Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті
Өзіндік жұмыс
Тақырыбы: Волейболдың бұлшықет пайдасы
Орындаған фкс-311топ студенті: Амангелді А.Ж.
Тексеретін Doctor Pdf: Мендыгалиева А.С.
Орал 2023жыл
Жоспары:
-
Кіріспе
-
Шығу тарихы
-
Қазақстанда дамуы (КСРО олимпиада жеңімпаздары)
-
Батыс Қазақстан спортшылары
-
Бұлшықет
-
Қорытынды
-
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
-
Кіріспе
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі. [1]
Адам баласының ойлап тапқан әрбір пайдалы әрекеттерінің өміршеңдігі оның қоғам мүшелерінің ортақ қазынасына, өмірлік салтқа айналуынан көрінетін шындық. Олай болса біз әңгіме етіп отырған волейбол спорт ойыны – бар ұлт үшінортақ қазына, өйткені оны өмірге құштар жандар ойлап тауып өмір нәріне енгізген ғой. Волейбол ойынына тән ерекшелік – оның ұжымдық сипаты, ол жастар үшін тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы да десе қателеспейміз.жеке тұлғаның жан — жақты дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жарасымды даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт. Себебі әрбір өзінің мүшелерін ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі бетбұрыс ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады, солардың ішінде спорт ұжымдары шешуші орындардың біріне жатады. Себебі дене тәрбиесі – мәдениет пен спорт, денсаулық кепілі, олай болса ұжымдық іс-әрекетті тез шешуге көмектесетін спорт ойындары, оның ішінде волейбол ойыны және ол ойынға қатысушылар еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын тездету, қоғам дамуының жаңа деңгейін жоғары дәрежеге көтереді. Осы жағдайда барлық жастағы қоғам мүшелері үшін ортақ спорт ойыны волейбол адамның өмірін, оқуын, спорттық жетістіктерін, жасампаздығын, күш қуат мәдениетін ұйымдас-тырудың ең тиімді құралы. Волейбол спорт ойынымен айналысатын команда ұжымы — бұл спорттық іс-әрекетімен бірігіп топтасқан белгілі мақсатта бағытталған тұрақты бірлестік екендігін өмір көрсеткен шындық. Волейбол ойынаушы 12 адамнан тұратын екі команда, миллионға жуық көрермендерді өз төңірегіне жинай қызықтататын керемет спорт ойыны. 1964 жылы Токио олимпиадасынан бастап волейбол ойыны олимпиадалық спорт түрі ретінде танылды. Ал дүние жүзінің кубогы үшін күрес 1965 жылдан бастап өткізіліп келеді. Волейбол ойыны тарихында, оның ережесі туралы көптеген жылдар бойы алауыздықтар болғаны бұл спорт түрінің тарихынан белгілі. Мысалы, 20-жылдарға дейін дүние жүзінде волейбол ойынының екі жүйесі қатар жүріп отырды. Олар европалық жүйе, яғни алаңға 6-ойыншыдан тұратын команда шығару және азиялық жүйе, алаңға 9-адамнан түратын командалар шығару. Бірақ екі контингент өкілдерінің өзара түсінушілігі — дүниежүзілік 6-жүйелі ойын өрнегін қалыптастырды. [2]
Волейбол ойыны – бұл екі команданың арнайы топқа бөлінген сайысы бар допты спорттық ойын. Кез келген оқыту жұмысы жас ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдастырылса ғана табысты болмақ. Қоғамла ұжымларвдв ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады, солардың ішінде спопт ұжымдары шешуші орындардың біріне жатады. [6]
Волейбол ойнаушы 12 адамнан тұратын екі команда – миллионға жуық көрермендерді өз төңірегіне жинап, қызық тыратын керемет спорт ойыны. ОЙЫННЫҢ ЖАЛПЫ МІНЕЗДЕМЕСІ Волейбол ойыны өзінің мазмұны жағынан көп қимыл дауды қажет ететін және эмоционалды ойын. Команда ойыншылары ойын кезінде допты беру, қабылдап алу, ша буылдай соғу т.б. осылар сияқты әртүрлі техникалық әдістерді қолдануы қажет. Сонымен қатар осы техникалық әдістердің бәріне белгілі бір техникалық бағыт беріп, ойыншы әріптестерімен тығыз байланыста қимылдауы тиіс. Өйткені бір адамның қателігі бүкіл ойын барысын бұзады. Ойын барысында волейболшы атқаратын қимылдардың басты ерекшелігі – қарқыны, жылдамдығы және сипаты жағынан мүлде басқаша қимылдың бір түрінен екіншісіне тез ауыса білудің қажеттігінде. Бұл – ойынның ерекшелігіне байланысты шарт. Мәселен, берген кездегі доптың орташа ұшу жылдамдығы секундына 12,3 метрге, ұшу қашықтығы 15-16 метрге тең. [13]
-
Шығу тарихы
Волейбол ((, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») ) — ойын спорты.1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1895 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей: Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 м).Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 м).Биіктігі: 6,5 фут (198 см).Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы — 340 г. Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да б.э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таймға созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган. Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді. [1]
Волейбол ойыны тарихында, оның ережесі туралы көптеген жылдар бойы алауыздықтар болғаны бұл спорт түрінің тарихынан белгілі. Мысалы, 20-жылдарға дейін дүние жүзінде волейбол ойынының екі жүйесі қатар жүріп отырды. Олар европалық жүйе, яғни алаңға 6-ойыншыдан тұратын команда шығару және азиялық жүйе, алаңға 9-адамнан түратын командалар шығару. Бірақ екі контингент өкілдерінің өзара түсінушілігі — дүниежүзілік 6-жүйелі ойын өрнегін қалыптастырды. [2]
-
Қазақстанда дамуы
Қазақстан волейбол тарихында алғаш рет КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанған Октябрь Қыдырбай ұлы Жарылқапов. Оның шәкірті Заңғар Жаркешов жетекшілік еткен Қазақстанның “Буревестник” командасы 1969 жылы КСРО –ның чемпионы, 1970-1971 жылдары волейболдан Европа кубогын жеңіп алды. Қазақ волейболшылары В.Кравченко, Жәнібек Саурамбаев, Олег Антропов – олимпиадалық, әлем, европа және КСРО чемпиондары. Әйел волейболшылар табысы да ауыз толтырып айтарлық. Алматыдағы Үй құрылысы комбинаты командасы 1984-1992 жылдар аралығында КСРО-ның чемпионы атанды. Ал 1985 жылы Қазақстандық волейболшы қыздар Италияда өткен европа кубогін жеңіп алды. Алматының “Азамат” атты ерлер командасы 1993 жылы клубтық командалар арасында Азия чемпионы атанды. Ал 2001 жылғы қыздар арасында Республика біріншілігі 2001 жылдың сәуір айында аяқталды. Барлық турда қарсыластарын қапы қалдырған Алматының “Рахаты” ел чемпионы атағын жеңіп алды. Қазақстан құрамасының базалық клубы болып саналатын “Рахаттық” арулар 2001 жылғы 16-20 мамырда Вьетнам Республикасында өтетін клубтық командалар арасындағы Азия біріншілігінде ел намысын қорғады. Команданың бапкері – Қазақстандағы волейбол ойынының бұрынғы майталманы В.Шаприн. бұл командамен қатар еліміздің абройын халықаралық жарыстарда асқақтатуға атсалысар командалар да бар. Олар – Алматылық “Глотур”, Ақсай қаласынан “Қарашығанақ”, Астана қаласынан “Астана қанаты” атты волейбол спорт ойынының жұлдыздары. Қазіргі Қазақстан Республикасының волейболшы қыздары кіндік Азиядағы ең азулы ойыншылар қатарында. Мемлекетіміздің намысын қорғаушылар дайындауда жетекші тұлғалар бапкерлер екендігі белгілі, бірақ сол ұлағатты ұстаздардың өздері үшін де үздіксіз іздену, үйрете отырып кемелдену бұл өмір заңы екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да авторлар бұл әдістемелік оқу – құралын болашақ спорт мамандары мен жас бапкерлер үшін қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынуды ниет еткен. Волейбол ойыны спортынан ең көп олимпиада медалін жеңіп алған команда КСРО, олар 4-рет Олимпиада чемпионы атанды. КСРО тарихында волейбол ойынының алғашқы ережесі қабылданып, ойын жаңа арнаға түсе бастады. Өте қызық жағдай Москва қаласындағы алғашқы волейбол ойын алаңы Мейерхольд, Камерный, Революция және Вахтенгов театрлары жанынан жасалынатын, сондықтан да Россияда волейбол ойыны “әртістер ойыны” — деген атқа да ие болды. Тіпті 1932 жылы Москвадағы Үлкен театр сценасында КСРО-ның орталық атқару комитетінің сессия делегаттарына арнап волейбол ойынын әртістер көрсеткен. Бұл ойын бар болғаны 7-минутқа созылыпты, міне осы күннен бастап волейболға “халықтық” ойын деген атақ берілді, — дейді волейбол ойыны тарихын жазушы спорт мамандары. [2]
Волейбол ойынының шығу тарихы және Қазақстандағы волейболдың дамуы. Арада көптеген жылдар өтті, волейболмен Куба, Пуэрто-Рико, Перу, Бразилия, Уругвай, Мексика елдері танысты. 1913 ж. Паназия ойындарында волейбол бойынша турнир өтті, оған Жапония, Қытай, Филиппин елдерінің ойыншылары қатысты. Еуропаға волейбол ХХ ғасырдың басында келді. 1914 ж. онымен ағылшын ойыншылары ойнай бастады. Әсіресе 1917 жылдары волейбол Францияда атақты болып, 20- жылдары Польшада, Чехославакияда, КСРО-да тарады. Еуропаның барлық континенттері бойынша арнайы халықаралық бірін шіліктер жүргізілді. Волейбол бүкіл әлемге тараумен қатар ойын ережелері де дами берді, ойынның техникасы мен тактикалары өзгеріп, жаңа техникалық тәсілдері қалыптасты. Волейбол ұжымдық ойын болып қалыптасты. Ойыншылар қатты екпінмен берілген допты ойынға қосуларды қабылдай отырып, алмасу соққылары ойынға кеңінен енгізіле бастады, допты беру техникасына басты назар аударылды, қорғаныс рольдері күшейді, ойын динамикалық келбетке ие болды. Волейболдың Отаны АҚШ-та бірінші арнайы жарыс 1922 жы лы Бруклин қаласында өткізілді. Ол кезде американдықтар волейболды 1924 жылы өткізілетін Олимпиада ойындарына енгізу туралы талабын өткізген еді, бірақ бұл ұсыныс қолдау таппады. 1934 жылы Стокгольмдегі Халықаралық кеңесте спорт федерациясының өкілдері волейбол бойынша техникалық комиссияны құруды ұсынады. Комиссия құрамына 13 Еуропа елдері, 5 Америка континентінің елдері және 4 Азия елдері кірді, оның негізіне ойынның американдық ережелері қабыл данды. 1947 жылдың сәуір айында Парижде өткізілген волей болдың бірінші конгресінде волейболдың Халықаралық федерациясын құру туралы шешім қабылданды (ФИВБ). 1948 жылы Римде ФИВБ волейбол тарихында бірінші рет ерлер командасының ішінде волейбол біріншілігін өткізді, оған 6 мемлекет қатысты. Бірінші орынды Чехославакия мемлекетінің командасы алды. Бір жыл өткеннен кейін Прагада әлем чемпионаты өткізілді, оған 10 ерлер командасы қатысты. Сонымен қатар бірінші рет Еуропалық әйелдер біріншілігі өткізілді.Арада көптеген жылдар өтті, волейболмен Куба, Пуэрто-Рико, Перу, Бразилия, Уругвай, Мексика елдері танысты. 1913 ж. Паназия ойындарында волейбол бойынша турнир өтті, оған Жапония, Қытай, Филиппин елдерінің ойыншылары қатысты. Еуропаға волейбол ХХ ғасырдың басында келді. 1914 ж. онымен ағылшын ойыншылары ойнай бастады. Әсіресе 1917 жылдары волейбол Францияда атақты болып, 20- жылдары Польшада, Чехославакияда, КСРО-да тарады. Еуропаның барлық континенттері бойынша арнайы халықаралық бірін шіліктер жүргізілді. Волейбол бүкіл әлемге тараумен қатар ойын ережелері де дами берді, ойынның техникасы мен тактикалары өзгеріп, жаңа техникалық тәсілдері қалыптасты. Волейбол ұжымдық ойын болып қалыптасты. Ойыншылар қатты екпінмен берілген допты ойынға қосуларды қабылдай отырып, алмасу соққылары ойынға кеңінен енгізіле бастады, допты беру техникасына басты назар аударылды, қорғаныс рольдері күшейді, ойын динамикалық келбетке ие болды. Волейболдың Отаны АҚШ-та бірінші арнайы жарыс 1922 жы лы Бруклин қаласында өткізілді. Ол кезде американдықтар волейболды 1924 жылы өткізілетін Олимпиада ойындарына енгізу туралы талабын өткізген еді, бірақ бұл ұсыныс қолдау таппады. 1934 жылы Стокгольмдегі Халықаралық кеңесте спорт федерациясының өкілдері волейбол бойынша техникалық комиссияны құруды ұсынады. Комиссия құрамына 13 Еуропа елдері, 5 Америка континентінің елдері және 4 Азия елдері кірді, оның негізіне ойынның американдық ережелері қабыл данды. 1947 жылдың сәуір айында Парижде өткізілген волей болдың бірінші конгресінде волейболдың Халықаралық федерациясын құру туралы шешім қабылданды (ФИВБ). 1948 жылы Римде ФИВБ волейбол тарихында бірінші рет ерлер командасының ішінде волейбол біріншілігін өткізді, оған 6 мемлекет қатысты. Бірінші орынды Чехославакия мемлекетінің командасы алды. Бір жыл өткеннен кейін Прагада әлем чемпионаты өткізілді, оған 10 ерлер командасы қатысты. Сонымен қатар бірінші рет Еуропалық әйелдер біріншілігі өткізілді.Әлем чемпионы және Еуропа чемпиондары КСРО ко ман даларының өкілдері болды. Волейбол Олимпиадалық ойын ретінде тек 1957 жылы ғана танылды. Ал ойын бағдар ламасына бірінші рет 1964 жылы Токио қаласында өткізілген ХVIII Олимпиада ойындарына енгізілді. Сол кезде Жапония астанасына алты әйелдер және он ерлер командалары келді.Олимпиаданың волейбол бойынша бірінші чемпиондары КСРО (ерлер) мен Жапония (әйелдер) құрама командалары болды. Токио ойындарында волейбол атлетизмнен өзгеше болды. Қорғаныс шебіндегі күшті шабуылдардың артықшылығы белгілі болды, сондықтан халықаралық федерация бірнеше рет волейбол ережелерін жетілдірді. 1. Волейбол ойынының шығу тарихы және Қазақстандағы волейболдың дамуы [13]

1-ші сурет. Волейболдан ұлтық лигадағы ерлер командасы.
ВОЛЕЙБОЛДАН ҰЛТТЫҚ ЛИГАДАҒЫ ЕРЛЕР КОМАНДАСЫ: ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕСІ
Павлодарда «Баянтау» спорт кешенінің алаңында волейболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. Волейболдан 30-шы мерейтойлық ел чемпионатына сегіз команда қатысты. Олар: «Буревестник», «Атырау», «Маңғыстау», «Тараз», «Есіл СК», «Алтай», «Ұшқын-Көкшетау» және Pavlodar. Еліміздің бас волейбол дивизионының ерлер арасында «Тараз» әлі де көшбасшылық позициясын бермей келеді. Борис Гребенниковтың шәкірттері екінші айналымда 5 жеңіс пен 14 ұпай жинады. Соңғы турда жоғары нәтиже көрсеткенімен, жарыс көшбасшысымен бірдей кездесуде жеңіске жетіп, жеңіс ұпайына ие болған «Атырауды» жалпы есепте екінші орыннан ығыстыра алмады. Еліміздің Батыс өңірінің құрамасы турнирдің жалпы статистикасына сәйкес, Тараз клубымен көш басында келе жатыр. Күтпеген құлдырауды еліміздің қазіргі чемпионы «Буревестник» көрсетті. Алматылықтар жалпы турнирлік кестеде үшінші орыннан алтыншы орынға түсіп, өз орнын «Маңғыстауға» берді. Олар өз кезегінде төрт кездесуде жеңіске жетіп, 13 ұпай еншіледі. [7]

2-ші сурет. Нуртай Абыкаевич Абыкаев.
