Вулкан. Жанартау. Эксперименттік ұйымдастырылған іс-әрекет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Вулкан. Жанартау. Эксперименттік ұйымдастырылған іс-әрекет

Материал туралы қысқаша түсінік
Вулкан. Жанартау. Эксперименттік ұйымдастырылған іс-әрекет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эксперименттік ұйымдастырылған іс-әрекет

Мақсаты:

Жанартаудың не екенін түсіндіру. Балаларға ақпарат беру. Оның қалай пайда болғанын және қалай атқылайтыны туралы мағлұмат беру. Олардың адам өміріне, табиғатқа әкелер зияны көп екенін айту.

Таулармен байланысты табиғаттың ең қорқынышты және таң қалдыратын құбылыстарының бірін қарастырайық. Жер бетінде жанартауды көрген адамдар аз. Өмірінде кем дегенде бір рет жанартаудың атқылауын өз көзімен көргендер бұл ерекше көріністі ұмытпайтыны сөзсіз. Жанартаулар отпен тыныс алатын таулар деп бекер айтылмаған. Ол адам өміріне қауіпті. Ол саңылаудан жоғары көтеріліп бетіне төгіледі. Жер бетіне төгілген магма жанартау лавасы деп аталады. Атқылау кезде газдар, су буы бетіне шығарылады, кейде үлкен тас блоктар, жанартау шаңы, күл бұлттары ұшып кетеді. Жел, шаң мен күлді үлкен қашықтыққа апарып, көк аспанды жауып тастайды. Қалың және түткір лава тез салқындап тік беткейлері бар тауды құрайды. Сұйық лава тезірек таралады, баяу салқындайды және ұзақ қашықтықты жүріп өтуге уақыт алады.

Жанартаудың атқылауы жер асты дауылымен, өрттерімен бірге жүреді. Қалың және тұтқыр лава тез салқындап тік беткейлері бар тауды құрайды.

  • Неге деп сұрайсыз? Жанартаудың ғылыми баламасы – вулкан. Бұл ерекше атаулардың ежелгі римдік қорқынышты және қауіпті вулкан атты құдайынан шыққан. Жанартау дегеніміз бұл – тау, оның жоғарғы бөлігінде жанартау кратері деп аталатын ойпат бар. Таудың қалыңдығында канал бар, оны саңылау деп атайды. Ол арнайы жерасты үңгіріне – магманың ошағына апарады. Магма балқытылған өте ыстық зат. Ол жер тереңдігінде қайдан пайда болады?

Ғалымдар миллиондаған жылдар бұрын жер балқытылған өте ыстық от шары болған деп санайды. Бірте-бірте оның беті салқындады бірақ тереңдікте ыстық сұйық ядро сақталады. Жанартаудың атқылауы магма көп жиналғанда басталады. Сұйық лава тезірек таралады да, баяу салқындайды және ұзақ қашықтықты жүріп өтуге уақыт алады. Үнемі атқылайтын жанартаулар белсенді деп аталады. Егер жанартаудың әрекеті тоқтаса оны сөнген деп атайды.

Қазір құрлықта бірнеше жүздеген белсенді жанартаулар бар. Жыл сайын 20-30 атқылау болады. Жанартаудың атқылауы, жер сілкінісі, тайфундар мен торнадо сияқты табиғат құбылыстары бізге адамдарға табиғаттың жаулап алушысы және жер планетасының қарапайым тұрғыны екенін анық көрсетеді. Кейде жанартаулар жүздеген жылдар бойы қатып қалады, ол адамдар оның бір кездері лава тастары, көн, түтін шашқанын ұмытып, таудың баурайын өз ауылдарын салады.

Мұхит түбінде жанартаулар да бар. Оларды суасты жанартаулар деп атайды. Онда суастындағы атқылау пайда болады, соның салдарынан алып толқындар пайда болады. Олар мұхит жағасында орналасқан қалаларды, ауылдарды шайып кетеді.

Ең қуатты жанартаулар Италия, Индонезияда, Батыс Индияда, Колумбияда, Невада-дель-руиста орналасқан.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2025
152
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі