Тақырып бойынша 11 материал табылды

Web-программалау. Web-сайт туралы түсінік.

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

4.Веб-жобалау

Педагогтың аты-жөні

Рахманова Дилбар

Күні

12.01.2023

Сынып 10

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Web-программалау. Web-сайт туралы түсінік.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


10.4.2.1 web (веб)-парақшаларды әзірлеуде HTML (аш ти эм эл)-тегтерін қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Веб парақшаларды әзірлеу туралы ұғымын анықтайды

Көптеген оқушылар:

Паракшалар әзірлеу және оның шақырылуына арналған кодты жазуды қолданады

Кейбір оқушылар:

web (веб)-парақшаларды әзірлеуде HTML (аш ти эм эл)-тегтерін қолданады

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың сабаққа назарын аудару.

«Ынтымақтастық атмосферасын» құрып, «Санамақ» әдісімен екі топқа біріктіру.

«Сharadess» смарт әдісін пайдаланып үй тапсырмасын сұрау


Жаңа сабақтың мазмұны:

Жаңа тақырып пен мақсатын таныстыру. Жаңа тақырыпты меңгеру үшін слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру.


Адам әртүрлі салаларда өз әркетінде Ғаламтор желісінің мүмкіндіктерін қолданады. Осы технологияның дамуымен үйден шықпай іздеу, жүктеу, ақпаратты тапсыру, онлайн сатып алуға, бір-бірімен араласу мүмкіндіктері пайда болды.

Ғаламторда ұсынылған ақпарат веб-сайттарында (ағыл. Website) орналасқан. Веб-сайт – бұл бір домен аты бар (сайттың аты) веб-парақтарының өзара байланыстың жиынтығы. Веб-парақ (ағыл. webpage) – бұл веб-браузер көмегімен кіре алатын дүниежүзілік ғаламтордағы ақпараттық ресурс немесе құжат.

HTML – парақтары - «.html» файл кеңейтімімен сақталған мәтіндік файлдар, Сыртқы файлдарды жалғауға жауап беруші <link> тегі бар.


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. 4.Мұғалімді тыңдайды



жарайсың, керемет, ақылдым, қолыңнан келді, көбірек оқы










Оқулық, жұмыс дәптер.

. Кесте, слайд.




1-сурет. Веб парақшалар

Веб-парақ URL (Uniformed Resource Locator) бірегей мекен-жайы арқылы анықталады және оған мәтін, суреттер, анимация, стильдер кестесі, аудио, видео және т.б. қосады.

URL мекен-жайы әдетте үш бөлімнен тұрады:

хаттама - мәліметтерді беру ережелерінің жиынтығы. HTTP хаттамасын пайдаланатын URL-мекен-жайы, ол хаттама http:// немесе қорғалған https:// ретінде көрсетуден басталады.

домен - сайт атауы. Мысалы www.example.com

жол - доменде көрсетілген файлға жол. Мысалы, //folder/index.html

URL-мекен-жайының динамикалық және статикалық екі түрі бар. Статикалық URL-мекен-жайы ешқашан өзгермейді. Әдетте «.htm» немесе «.html» кеңейтілімімен аяқталады

Мысалы: http://www.example.com/contact.html.

Динамикалық URL-мекен-жайы – динамикалық веб-парақтың мекен-жайы, деректер базасында деректерді сақтау кезінде және пайдаланушының сұраныстарымен қолданылады. Әдетте динамикалық URL мекен-жайларында «.php», «.js» және осыған ұқсас файлдардың кеңейтімдері бар, және де =, &, т.б. таңбалардан тұрады?

Тег - бұл веб-парақты жасыратын кілт сөз. Тегтер веб-браузер деректерді қалай форматтау және көрсету керектігін анықтайды. Атрибут веб-бет элементінің суреттің ені немесе биіктігі сияқты қасиеттерін анықтайды








1-тапсырманы орындайды



Сабақтың соңы

Қорытынды «Ойлан» сұрақтары.

  1. Web программалау дегеніміз не?

  2. HTML тілінің атқаратын қызметі қандай?

Мектеп онлайн тапсырмасын орындау.

Кері байланыс:



Үйге тапсырма: 4.1 оқу.

Өзін-өзі бағалау.

Сұрақтарға жауап береді.

Мектеп онлайн тапсырмасында кездескен түсініксіз сұрақтар бойынша кері байланыс жасап отырады.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2025
301
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11