Қазақстан Республикасының волейбол федерациясы басшысы.
Бірінші вице-президент: Мағзам Есенгелдіұлы Қасымов. Вице-президент: Амандық Ғаббасұлы Баталов. Вице-президент: Аниятула Өмірзақұлы Сәрсенов. Бас хатшы: Ермек Әмірбекұлы Сырлыбаев
Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы 1992 жылы Қазақстанда жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген волейбол және жағажай волейболы сияқты спорт түрлерін дамыту мақсатында құрылған.[10]

3-ші сурет. Жанбек Неғметұлы Сранбавев.
Жанбек Нығметұлы Сауранбаев (5 мамыр, 1940 жыл- 24 ақпан 2016) – волейболдан әлем кубогының иегері, Еуропа және КСРО чемпионы, Еуропа чемпиондары кубогының екі мәрте иегері.
Әкесі Нығмет Сауранбаев - қазақ филология саласы бойынша тұңғыш ғылым докторы, академик, кезінде орысша-қазақша сөздікті құрастырып, жарыққа шығарған білікті маман. Кейіннен Қаз ССР Ұлттық ғылыми академиясының вице-президенті болды. Анасы Мария Иосифовна - шет тілдер институтының түлегі. 1963 жылы Одақтың жастар құрамасы қатарына қабылданды. Келесі жылы ерлер командасына шақырылды. КСРО құрамасы сапында көптеген жарыстарда олжаға кенелді. 1965 жылы Түркияда Еуропа чемпионы атанды. 1966 жылы Польшада әлем кубогын иеленді. Финляндия мен Мажарстанда өткен Дүниежүзілік универсиадада топ жарды. Жанбек бес жыл бойы КСРО құрамасының дәнекері (связующий) болды. Және де аталмыш мемлекеттің бас командасына қабылданған Қазақстанның тұңғыш волейболшысы. КСРО-ның ұлтаралық саясаты салдарынан Сауранбаев 1964 және 1968 жылдардағы Олимпиядаға жіберілмеді. 1968 жылы КСРО құрамасынан кеткеннен кейін барлық күш-жігерін «Буревестниктің» өсіп-өрлеуі үшін жұмсады. Сол маусымды Сауранбаев командасы екінші орынмен қорытынды. Ал 1969 жылы Одақ чемпионы атанып, одан кейін қатарынан екі рет Еуропа чемпионы кубогын олжалады. 1988 жылдан бастап, осы күнге дейін Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі. [11]

4-ші сурет. Октябрь Қыдырбайұлы ұшатын доп атасы.
Қазақстан волейболының атасы Октябрь Жарлығапов туралы бір үзік сыр
«Тартыспен түскен бейнетпен келген жақсылық қана шын мәнінде қымбат табыс» М.Әуезов
Қазақстандағы волейболдың қалыптасу ошағы неден басталғаны туралы сөз еткенде осы бір теңдесіз текті спорт өнерін елімізде негізін қалаған, аты әйгілі волейбол шебері, сонау Алматынының «Буревестник» командасын адам айтса нанғысыз деңгейге көтерген дарынды жаттықтырушы, волейболдан еліміздегі тұңғыш КСРО спорт шебері, 1960 жылы КСРО-ның ең үздік 24 спортшысының қатарына енген дара тұлға Октябрь Жарлығаповты міндетті түрде еске аламыз. Еске ала отырып, дарынды жанның салып кеткен сара жолы мен тактикалық ойын моделін бүгінгі күні кәсіби деңгейде өнер көрсетіп жүрген жастарымызға сабақ ретінде үйретіп жатса артық болмас па еді деген ойдың қамауында қаламыз. Қазақ спорт тарихында әрбір спортты жекелей алып қарасақ, саңлақ ағаларымыздың салып кеткен сара жолдарын көреміз. Мысалы, жеңіл атлетикада – Ғұсман Қосанов пен Әмин Тұяқов, күресте – Қабден Байдосов, Әбілсейіт Айқанов, Амангелді Гапсаттаров, Аманжол Бұғыбаев, Асқантай Иманқұлов, бокста – Шоқыр Бөлтекұлы, Әбдісалан Нұрмаханов пен Серік Қонақбаевтар, гөгалдағы хоккейде – Қазбек Байболов, футболда – Тимур Сегізбаев, Құралбек Ордабаев пен Сейілдә Байшақов, суға жүзуде – Бақи Елғондиев, баскетболда – Әлжан Жармұхамедов, волейболда – Октябрь Жарлығапов, Заңғар Жәркешев пен Жәнібек Сауранбаевтардың есімдеріне айырықша тоқталып, мақтанышпен айтамыз. Әрбір спортты жан тәнімен жақсы көріп, барыңды бере білсең, қайтарыма да игілікті болары сөзсіз. Аттары аталған ардагерлеріміз өздері өмірінің мәні деп таңдап алған спорттарына бар ғұмырларын арнап, жемісін көре білген айшықты тұлғалар. Сондықтанда жас буынға алдыңғы толқын ағаларының айбынды жолдарынан үлгі алса деп тілейміз.. Бүгінгі әңгіме өзегін волейболдан Қазақстан спорт тарихында аты алтын әріппен жазылып қалған, Алматынының «Буревестник» командасын жаттықтыра отырып, адам айтқысыз жетістікке жеткізе білген, ұлы жаттықтырушы Октябрь Жарлығапов туралы болмақ.Октябрь Қыдырбайұлы жасақтаған Алматының «Буревестник» командасы өзі дүниеден озған 1969 жылы КСРО біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алса, содан кейін екі дүркін Еуропа чемпиондар кубогының иегері атанды. Дарынды спортшы, білікті бапкер Октябрь Жарлығапов волейболдан елімізде тұңғыш рет КСРО спорт шебері атанған спортшы. Сонымен қатар, 1960 жылы КСРО-ның ең үздік 24 спортшысының қатарына енген дара тұлға болды. Сол бір 1960 – 1970 жылдары Қазақстан спорты үшін алтын ғасырдың өрлеген кезеңі еді. Айталық, қазақстандық былғары қолғап шеберлері әлем, Олимпиада тұғырына көтеріліп жатса, футболдан Алматының «Қайраты», допты хоккей мен көгалдағы хоккейден «Динамо» командалары Кеңес Одағына аттары дүркіріп тұрған шақ болатын. Ал, ойын түрлері бойынша халықаралық ареналарда ең үлкен табысқа жеткен «Буревестник» командасын бөле-жара айтар едік. Еліміздің атын әлемге танытқан аса дарын иесін айтпас бұрын жалпы волейбол спортының тарихын парақтай кеткен орынды деп ойлаймын. Бұл ойынды ағылшындар Қол добы деп ойлап шығарғанда осыншалықты әлемге таралып кететін спорт түрі болатынын ойлаған жоқ шығар. Бүгінгі таңда волейболдан Олимпиада, Еуропа, Азия чемпионаттары, халықаралық жарыстармен қатар әр елде ішкі чемпионаттар дәстүрлі түрді өткізіліп келеді. Бұл спорт түрін жас та кәрі де ойнайтын болғандықтан әлемге кең таралған спорт түрі екеніне дау тумас. Қазақстанда волейбол сонау ХХ ғасырдың 60-70 жылдары асқан қарқынмен дамып, қол добы ойынының алтын кезеңнің бірі болғанын тарихтан білеміз. Сонау 1929 жылы Қазақстанда тұңғыш рет Алматы мен Фрунзе (Қырғыз КСР) қалаларының командалары арасында волейболдан кездесу өтті. Сол жылы Алматы зооветеринарлық институты құрылады. Оған дәл сол жылы аты әйгілі волейбол тарланы, Қазақстандағы кәсіби волейболдың негізін қалаушы Октябрь Жарлығапов оқуға түседі. Октябрь Жарлығаповты сөз еткенде Қазақстан волейболының қалыптасу кезеңі мен «Буревестник» командасының тарихи жеңістерін еріксіз еске аламыз. Октябрь Жарлығаповтың талантты ойыншы ғана емес, бапкерлік білікті қырларын да көре білген ресейлік мамандар, Одақтың жастар құрамасының бас бапкері болыңыз, деп шақырғанда;
-Рахмет көңілдеріңізге, мен өз елімде, өз бауырларымның қасында боламын. Бар қабілетім мен күш-жігерімді қазақтың намысы үшін жұмсауым керек, – деп жауап беріп, Алматыда қалады. міне, әйгілі спортшының туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін түйіндеп айтқан екі ауыз сөзінен көреміз. Октябрь Жарлығаповтың тәрбиелеген төл шәкірті, қазақтың тағы бір арда туған асыл ұлдарының бірі Жәнібек Сауранбаев 1965 жылы КСРО құрамасының сапында Әлем кубогының иегері атанса, 1966 жылы Әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алады. Сонымен қатар, талантты жан 1967 жылы Еуропа чемпионы болып танылады. Жәнібек Сауранбаев әлемнің ақиық волейболшыларымен иық тірестіріп, Кеңес Одағы құрамасының ең үздік ойыншыларының қатарынан орын алған қазақ жігіті. Дегенменде сол кездегі Кеңес өкіметінің солақай саясатының салдары дарабоз спорт саңлағын айналып өтпей кетпеді. Жәнібек Сауранбаев Кеңес Одағы құрамасының сапында сурылып алды тұрса да, қазақ болғаны үшін Олимпиада ойындарынан шовинист басшылардың әділетсіз шешімдерімен шеттетіліп отырады. Ал, Октябрьдей тұлғалы адамның тағы бір шәкірттері Заңғар Жәркешев пен Марат Мәденов «Буревестник» командасын КСРО халықтары спартакидасының қола жүлдесіне жеткізіп, 1968 жылы Одақ чемпионатының күміс медаліне ие болады. Осылайша, Октябрь негізін қалаған қазақ командасы 1969 жылы КСРО чемпионатында топжарып, тұңғыш рет алтын тұғырға көтеріледі. Команда құрамының басым бөлігін қазақтандырып қана қоймай, осындай ауыз толтырып айтарлықтай тарихи биікке жеткізе білген Октябрь Қадырбайұлының басты арманы да осы еді. Октябрь 1969 жылы бар –жоғы 37 жасында қайтыс болады. Атақты жанды жерлеуге келген халықтың арасында төл шәкірттері де қайғырып тұрған еді. Сонда шәкірттерінің арасында Жәнібек Сауранбаев қазалы жиында тұрып, «Октябрь Қыдырбайұлының арманы «Буревестник» командасын КСРО чемпоны атағына жеткізу болатын. Біз енді ұстазымыздың сол арманын орындауға тиіспіз», – деп уәде береді. Дегендей-ақ, сол 1969 жылы «Буревестник» командасы КСРО чемпионы атанады. Сонымен қоймай, Еуропа чемпиондарының кубогын екі мәрте жеңіп алады. Міне, осылай дарынды спортшылардың әйгілі бапкерінің әруағын риза етіп қана қоймай, Қазақстан волейболының деңгейін жер-жүзіне атойлатып паш етеді. Еліміздің волейболдағы жарқын жетістігін сөз еткенде Октярбьдей тұлғалы жанның жаттықтырушылық мектебінен шыққандардың бірі Вячеслав Шапранға тоқтала кетуге болады. Кезінде аты аңызға айналған жұлдызды «Буревестник» командасының белді ойыншысы атанған Вячеслав Шапран, КСРО бойынша халықаралық спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт қайраткері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, КСРО чемпионы, екі дүркін Еуропал кубогының иегері атанып, бірталай талантты тәрбиелеген білікті бапкер. Октябрьдің тағы бір талантты шәкірті Нелли Щербакова АДК командасын КСРО чемпионы атағына жеткізсе, Махмұтов пен Щербакованың шәкірттері АДК ойыншылары Елена Чебукина мен Ольга Кривошеевалар 1988 жылы КСРО құрамында Сеул Олимпиадасының чемпионы атанған. Бірнешн жылдар бойы КСРО бойынша жоғары деңгейде өнер көрсеткен, Қазақстанда волейбол спортының негізін қалаған Октябрь Жарылғапов пен Жәнібек Сауранбаев сол бір жылдары ең үздік жаттықтырушылар болып ел спортының тарихында алтын әріптермен есімдері жазылып қалды. Сонымен қатар, Қазақстандағы волейбол тарихын парақтай отырып, 1965 – 1966 жылдары Октябрь Жарылғаповтың төл шәкірттері Валерий Кравченко мен Олег Антроповтар КСРО құрамында әлем чемпионатында күміс медальдің иегері атанса, 1967 жылы Еуропа чемпионы атағына ие болғанын көреміз. Сонымен бірге, Жәнібек Сауранбаев, Николай Рогозин, Геннадий Гончаров, Александр Портной секілді талантты шәкірттерінің де жеткен жетістіктері өз алдына бір төбе. Айталық, 1970 – 1971 жылдары Алматының «Буревестнигі» екі рет қатарынан Еуропа чемпионатының кубогын жеңіп алады. Біз Октябрь Жарлығаповтың жемісті жолы мен жұлдызды шәкірттерінің есімдерін айта отырып, сол жылдары қазақ волейболының КСРО аймағында көшбасшы болғынына көз жеткіземіз. Алла тағаланың бұйрығымен Октябрь Қадырбайұлы бар жоғы 17 – 18 жылдың айналасында қазақ волейболын адам айтса сенгісіз шырқау биікке шығарған. Ұшпа доптың ұшқыры Октябрьдей қазақтың бағына туған жанның қазақ волейболының дамуына қосқан үлесі шексіз болды. Ол кісі бапкер болып жүргенде тіпті ел аралап, сұңғақ бойлы талантты жастарды командасына тартқан екен. Сонымен қатар, жаттығу тактикасына көп жаңалық енгізген жанның бірі болған. Шәкірттеріне деген көзқарасы да ерекше болыпты. Жағдайы төмен шәкірттерінің отбасылық жағдайына барынша қарайласып, қолынан келгенше көмек жасап тұрған екен. «Топырағына түспеген дән өнбейді», дейді бабамыз. Ал, Октябрь Қадырбайұлы болса, волейбол спортында қазақтың болашағы үшін сепкен дәнін топырағына жеткізе білген дара тұлға десек болғандай. Дана Абай: «Өткірдің жүзі кестенің бізі, өрнеген сендей сала алмас», деген болса, Октьябрь атамыздың ойын алаңындағы көрсеткен талантты өнері мен бапкерлік қабілетін ұлы Абай теңеген теңеулерге түгелдей сай келетінін айтса артық болмас. Тума таланттың бойында тұнып тұрған дарын, сын сағаттарында арнасынан асып аққан тау суындай тасып ағатындай еді. Дарабоз спортшының кезінде ойын алаңына арыстандай атылып шығып, жолбарыстай әбжіл қимылға салып, түлкі бұлаңмен көрсеткен аламан өнеріне таңдай қағып тамсанбаған жан болмапты. Сол бір дүбірлі кездесулерді көзімен көрген көнекөз қариялар күні бүгінге дейін сағынышпен сол кездерді еске алады. Ол кісінің ықпалымен іргесін қалап кеткен волейбол мектебінен қаншама шәкірттердің қанаттары қатайып, олардан өз алдына таланттар тобын тәрбиелеп шығарып отырды. Ұрпақтар жалғасы деген осы болар. Қазақ жерінде 1955 – 1972 жылдардағыдай волейбол ойыны секілді бірде-бір спорт түрі бұқаралық сипат алып, биік деңгейге көтерілмеген екен. Тіпті, елге танымал қоғам, өнер, мәдениет, әдебиет салаларының марқасқалары да осы спорт түрімен айналысып, осы күнге дейін волейболды салауатты өмір салтына айналдырып келеді. Олардың арасында әйгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменов, Нұртай Әбіқаев пен Амангелді Шабдарбаев секілді ел ағаларының қатары қалың. Аттары аталған ағаларымыздың бозбала шақтарында Октябрь Жарлығаповтың ықпалымен волейбол ойнағанын біреу білсе, біреу білмес. Сол елімізге белгілі үш азамат әйгілі волейбол маманы Жарылғаповтың төл шәкірттері болып саналады. Әле
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Волейболдың бұлшықет әсері

шағым қалдыра аласыз