Материалдар / "Волоколамск тас жолы" кітабына талдау эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Волоколамск тас жолы" кітабына талдау эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Б.Момышұлының айту желісімен А.Бек жазған "Волоколамск тас жолы" атты кітапты талдау барысында жазылған эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2023
468
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А.Бек «Волоколамск тас жолы»

«Мен бұл кітапты оқуға кеңес беремін, өйткені...»



Әдебиет сүйер оқырманның барлығы оқуы тиіс бір кітап: орыстың атақты жазушысы Александр Бектің қазақ батыры Бауыржан Момышұлының ерлігі мен қаһармандығы жайында жазылған «Волоколамск тас жолы» атты повесі. Қазіргі таңда «Арпалыс» деген атпен де белгілі.

Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды. Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы мен эссеме арқау еткелі отырған орыс жазушысы Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды. Бұл шығармаға қызығатын оқырман үшін басқа тілдерде ғана емес, қазақ тіліне де аударылып шығарылған нұсқасы бар. Төрт повестен тұратын шығарма жеңіл оқылады. Алғашқы повест – он, екінші повест – он төрт, үшінші повест – он жеті, соңғы – төртінші повест он екі бөлімге жіктелген. Бұл шығарманы Бауыржан атамыздың соғыс күнделігі деп атауға да келетіндей. Панфиловшылардың ерлігін баяндаған туынды ерлігі аңызға айналған атамыздың жүрген жолы, алған демімен өрбиді.

Бауыржан Момышұлының ерлігі хақында жазған қаламгерлер, жазылған шығармалар өте көп. Менің соғыс жайында, Бауыржан атамыз туралы оқыған алғашқы кітабым жайында кішігірім талдау жазғым келді. Бұл кітапты оқуға шабыттандырған аты аңызға айналған, ержүрек батыр Бауыржан атамыз. Кітап бастан-аяқ дерлік атамыздың өз атынан баяндалады да, автор өзін шығарманың басында хатшымын деп таныстырады. Иә, Бауыржан атамыздай өр мінезді адамның әңгімесін тыңдап, дидарласқан жан өзінше ой қорытындылап, көкейге түйген пайымын қағазға түсіруге асыққаны анық. Өз заманының ту ұстаушысы болған ағамыздың өмір жолы арқылы тұтас бір дәуірдің тамыр соғысын тап басып тануға болады. Әрине, ол үшін оның өмірін жете зерттей түсу керек. Біз Бауыржан Момышұлының тұлғалық болмысын танып-білу үшін эссемізге арқау еткелі отырған Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» повесі болмақ. Майдан кезінде соғыс туралы шындықтың барлығын Бауыржан атамыздың өз аузынан естігендерін жазушы боямасыз, бүкпесіз жаза алып, барлығын кітапқа түсірген. Бұл өз ісін жетік білетін шебердің батыл қолымен, алдындағы қиын міндеттен тайсалмайтын, дарынды, шыншыл суреткердің қолымен жазылған нағыз соғыс болатын. «Волоколамск тас жолы» соғыс жайындағы менің сүйікті кітаптарымның біріне айналды.

«Волоколамск тас жолы» кітабы көркем қиялдан жасалатын үйреншікті әдеби туынды емес, панфиловшылардың аты-жөндері толық сақталып, олар қатысқан ұрыстар сол қалпында суреттелетін әскери-документті шығарма болатындықтан, кітап үшін тек Александр Бек қана жауап беріп қоймайды, сонымен бірге кітаптың шындығы үшін панфиловшылардың аруағы алдында,тарих алдында және замандастар алдында Бауыржан Момышұлы қоса жауап береді. Сондықтан Бауыржан Момышұлы Александр Бектен шығарманың көркем шындығы өмірде болған оқиғамен барынша дәлме-дәл келуін, үлкен шындықтың жиынтықтау елегінен өткізіп, қорытылуын талап етуге міндетті.. Онда да мұндай ауытқудың салдары соғыс өмірі шындығының қан төгіп, жан қиып жинаған қасиетті документіне көлеңке түсірмейтін болса ғана солай етіледі.

Осы кітап жөнінде бір журналист Бауыржан Момышұлы атамыздан сұраған екен. Сонда Бауыржан атамыз:

«Қандай арпалыс болып жатса да, күнделік жүргізу керек, деп өзіме қатал бұйрық бердім. Ұрыс тынышталған әредікте, көбінде түнде жазатынмын. Бұл күнделіктерде әр күн сайын батальонның басынан кешкендерін қысқаша тіркейтінмін. Сөз байлығы жетпегенде, майдан шептерін картаға сызып, бейнелейтінмін. Оның мүмкіндігі біткенде, кәдімгідей сурет салатын едім. Мен жазғанда, жолдастарым ұйықтап жататын. Жазып болған кезде мен оларды оятатын едім де, өзім ұйқыға кететінмін. Сөйтіп, қалың дәптердің екеуін толтырдық, онда батальонымыздың 35 рет ұрыс жүргізуі бейнеленді.» - деп айтқан болатын. Нақ сол жазбалар, күнделіктер, қағаз бетіне түсірілген ой толғауы «Волоколамск тас жолы» повесіне арқау болған.

Шығарманың ең басты құндылығы – отаншылдық сезім. Адам бойындағы жай күндерде біліне бермейтін, төтеннен келген тажалда айқын көрініс табатын қасиет. Бұл қасиетті Бауыржан Момышұлы шығарма басында қорқыныш сезімі арқылы түсіндіреді. Қорқыныш барлық адамда кездеседі. Ерлік жасауың үшін, әуелі бойыңдағы үрейді жеңуің керек. Кейіпкер ешкім де тумысынан ержүрек боп тумайтынын меңзейді. Шығарманың тағы да бір айта кетерлік ерекшелігі, халқымыздың аты аңызға айналған ержүрек батыр ұлы Бауыржан Момышұлының атынан айтылып, дәлме-дәл кітапқа түсірілгендігі. Еш өзгеріссіз соғыс оқиғаларының бейнеленуі. Бұл автордың да шеберлігі деп түсінеміз. Кітаптың тілі тым ауыр болмағандықтан, бір деммен қызыға оқып шығуға болады. Қазақтың әрбір азаматы, елін сүйетін әрбір баласы оқып шығуы керек деген ойдамын.

Мен бұл кітапты оқуға кеңес беремін, өйткені бұл кітап талай жауынгерге күш-жігер беріп, қасиетті Жеңісті жақындата түскен құнды дүние. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлының тікелей араласуымен жазылған туынды жастардың бойындағы рухын оятып, отаншылдыққа тәрбиелейтін тамаша құрал десек болады. Тәрбиелік мәні өте зор шығарма: отан қорғап, елін, жерін сүюге арналған. Содай кейін ер азаматтың мінезін қалыптастыруда, оның еліне, жеріне деген, еліне ие болатын, халқына қорған болатын азаматты тәрбиелеуде рөлі өте зор. Осы эссемді бір шумақ өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр:

Қазақтың сүт бетіндей қаймағы бар,

Өзіндік парасатты байламы бар

Баукеңнің ерліктері өз алдына

Елге айтқан әр сөзінің айғағы бар

Батыр, батыл, кемеңгер, кемел бабам,

Болмайды ешқашан да төмен бағаң

Талай жыл, талай ғасыр өтсе – дағы

Ерлігіңді ұмытпас келер қоғам.

Баукеңнің даңқы, рухы өзіне керек емес, ол бізге, ұлтымызға, келер ұрпағымызға керек. Баукеңнің даңқымен, рухымен, дана өсиет сөздерімен тәрбиеленген ұрпақ осал ұрпақ болмайтыны айдан анық. Қорыта айтқанда, Бауыржан атамыздай алыбымызды ардақтай білейік, ұлтымызға ұран болған ұлы тұлғамызды ұлықтай білейік. Тек қана қара дүрсін сөзбен емес, Бабыр бабамыздың атын дәріптейтін игі істермен, тиянақты тірліктермен дәлелдеуге тырысайық.Сұм соғысты біздің ұрпақ ешқашан көрмесін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!