Welcome to paty таныстық кеші сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Welcome to paty таныстық кеші сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Универ, мектеп, колледж оқушыларына арналған таныстық кешіне сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Welcome to Party» 10-11 сынып оқушылары кешінің сценарийі

Мақсаты: Сыныптар арасындағы достықты нығайту, көңіл көтеру, есте қаларлық сәттер қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Заманауи музыкалар, караоке, фото зона, смарт тақта, видеороликтер, сыйлықтар, көңілді атмосфера т.б.

1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, достар және бүгінгі кештің басты кейіпкерлері – 10-11 сынып жастары! Бүгін біз мектеп өмірінің алғашқы жұлдызды сәттерін бірге өткізіп, жаңа белестерге қадам басамыз.

2- жүргізуші: Welcome to party! Бүгінгі кеш-біздің жұлдыздай жарқыраған достығымыздың, күлкіміздің, естеліктеріміздің кеші!

1-жүргізуші:Бұл кеш-тек би мен ән ғана емес, естен кетпес эмоция мен жылулық кеші! Ендеше, достар, бірге күліп, бірге көңіл көтерейік!

2-жүргізуші: Достар, бүгінгі көңіл-күйіміз қандай? Естілмейді?

  • Кешімізді 11 «Ә» сынып оқушыларының дайындап келген биімен ашсақ, қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Қош келдік, өнер сүйер қауымдарым,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Ән-шашу, әсем-әуен, түрлі өнер.

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ортада 10 «Ә» сынып оқушысы Жылқыбай Шакираның орындауында «Папури» әндері.Қошеметпен қарсы аламыз!

2-жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі,

Сіздер үшін осы кеш ашылады,

Сіздер үшін өнерпаздар жыр шашады.

Ендеше, достар, бірге күліп, бірге көңіл-көтерейік. Ортада 11 «Б» сынып оқушыларының «Лапылда» атты биін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:Уақыт шіркін зымырайды шақтары,

Алдымызда ақ үмітпен атқалы.

Жастық жігер, білімі бар,сөзге бай,

Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай.

-Құрметті, оқушылар! Сіздер-болашақтың жарқын жұлдыздары. Армандарыңыз биік, жүректеріңіз таза болсын! Сіздер- «Дарын» мектебінің алғашқы түлектерісіздер! Бір-біріңізге тірек, достықтарыңызға адал болыңыздар-нағыз мектеп өмірі осылай басталады.

Олай болса, ортаға Мұратқызы Айбаршаның орындауында «Ерке сылқым» күйі. Қошеметпен, қарсы алайық!

2-жүргізуші: Мерген Амангелдіұлы, қараңызшы, біздің мектептің оқушылары шеттерінен өте дарынды, талантты екен. Және де шығармашыл, ізденімпаз, пысық екен. Олай деуімнің себебі, 11 «Ә» сынып оқушылары мектебіміз туралы шағын видеоролик түсіріпті. Сол видеороликті назарларыңызға ұсынамыз!

Смарт тақтадан видеоролик көрсетіледі.

1-жүргізуші:Көз алдымда балалық кез жүгірген,

Кітап арқалап, асыр салып күлімдеген.

Мектеп бізді өсірген бір шаңырақ,

Арман қуған жандар едік бүгінде.

2-жүргізуші:Басталды сайыс, көңіл көтер,

Жеңіс пен достық – бірге жетер.

Ойлан, тап, жылдам бол сен,

Көңілмен ойна, қуан бәрімен.

Ендігі кезекте, «DANCE BATTLE» би байқауы. (Ортаға екі-екі жұптан шығып, әр ұлттың биімен жарысады. Жеңімпаз болған оқушыларға сыйлықтар таратып, кеш соңында марапаттау).

1-жүргізуші:Сандар сырын ұғам десең ерінбе,

Қиындығы-жол ашатын тереңге.

Есеп емес-логика мен еңбек бұл,

Болашаққа бастар білім-кең өрге!

Келесі ойынымыз, «Кім жылдам?» деп аталады.



2-жүргізуші: Ән-жүректің тербелісі, сыр менен,

Саз арқылы сөйлейміз біз күллі әлеммен.

Жан дүниеңді жарық қылар әр әуен,

Әншілік – бұл өнер емес, бір әлем.

Ортада 11 «Б» сынып оқушылары мен кураторы Мерген Амангелдіұлының орындауында «Армандастар» әні. Қабыл алыңыздар! Қошеметтеп отырсаңыздар, достар!

1-жүргізуші:Сахнада жүрекпенен биледің.

Көңілдегі қуанышты тіледің.

Жеңіс те емес,бастысы-бірлік,

Биге деген махаббат бұл-тірлік!

2-жүргізуші: Болсақта бұрын сон алыс,

Болайық жақыннан таныс.

Әуенге ырғалып бірге,

Ортада билейік вальс.

Хор қызы секілді бейне,

Отырсын көңілді күйде.

Қолымды ұсынып саған,

Келіңіз шақырам биге.

Ортаға 11 «Ә» сынып қыздары мен 11 «А» сынып ұлдарын құрметпен шақырамыз. Қабыл алыңыздар, «вальс» биі.

Марапаттау сәті.

1-жүргізуші:Көп ішінде тапсаң бір дос шынайы,

Сол адаммен толады өмір маяғы,

Тіршілікте бірге жүрген қадамдар,

Сақталады жүректе ұзақ баяғы.

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар,достар! Бүгінгі кеш – жүрекке жылы, көңілге қуаныш сыйлаған тамаша сәтке айналды. Күлкі мен шаттық, ән мен би, естелік пен сағыныш – бәрі де осы кештің шынайы көрінісі болды. Осындай керемет көңіл күйді сыйлаған барлық қатысушыларға алғысымыз шексіз! Келе жатқан күндеріңіз тек шаттыққа, табысқа, биік армандарға толы болсын.

1-жүргізуші:- «Welcome to party» кешін 11 «А» сынып оқушыларының уклеле аспабының сүйеумелдеуімен Дархан Жаздың «Үйде» атты әсем әнімен бағдарламалық кешті аяқтаймыз.Ары қарай еркін форматта караоке айтам деушілерге рұқсат. Одан кейін көңілді би кеші болады. (дискотека авария).







































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.00.2025
35
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі