдың даму тарихы
Волейбол (volley — «қалқып ұру», ball — «доп»)- ойын спорты. 1995
жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын
тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1895 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың
Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру
пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы
волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей:
Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.
Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 м).
Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 м).
Биіктігі: 6,5 фут (198 см).
Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы — 340 г


Page 4

4



1-сурет. Ойын барысындағы «Тосқауыл» әдісі
Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен
волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір
ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары
осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді.
Ежелгі Рим жылнамаларында да б.э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол
ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан
бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны
әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таймға
созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны
алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган.Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896
жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты)
Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды.
Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.Кейіннен тас
қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде
профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру
қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы
волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын
кітапша басып шығарды.1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-
тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға
алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық
танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда
волейбол құрамалары құрылды. 1913 жылы 16 ерлер командасымен Азия
ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты.1913 жылы Манилда
Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-
дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты
тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған.1921 жылы Қиыр Шығыста өткен
чемпионат Азия мен Жапонияда ерлер командалары арасында өткен алғашқы
жоғары дәрежеде көрсетілді.Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан
Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы
ойын өткізілді.Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық
чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы
олимпиадалық ұлттық комитет ерлер волейбол құрамасын Кубада өтетін
олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен


Page 5

5

Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті.Сонымен қатар біріншілік
ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша
командалары өзара бәсекелесті.Бірте-бірте волейбол халықаралық дәрежеге
жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы
ұсыныс жасалды.1932 жылы әйелдерден құралған волейбол командасы
Сальвадорда өткен аймақтық олимпиада жарысында өнер көрсетті. [2]
3. Волейболдың елімізде пайда болуы.
Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылорд ада
ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы
дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы
Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған
«Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы
Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген
Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы
Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек
Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы
Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина,
Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы
1984 жылы КСРО- ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық
одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан
Республикасының Волейбол федерациясы мүше. [3
]
4.Волейболдың Қазақстандағы дамуы
Қазақстанда алғашқы жарыс 1926
жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың
60-жылдары жақсы дамыған. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген
жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты.
Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 –
71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда
тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968
жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек
Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы
Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина,
Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы
1984 жылы КСРО- ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық
одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан
Республикасының Волейбол федерациясы мүше.


Page 6

6


2-сурет. Спорт саңлағы,әйгілі волейболшы Жәнібек Сауранбаев.
XX ғасырдың 60-70-жылдарында Алаш жұртының айбынын асырған
спорт саңлағының бірі әрі бірегейі, әйгілі волейболшы Жәнібек Сауранбаев
екенін білгеніміз жөн. Қазақ волейболының негізін қалаушы, атақты
спортшы, айтулы бапкер Октябрь Жарылғаповтың төл шәкірті Жәнібек
Нығметұлы 1963 жылы доп ойындарына ден қойған қазақ жастарынан бірін-
ші болып КСРО жастар құрамасына қабылданды. 1964 жылы Сауранбаев
Кеңес Одағының ұлттық құрамасының белді ойыншыларының қатарынан
орын тепті. Ойлап қараңыз, ата- бабасы волейбол добын ұстап көрмеген
қазақтың қараторы жігіті сол тұстағы әлемдегі ең алып державаның бас
құрамасының дәнекері (связующий) болды. Дәнекер – шабуылшы немесе
қорғаушы емес. Дәнекер – команданың тіні, өзегі, алаңдағы өзге бес ойын-
шының арасын жалғап, үйлестіруші ақылманы. КСРО құрамасы Жәнібек
жарқырай көзге түскен тұста Жер шарындағы ең күшті құраманың бірі,
нақтылай айтсақ, Олим пиаданың екі мәрте жеңімпазы болатын. Сауранбаев
сол сұрапыл құраманың алаңдағы ең басты дирижері еді.[4]
5.Батыс Қазақстандағы волейболдың дамуы
"Грация-КZ" - "А" жоғары лигасында өнер көрсететін Орал қаласының
әйелдер волейбол клубы. Клуб Батыс Қазақстан облысының әкімі К.К.
Жақыповтың бастамасымен, 2000 жылы Джон Морроу (КПО б.в.) және
Клаудио Секки (IGS Sicim) қолдауымен құрылды. “ Грация-KZ”-“A” тобында
төбе көрсеткен әйелдер волейбол клубының мүшелері.
Айнагуль Айжарихова 1994 жылы 4 қыркүйе кте Орал қаласында
дүниеге келген. Қазақстандық волейболшы. Қазақстан әйелдер құрамасының
мүшесі. Қазақстан Республикасы спорт шебері атағына ие. Ол FIVB
Volleyball World Grand Prix 2015-ке қатысқан болатын . Ол 2015 жылы"
Астана " клуб деңгейінде ойнады.


Page 7

7

Зарина Ситказинова (1993 жылы 20 наурызда туған) — Қазақстандық
волейболшы. Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі, 2011 жылы «Жетісу»
(Алматы) командасында өнер көрсетті. Ол 2010 жылы Жапониядағы әйелдер
арасындағы волейболдан FIVB Әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық
құрамасының құрамында болды, 2011 жылы Италиядағы FIVB Әлем Гран-
Приінде, 2013 жылы FIVB Әлем Гран-Приінде және 2016 жылы FIVB Әлем
Гран-Приінде өнер көрсетті.
Сана Мақсұтқызы Анарқұлова (Жарлагасова, 21 шілде 1989 ж., Соль-
Илецк, КСРО) - қазақстандық волейболшы, Қазақстанның және
"Алматының" ВК құрамасының ойыншысы, Қазақстан Республикасының
халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Павлодар қаласына көшіп, онда Ертіс-
Казхром" құрамасында ойнады. 2008 жылдан бастап, Нелли Щербакованың
шақыртуымен Алматы қаласына қоныс аударып, "Алматы" құрамасында
ойын көрсетті. Сонымен қатар, Щербакова Сананы Пекиндегі 2008 жылғы
олимпиадаға қосалқы ойыншы ретінде шақырды. 2010 жылы Гуанчжоудағы
Азиада-2010-да құрамамен бірге Сана қола жүлдегері атанды. 2012-2013
жылдары "Астана" құрамасында ойын көрсетті.
Балалар мен жасөспірімдер волейболын қолдау бойынша волейбол
клубын құру идеясы Батыс Қазақстан облысы волейбол федерациясының
тұңғыш президенті В.А. Кондратенкоға және облыстық дене шынықтыру
және спорт басқармасының бастығы Ш. А. Өтемісовке тиесілі. [5]
6.Волейбол ойынының адам ағзасына әсері
Енді осы ойынның адам организміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың
жоқтығы волейболмен көпшіліктің жаппай айналысуына жол ашады. Ал
волейболшылардың организміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде.
Денеге аса күшті әсер ететін қимыл-жүгіру мұнда аз қолданылады
.
Дегенмен волейбол ойнау реакция жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті
сабырлықты калыптастыруға көмектеседі, тыныс жүрек-тамыр, бұлшық ет
жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылтады, жалпы алғанда организмге
игі әсер етеді.Волейболдың адам денсаулығына пайдасы зор:денсаулықты
жақсартады,өкпенің дұрыс тыныс алуына көмектеседі,бұлшық еттерді
қатайтады,қимыл әрекетте тез ойлауға көмектеседі,ми қызметін реттеуге
көмектеседі,мінез-құлықты реттеуге көмектеседі,топ мүшелерімен жақсы
қарым қатынас орнатуға, психологиялық ахуал туғызуға көмектеседі.
Волейбол адамды ұжымдық қимылға, жеке бас мүддесін команда мүддесіне
бағындыра білуге, тәртіпті болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге
үйретеді.Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бір ауызды
пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор.


Page 8

8

Сондықтан осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп,
демалыс орындарында берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді. Волейбол
ойынының ереже-талабы мынадай айла тәсілдерден тұрады:ойыншылардың
орын ауыстыруы, допты бір-біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл
соққысы және оған тосқауыл қоюы.Волейбол алаңының аумағы шағын
болғанына қарамастан ойын кезінде ойыншы тек өз орнын ғана сақтап
тұрмайды. Ойын кезінде қажетті жағдайға байланысты орын ауыстыра
беруінің үлкен мәні бар. Орын ауыстыру дегеніміз — техникалық тәсілдер
мен тактикалық іс-қимылдарды шебер орындап шығу мақсатында
командадағы ойыншылардың бір-бірімен орын ауыстыруы. Волейболшының
ең қолайлы бастапқы қалпы-екі қолын шынтақтан сәл ғана бүгіп, дененің
салмағын екі аяққа тең түсіріп, кеудені аздап ілгері бейімдер тұру. Волейбол
– спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында, жағажайда
да жарыстар өткізіледі.Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса
пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру,
секіру, лақтыру, т. б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан
бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене
тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы
болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып,іскерлікті
арттырады.Жалпы алғанда, волейбол ойнау денсаулыққа және тұрмыс
сапасына көптеген пайда әкелетін пайдалы ойын түрі болып табылады. [6]












Page 9

9

Қорытынды
Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында,бағытта,түрлі жылдамдықпен
орындай отырып,адам ағза жүйесінде және ішкі құрылыстарына жақсы әсер
алады.Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен
қуанышқа бөлініп,қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде волейбол
ойынының маңызы зор. Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды игере
отырып,өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге,ден саулықты
сақтауға,көңіл күйін котеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.
Адамнын денсаулығы бала күнінен қалыптасады .Денсаулықты
қаншалықты сактап , шынықтырса , ол соншалықты мықты болады .Денi cay
ұрпақ тәрбиелеп өсіру әрбiр ата - ананын мiндетi.Сондықтан , кез келген ата -
ана сәбидiн денсаулығына - дұрыс - өсіп дамуына , психикалық саулығына-
ақыл - ойынын дұрыс жетiлуiне назар аударып , қадағалап отыру керек .
Волейбол денсаулық пен тұрмыс сапасына көптеген пайда әкеледі. Ол
жүрек- қантамыр жүйесін нығайтады, бұлшықеттерді күшейтеді, шеберлікті
және координацияны жақсартады. Ол сонымен қатар әлеуметтік дағдыларды,
оның ішінде командалық жұмысты, байланысты және проблемаларды
шешуді қалыптастыруға көмектеседі.
Бұл реферат волейболдың тарихын, ережелерін, техникаларын және даму
тенденцияларын зерделеу арқылы бұл спорттың кең қамтылуын қамтамасыз
етеді. Волейбол әлемдік масштабта жылдам өсіп келе жатқан спорт түрі екені
анық, және ол болашақта да миллиондаған адамдарға қуаныш пен пайда
әкеліп жалғаса береді.[7]









Page 10

10

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Волейбол. Дене шынықтыру институттарына арналған оқулық. Подред. Ю.
Н. Клещева, А. Г. Айропетянц. Мәскеу,
2. Аристов Ю. Г., i. а. жылдық жоғары дәрежелі волейболшыларды дайындау.
Алматы, Мәскеу, 1980.
3. Биданов және тағы басқа, Елшиев және волейбол – дене тәрбиесі
факультетінің басқа да бағдарламалары бар. Шымкент – 2000.
4. Волейбол добын ойынға қосу әдістемелік нұсқаулығы.
Д.К.Камысбаева,Н.О.Байзаков,С.Ж.Кегенбаев. Алматы «Қазақ университеті»
2019
5. Спорт физиологиясы. А.Қыдырмолдина. Астана-2013
6. «Егемен Қазақстан» газеті. «Қазақ газеттері» ЖШС
7. Дене шынықтыру бағдарламалары. Алматы,2004


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
12.12.2024
212
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12