Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Волейбол сабағын өткізудің заманауи түрлері.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Каспий Өңірі Болашақ Колледжі
Тақырыбы: Волейбол сабағын өткізудің заманауи түрлері.
Орындаған: Қорабаева Гаухар
Тексеруші: Қуаныш Өмірбекұлы
Тобы:Фк 21 с/о
Ақтау 2024ж
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Волейбол ойынын техниқалық жоғары оқу орындарына дамыту.
2.2 Техникалық жоғарғы оқу орындарында волейбол ойыны алдында тұрған міндеттері.
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Волейбол ойыны - еліміздегі ең көп таралған ойындардың бірі.
Ойын ережесінің жеңілдігі, қажетті - жабдықтарын өте күрделі болмауы, тартымдылығы оны бұқаралық сипатқа ие етеді.
Волейбол олимпиадалық, ойындар бағдарламасына 1964 жылдан кіргізіліп келеді. Қазақстан волейбол командасы 1966 жылынан бері сенімді ойын жолына көшкен. Дене тербиесі жүйесінде волейбол ойынының маңызы зор. Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады.Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Доппен жаттығулар мен ойындар дұрыс ұйымдастырылған жағдайда баланың физикалық дамуы мен үлгеріміне жақсы әсер етеді. Әртүрлі салмақтағы және көлемдегі шарлармен жаттығулар екі қолдың үлкен ғана емес, сонымен қатар кішкентай бұлшықеттерін дамытады, саусақтардың және қолдардың буындарының қозғалғыштығын арттырады. Допты қағып алу және лақтыру кезінде бала екі қолын пайдаланады. Бұл орталық жүйке жүйесінің және бүкіл ағзаның үйлесімді дамуына ықпал етеді. Қандай жаттығу
болмасын қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Шабуылдау
кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру болмаса допты әріптесіңе
дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б.
Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Волейбол ойынын техниқалық жоғары оқу орындарына дамыту.
Қазіргі таңда техникалық жоғарғы оқу орындарында дене шынықтырудан тыс жұмыс істейтін студенттік спорт клубтары қарқынды дамудың үстінде. Сондықтан спорт және негізгі міндеті дене тәрбиесі болып табылатын дене мәдениеті тұжырымдамаларын ажырату керек.
Дене шынықтыру немесе дене мәдениеті - қоғамның жалпы мәдениетінің бөлігі, денсаулықты қолдауға бағытталған әлеуметтік қызметтің бағыттарының бірі, адам денесінің қабілеттерін дамыту және әлеуметтік тәжірибенің қажеттіліктеріне сәйкес оларды пайдалану.
Волейбол студенттерге теориялық ақпараттар алуына,тактиканың және техниканың негізгі әдістері мен тәсілдерін үйренуіне, өздерінің мүмкіншілігіне сәйкес жаттығуына, екі жақты ойын кезінде үйренген дағдыларын жетілдіруіне мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесінде волейбол ойынының кең көлемде таралуы оның әр түрлі жаттығуларға ыңғайлылығымен, жастардың демалыстарын дұрыс ұйымдастыруымен, денсаулықты және дене тәрбиесін жетілдірудегі жан-жақтығымен, ойын ережесінің қарапайымдылығымен, керекті құралдардың және алаңның күрделі еместігімен түсіндіріледі. Ойын жағдайы жаттығушыларды жалпы мақсатқа жету үшін өзінің ойын кезіндегі іс-қимылын ұжымының мақсатына бағындыруға, жағдайға байланысты өзінің бар мүмкіншілігімен әрекет етуге, спорттық сайыс кезінде қиындықты жеңе білуге, ойын барысындағы шиеленіскен жағдайда дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді. Бұлар студенттердің ұжымдық сезімін; тез зейін қоюы мен шапшаң ойлауын, шешім қабылдағыштығын және өзінше қимылдар жасай білу дағдысын қалыптастырады.
2.2 Техникалық жоғарғы оқу орындарында волейбол ойыны алдында тұрған міндеттер:
-
Студенттердің денсаулығының деңгейін көтеру.
-
Кейінірек студенттердің жоғарғы оқу орында білім алуды аяқтағаннан кейін олардың кәсіби жұмыста және өмірде қажет физикалық қасиеттердің қалыптастырып,болашақ мамандардың тиімді жұмыс істеуіне үлес қосу болып табылады.
Бүгінгі таңда техникалық жоғарғы оқу орындарында волейбол спорт ойыны жоғарғы дәрежедегі спортшыларды дайындау құралы ретінде дамуы мәселелерге тіреліп отыр.
Сондықтан, бұл жұмыстың мақсаты: жоғары оқу орындарында студенттік волейбол спорттық командаларды ұйымдастыру және дайындау ,волейбол спорт ойынын дамыту үшін тиімді жағдайларды анықтау болып табылады.
Студенттік спорт түрі ретінде волейболды университеттерде дамытудың маңызы зор. Жақсы қалыптасқан тиісті инфрақұрылыммен жабдықталған спорттық ортада, сондай-ақ белсенді дене шынықтырумен айналысуға арналған ортада жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізе отырып,келесідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:
-
Университеттің студенттік қауымдастығында үнемі студент-спортшылардың қатысуымен салауатты өмір салтын және волейбол ойнаудың танымалдылығын арттыру;
-
Волейболдағы спорттық жетілдірудің кейінгі сатысында (17-18 жастағы) спорттық дарындарын анықтау және ұлттық құраманың резервіне дейін кәсіби деңгейге жеткізу;
-
Жоғары білімді табысты біріктіруге қабілетті жастардың мансабын кеңейту;
-
Спорттық мансапты аяқтағаннан кейін кәсіби деңгейдегі спортшылардың әлеуметтік бейімделуін жеңілдету.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді тиімді шешу үшін:
-
тиісті логистикалық және кадрлық базаның болуы;
-
Кәсіби волейболмен айналысу және таңдалған мамандық бойынша сабақтардың икемді кестесі, жоғары сапалы жатын орын және тамақтану жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ студент-спортшылардың өзіндік жұмысы үшін қажетті жағдайлармен оңтайландыру;
-
академиялық жүктеменің ерекшеліктерін ескере отырып, спорттық іс-шаралардың ең қолайлы күнтізбесін әзірлеу
-
студенттік жарыстарды әлеуметтік қана емес,сондай-ақ жергілікті және ұлттық маңызды оқиға ретінде тұту;
-
командаларды қалыптастыруда ең үздігін таңдаудағы әділеттілік принципін негізге алу, спортшыларды іріктеудегі айқындылық және оларды насихаттау
Алдағы жылдары студенттердің жоғары деңгейдегі спорттық командалары Қазақстандағы ең жоғарғы деңгейдегі спортшылардың қатарын толтыра алады. Техникалық жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің өз тәжірибелерін және шет елдердің ең табысты тәжірибесін ескере отырып, университеттің волейбол спорт ойыны жаңа, одан да жоғары даму деңгейіне жетуі мүмкін. Дегенмен, бұл үшін студенттік волейбол спорт секциясының жұмыс істеу шарттарын мен факторларын жақсарту қажет.
Қортынды
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан – жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес.
Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды
тұрақты пайдаланатын , жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, дене тәрбиесі – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы – қозғалыс, қозғалыссыз тіршілік болмақ емес.
Дене тәрбиесі жаттығуларын жүйеге түсіріп белгілі бір мақсатқа бағыттаса оның берері көп. Атам қазақ бірінші байлық - денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі - спорт. Спорт сөзінін мағынасы кең. Дене тербиесі соның кұрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты болмақ. Бұл сөз кезегінде жақсы оқуға жемісті еңбек етуге деген ынта - жігерді арттырады.